|  | 

Жаһан жаңалықтары

Таулы Қарабақта соғыс аяқталды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 10 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Ресей, Арменияның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде үшжақты келісімге келгенін хабарлады. Бұл туралы Пашинян Фейсбук парағына жазды.

“Құрметті отандастар, бауырларым мен әпке-қарындастарым! Өзіме де, бәрімізге де ауыр тиетін шешімге келдім. Ресей және Әзербайжан президенттерімен Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде мәлімдемеге қол қойдым. … Өзімізді жеңілдік деп есептемейміз әрі бұл біздің ұлт ретінде бірігуіміздің және қайта өрлеуіміздің басы болуы керек. Қаза тапқандардың алдында тізе бүгемін. Отанын қорғау жолында өмірін аямаған барлық әскерилердің, офицер, генерал, еріктілердің алдында басымды иемін. Олар арцах армяндарын қорғап, құрбан болды. Соңына дейін күрестік және жеңеміз!” деп жазды Пашинян.

Атысты тоқтату жөнінде келісім жасалғанын Ресей президенті Владимир Путин де растады. ТАСС агенттігі таратқан ақпаратта Путин “келісімге қол қойылған сәтте екі елдің әскерилері тұрған жер Армения мен Әзербайжан территориясы ретінде сақталады. Ал олардың арасында Ресейдің бітімгер сарбаздары тұрады” деген.

Келісімге сәйкес, 2020 жылдың 20 қарашасына дейін Таулы Қарабақтың Газах және Агдам аудандары Әзербайжанға қайтарылады. 15 қарашаға дейін Армения – Кельбаджар ауданын, 1 желтоқсанға дейін Лачин ауданын беруі керек. Бірақ Таулы Қарабақпен байланысын үзбеу үшін Лачин дәлізін (ені 5 км) сақтап қалады. Алайда дәліз Шуша қаласын жанамайды.

Аймақтан Арменияның бүкіл әскерилері шығарылады. Таулы Қарабақ пен Лачин дәлізі түйіскен тұста Ресейдің 1960 бітімгер сарбазы орналасады. Бітімгерлік контингенттің ол аймақта қалу мерзімі 5 жыл және ахуал тұрақтамаса тағы бес жылға созылады.

Босқындардың Таулы Қарабаққа оралуын БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары бақылайды. Одан бөлек, Армения мен Әзербайжан тұтқындар мен қаза тапқан сарбаздардың мәйітін алмасады.

Related Articles

  • АҚШ Ауғанстаннан 2000 сарбазын әкетпек. Салдары не болмақ?

    Азаттық радиосы Ауғанстанның үкімет күштерін жаттықтыратын орталықта жүрген АҚШ сарбаздары. Герат, Ауғанстан, 2 ақпан 2019 жыл. Көрнекі сурет. Вашингтонның Ауғанстаннан екі мың сарбазын алып кету туралы шешімі қарама-қайшы пікір тудырды. Бірі әскер санының бұлай азаюы экстремистік топтарды жігерлендіреді десе, бірі шиеленісті шешуге оң әсер береді дейді. АҚШ әскерінің әкетілуі туралы жаңалық 16 қарашада тарады. Сол күні баспасөз құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың санаулы күн ішінде Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ әскерінің санын одан әрі азайту туралы шешімін жариялайтынын хабарлады. Келесі күні АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер жаңалықты растап, америкалық сарбаздарды еліне қайтару келесі жылы 15 қаңтарда, Трамптың Ақ үйден кетуіне бес күн қалғанда аяқталатынын айтты. 18 қараша күні “Талибан”

  • Байденнің президенттігі Қазақстан, ОА және Шыңжаңға қалай әсер етпек?

    Мәншүк АСАУТАЙ USA-ELECTION/BIDEN АҚШ-тың 46-президенті болып сайланған демократ Джо Байден сайлау алдында әлемде “демократияны күшейтетінін, авторитаризммен күресетінін” айтқан. Халықаралық есептерде әлсіз демократия мен авторитаризм үшін жиі сыналатын Орталық Азия елдеріне Байденнің ұстанатын саясаты қандай болмақ? Байден әкімшілігі Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым мәселесін көтеруді жалғастыра ма? Қазір Орталық Азиядағы бес ел – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және АҚШ арасында 2015 жылдан бері “С5+1″ форматы жұмыс істеп келеді. Содан бері Орталық Азиядағы бес елдің сыртқы істер министрлері мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы жиі кездесіп, ОА мен Вашингтонның қарым-қатынасын талқылайды. “С5+1″ форматы демократ Барак Обама президент болып тұрғанда құрылған. Бұл формат Трамп президент кезінде де сақталды және биыл ақпанда АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтонның

  • Саясатта 50 жыл жүрген тұлға. АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байден кім?

    Азаттық радиосы Джо Байден АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті, сенатор Джо Байден президент сайлауында елдің қазір басшысы Дональд Трампты жеңетін дауыс жинады. Бұл – Байденнің елу жылдық саяси карьерасындағы президент болуға жасаған үшінші талпынысы. Енді 2021 жылдың қаңтарында Ақ үйдегі қызметіне кірісетін жаңа президентке бөлініп-жарылған америкалық қоғамның мәселелерін шешуге тура келеді. Джо Байден қызу тартысқа толы бәсекеде Дональд Трампты жеңіп, отыз жыл бойы армандаған лауазымына қол жеткізді. Демократиялық партияның кандидаты Трамптың коронавируспен күресіне толмаған, президенттің қоғам алдында өзін агрессивті ұстайтынынан әбден шаршаған халықтың жаппай наразылығын пайдалануға тырысты. Байден 538 сайлаушылар алқасы даусының кемінде 273 даусын жинады. Президент сайлауында жеңіске жету үшін кемі 270 электордың даусы керек. “АМЕРИКАНЫ ҚАЙТА БІРІКТІРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ” Пенсильвания

  • Таулы Қарабақ жайлы сіз білу керек 5 дерек

    Майк ЭККЕЛЬ Таулы Қарабақ талай ғасырдан бері түрлі әскерлер мен патшалықтардың жолайрығында жатыр. Аймақтағы кикілжіңді толық тоқтату әрекеттерінің тығырыққа тіреле беретін себебі де сонда. Оңтүстік Кавказдың биік шыңдары мен шөлейт жазықтарының ортасында, империялардың арасындағы тоғыз жолдың торабында жатқан Таулы Қарабақ қайтадан кескілескен ұрыс ошағына айналды. Әзербайжан мен Армения бір-біріне қайта оқ жаудыра бастады, бұл – соғысты тоқтату туралы 1994 жылғы келісімнен бергі ең ірі қақтығыс. 27 қыркүйекте қақтығыс бұрқ еткелі кемінде 532 солдаттың өмірін жалмаған ұрыс совет заманына, тіпті одан әрідегі тарихқа жетелейді. Таулы Қарабақтағы конфликт төңірегіндегі басты жайттарға назар аударайық. ТАРИХҚА ҮҢІЛСЕК… Кавказ жеріне басқаларды айтпағанда, римдіктер, арабтар, оттомандықтар, сефевид парсылар және орыстар әскер жіберген. Мұнда б.з.д. 300 жылдардан

  • Бұл Батысқа айбат шегу ме? Путин, Роухани мен Си Цзиньпин неге бірлескен әскери жаттығу өткізіп жатыр?

    Александр ГОСТЕВ Ресейдің оңтүстігіндегі “Ашулук” әскери базасынан ұшырылған зымыран. 22 қыркүйек, 2020 жыл. ыркүйекте Ресей, Қытай және Иран құрлықта және теңізде бірнеше ауқымды әскери жаттығу өткізді.  Көп жағдайда бұл шаралар бірлескен формада, аталған үш мемлекеттің және әлемдік қауымдастық, бірінші кезекте Батыс күдікпен қарайтын Беларусь, Мьянма сияқты елдердің қатысуымен өтті.  Кей сарапшы батыс елдері жау көретін, тарихи контекст бойынша қазірдің өзінде “зұлымдық ошағы ” елдері аталып жүрген жаңа әскери-саяси блок пайда болуы мүмкін деп қауіптене бастады. Бұл шынымен солай ма? Мәскеу, Пекин, Тегеран мен Минск қыруар қаржы жұмсаған әскери қимылдар кімді қорқыту үшін жасалған? Александр Лукашенко “Батыс елдерінен қауіп төнгені ” жөнінде мәлімдеме жасаған тұста, 21 қыркүйек күні, Беларусьтің әскери полигондарында Ресей–Беларусь әскерінің қатысуымен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: