|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

Англияның Жоңғария қазақтарына озық соғыс қаруларын беруге талпынуы

Қашқардағы Англия консулы 97122065_1704839563012957_8505476615629701120_n

Англияның Қашқариядағы консуль қызметі 1881- жылдан кейін бастау алады. Англияның түпкі мақсаты Цин империясының солтүстік-батыс аймағы мен Түркістан (орталық азия) даласына өз ықпалын жүргізу еді. Бірақ, бұл тұста патшалық ресейдің де аймақтағы саяси ықпал күшін ескермеу мүмкін емес еді.

Патшалық ресейдің әу бастағы мақсаты Түркістан аймағын ендей өтіп Үндістан арқылы телегей теңіз жолына шығу еді. Бірақ, Түркістан даласындағы Түркі хандықтары (Қазақ, тб) бұл мақсатты жүз жылдап кешіктіріп жатты. Ресей енді Түркістан даласын қиыр шығыстан айналып өтіп Қашқария арқылы Үндістанға ұласуды көздеді. Бірақ, ол тұста Қашқария мүлде жабық әлем еді.

Дейтұрғанмен де жабық әлемнің түстік қапталынан Англия империясы да келіп үлгірді. Сосын не керек, бұл аймақ Ресен-Англия империясының таластағы зонасына айналды. 19- ғасырдың 70-80 жылдарында Цин үкіметімен жасасқан бірқанша келсім негізінде патшалық ресей де, англия үкіметі де Қашқарияда өз ықпалын жүргізе бастады және консуль ашты.

Қашқарияда Англия консулы құрыла салысымен ағылшын миссионерлері жаппай Қашқарияға ағылды. Олар тұрғылықты наным-сенімдерге енді христиандық жаңа танымды уағыздай бастады. 20- ғасырдың басына келгенде Қашқарияда алып шіркеу тұрғызылды және оның жүз, тіпті мыңдаған діни жамағаты пайда болды. Шағатай жазуымен 100′ге тарта хирстиан қиссалары мен “інжіл” кітабы баспадан шықты. 97978127_1704839639679616_6276199898207485952_n

Қашқарияда Ангияның сауда пункиттері қалыптасты. Англия тауары патшалық ресеймен бәсекеге түсті. Цин үкіметінің аймақтағы мәдени, сауда ықпалы мүлде әлсіреді. 20- ғасырдың басынан бастап (1912-1917) Англия үкіметі енді Тәңір тауын кесіп өтіп қазақтар тұрған аймақтарға келе бастады. Олар алдымен қазақтардың хан-төре тұқымдарына жақындай бастады. Мыңдаған түтін үй мен он мыңдаған халықты билеп тұрған төре тұқымдарымен жасырын диалог жасады. Диалогта “егер сіздер көмір, темір, алтын және мұнай кендерінің Англия үкіметі жағынан қазылып ашылуына толық мүмкіндік берсеңіздер, Англия үкіметі де сіздерге озық соғыс қаруларын беруге әрқашан дайын”, тб дегендей сөздер айтылды.Alash zyalilari TarbagataydaАнглия үкіметі жіберген ғылми экспедиция қызметкерлері мен дін миссионерлері қазақтар тұрған аймақтарды аралап үлгі жинап, жүздеген тарихи суреттерге түсіріп қайтты. Бұл құнды суреттер қазір Еуропа университеттерінің архиві мен миссионерлер архивінде сақтаулы.

Аглияның қазақтар арасындағы қатынастарын байқаған Цин үкіметінің барлау қызметі және Яң Зыңшин үкіметінің сыртқы барлау құпия қызметкерлері өңірдегі ахуалды хаттап орталық барлау бас штабына рапорттап отырған. Орталық штап жолданған рапорт негізінде аймақ әкімі мен шекара қорғаныс гарнизоны арқылы қазақтарды жазалап отырды. Осы оқиғаның бір мысалы ретінде Тарбағатай өңіріндегі Мамырбек төренің ұлы Қызыр Мамырбекұлын айтуға болады. Қызыр (Қызырбек) Үрімжіде әскери оқу бітірген санаулы зиялы азамат еді. Англия үкіметі Қызыр төремен диялог жасап оны Англия үкіметімен ортақ келсім жасауға шырғалады. Бірақ диалог сәтсіз болды. сс(1)(1)(1)

Қызыр Төре Мамырбекұлы Алаш қайраткері Райымжан Мәрсековпен өте тығыз байланыс орнатты. Райымжан Қызыр төренің ауылында ағартушылық жұмыспен айналысты. Қызыр төре кейін 12 бөлмелі заманауи оқу орласының құрлысын салдырды бірақ құрылыс аяқтап оқу жылы енді басталатын кезде 37 жасында тұтқиылдан қайтыс болды. Қызыр төре қайтыс болған жылы өлкеде қым-қуыт жағдайлар орын алды. Жапония үкіметі Осман сұлтанының немересі Әбділкерім Әпенді арқылы қазақтармен байланыс орнатып, жаңа саяси оқиға басталу алдында тұрды. Алтай төресі Шәріпқан Көгедайұлы ұлттық автономия құру үшін Нань Кин үкіметіне байланысқа шығуға тырысты. Zuqa batir 1866-1929  kerey.kz1Кезінде Ыстанбұлда Осман сұлтанының қабылдауында болып елге саяси миссия арқалап қайтқан қазақ игі-жақсылары қастандықпен өлтірілді. Тағысын тағы…96799997_1706090456221201_1287897053816422400_n

Карта

Қашқар; Патшалық Ресей және Жоңғария

1874- жыл

Картада, қазіргі Боратала облысы, Тарбағатай аймағы Жоңғария жағында көрсетілген. Іле өлкесі Патшалық Ресей құрамында көрсетілген. Олай болатыны 1871-1881 жылдар арасында Іле өлкесі он жыл Ресей құрамында қалды.

Бұл тұста Қашқария жағында Жақыпбек (Яқұп Бег) мемлекеті өмір сүрді. Цин империясы Яқұп Бег басшылығындағы Жеті Шаһар мемлекетін жойған соң одан қалған елдің атауын СИНЬЦЗЯН (新疆) деп атады. Мағынасы жаңа шекара, жаңадан игерілген жер, тб деген сөз.

Тарихи деректерге қарайтын болсақ Цин империясының бұл аймақтағы сыртқы саясаты мынадай еді:

Бірінші, Құлжа өлкесінде Іле әскери губерниясын құру арқылы орталық азияға саяси және экономикалық үстемдік жасау; Бірақ, Патшалық Ресейдің орталық азия хандықтары мен Іле өлкесін жаулап алуы Цин империясының бұл сыртқы саяси жоспарын тас-талқан етті және неше он жылға кешеуілдетіп жіберді.

Қашқарияда әскери губерния құру арқылы Ауған, Кашмир, Қорасан және Пакістан аймақтарына саяси және экономикалық ықпалдастық жасау; Бірақ, бұл сыртқы саяси жоспарды Қоқандық фактор тас-талқан етті. Қашқария өлкесі діни қожалар мен Қоқандық таптың ықпалында болды. Кейін Цин үкіметі Яқұп Бег мемлекетін жойып Қашқарияны отарына алған соң бұл аймақтағы сыртқы саясаты түбегейлі өзгерді.

Құлжа мен Қашқар шекараға сүйкеніп тұрған қауіпті аймақ, Цин империясының шекара аймақта үстемдікке шығуы үшін әлі он жылдай уақыт керек, бірақ бұл он жылда Ресей, Англия бұл аймақты толықтай өз отарына алып үлгіреді. Жылдам әрі нақты қарар шығару керек, көп талқыдан соң Ди Хуа деген қаланы таңдады. Ди Хуа дегеніміз қазіргі Үрімжі…

1883-1884 жылдары Дихуа (Үрімжі) қаласы ресми түрде өлкенің саяси орталығы болды. Өлкенің аты сол жылы Синьцзян атанды. Өлкеге (провинцияға) үш үлкен аймақ қарады; олар:

Бұрын Гансу өлкесіне қарап келген Жьнши аймағы (Баркөлден Үрімжіге дейінгі аумақ); Бұл аймақты кейін Үрімжі аймағы, Құмыл аймағы деп өзгертті.

Ақсу аймағы;

Қашқар аймағы;

Сосын қосымша Іле аймағы; Бірақ Іле аймағы бұрын әскери губернияға қарасты болғандықтан Дихуа қаласына қарағысы келмеді, бұрынғыша Іле шекара әскери губерниясы болып сақталып тұра берді. Осыдан кейін Құлжа мен Үрімжінің 30 жылдық айқасы туды.

Жоңғариядағы саяси ахуал

Іле аймағы Шыңжаң (Синьцзян) өлкесі мен өлке орталығы Дихуаға (Үрімжіге) бағынғысы келмеді, 1914- жылға дейін осылай болды, сонымен қатар Тарбағатай аймағы да өлкеге бағынбады, Үрімжінің сөзі Шәуешекке мүлде жүрмеді. Бұл жағдай 1916- жылға дейін сақталды. Шыңжаң өлкесі 1883- жылы құрылған болса да, Іле уалаяты 1914- жылы, Тарбағатай уалаяты 1916- жылы өлке қарастылығына енді. Оған дейін олар Іле әскери губерниясы мен Шәуешек Амбан мекемесі арқылы тіке Бейжің үкіметіне бағынып тұрды. Алтай уалаяты Қобда аймағымен бірігіп тіке Бейжіңнің бақылауында болды. 1920- жылы Алтай зорға дегенде Шыңжаң (Синьцзян) өлкесінің қарастылығына өтті.

Сонымен Жоңғария қазақтары жеке-жеке 1914-1916-1920 жылдары ғана Синьцзян өлкесіне қосылды. Енді бір сұрақ, қазақтардың Синьцзян өлкесі аумағына қарауы қандай саяси, әлеуметтік өзгеріс әкелді?

Жауабы:

Бірінші, Қазақтар бұл өлкеде бұрын саны жағынан да, сапасы жағынан да ең көп, ең белді тұрғылықты халық болып келіп еді, Синьцзян (新疆) өлкесіне қосылған соң сан жағынан өзі тұрған аймақта ғана басым салмақты ұстады, ал жалпы өлке санына шаққанда аз халыққа айналып шыға келді;

Екінші, қазақтар Синьцзян өлкесіне қосылмай тұрғанда әскери губерния арқылы Бейжіңдегі патша билігіне тіке қарайтын. Патша қазақтардың әртүрлі мәселесін жеке өзі басқаратын, қаласа өзіне шақыртып алатын, ал Синьцзян өлкесіне қосылған соң қазақтардың саяси, әлеуметтік мәселесін жергілікті губернатор, шенді шонжарлар қарайтын болды. Олар қаласа шешіп отырды, қаламаса белден басып жоғарыға жалған мәліметтер жолдап отырды;

Үшінші, қазақтар Синьцзян өлкесіне қосылмай жеке губернияға бағынышты болып тұрған кезінде саяси статусы мен шен статусы біршама жоғары еді. Елде хандық түзім жақсы сақталды. Әскери губернияға салық ғана тапсырды, ал губерния қазақтардың саяси, әлеуметтік мәселелерін өздерінің дәстүрлі билік жүйесіне берді. Сол себепті қазақтар бұрынғы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫның хан-төрелерімен болған саяси һәм рухани байланысты үзбеу үшін арнайы ТӨРЕ әкеліп хан сайлады және Бұхара мен Түркістанның діни институтынан қазірет, ишан алдырып тұрды. Бұл таңдауды әскери губерния заңмен мақұлдап Бейжіңге жолдап мақұлдап құптап тұрды. Кейін қазақтар Синьцзян өлкесіне қосылған соң осы саяси һәм рухани дәстүрге балта шабылды. Қазақтарға басқа саяси, әлеуметтік басқару форматын енгізді, соның кесірінен ел арасында дау шықты, талас-тартыс жүрді;

Енді, 20- ғасырдың 30- жылдарына келгенде яғни қазақтардың Синьцзян өлкесіне толықтай қосылғанына 10 жыл уақыт өткен кезде, осы онжылдықтың бүкіл зиянын жіті түсіне білген қазақ зиялылары болды. Неге, көзге көрінетін тіке себебі осы он жылда елдың көбі тоз-топалаң болып жан жаққа көшіп кетті. Қазақ зиялыларының ойында бір ғана жол тұрды, ол “қазақтарды Синьцзян өлкесінен бөліп алып, тіке орталық үкіметке қарасты автономиялы өлке құру”. 1931-1933 және 1937-1939 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің түпкі саяси себебі осы еді. Біз осыны ашық айта алмадық, енді айтатын уақыт келген сияқты.

Сіздерге мынадай тарихи фактіні айта кетейін, 1933-34 жылғы қазақтардың ұлттық автономия құру жолындағы күресін тоқтатқан сыртқы дипломатиялық күш- совет одағы еді. 1939-43 жылғы ұлт-азаттық көтерілсті де бәсеңдетіп Қазақтардың жеке ел құруына тосқауыл болған сыртқы күш- тағы да совет одағы. Қазақтар шекаралық аймақта өз алдына дербес автономиялы респубилика болып кетсе онда Қазақ ССР-дағы қазақтармен бірігіп кетеді, оданша Синьцян өлкесінде тұра бергені дұрыс…

Eldes Orda

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: