Жақында екі ірі универдің, екі ірі газеттің басшысы тағайындалды. Бәрі алпысты алқымдағандар. Қарияға қастығым жоқ, бірақ, 62 (жарым) жастағы Түймебаев, 64 тегі Сыдықов өз потенциалдарын көрсетіп болды емес пе?
КазГУ ды КазГУ қылған Өмірбек Жолдасбеков 39 жасында ректор болған екен (!).
Сол жолдасбековтердің жолын жалғасын деп қанша жасты (мемлекет) “Болашақпен” оқытпады ма?
Қырықтың ар жақ, бер жағындағы, білімі мен білігі толысқан, бабында жүрген қаншама азамат бар. Олардың обалы, олар беруге тиіс нәтиженің обалы кімге?(Тіпті, жақында басы дауға қалса да Саясат Нұрбек сияқты білімді мамандар көп жұмыс атқара алар еді деп ойлаймын).
Ал екі газет ше? “Ана тіліне” Жанарбектің орнына келген, 62 дегі Қали Сәрсенбай ағамыз не істей алады? Рас, жақсы адам, еңбекторы журналист, кісілігі зор. Алайда, көрсетерін көрсетті, берерін берді ғой. Қалекеңнің орнына “Алматы ақшамына” Данияр Төрехан деген алпысты алқымдаған ағамыз келіпті. Не істейді, нені өзгертеді, түсіне алмайм(ын)…
Журналистикада жиырмасы мен отызында өздерін дәлелдеп тастаған Сәкен Сыбанбай, Жұлдыз Әбділда, Кәмшат Тасболат, Есей Жеңісұлы, Руслан Ерботалар ше? Мүмкіндік берілместен, бауырын жазып шаппастан қартаятын болды ма… Аты аталған-аталмаған қанша мықты профилер бар. Бір кезде Алтынбек министр болғанда отызға енді ілінген курстастары мен достары — Нұртөре, Шәмшиддин, Серғазы, Жүсіпбек т, б. қаншама азаматты редактор, замредактор етті. Олар шынымен мықты жұмыс атқарды. Өз кезеңінде. Енді сәл шегінуге, жол беруге мәрттігі жетпейтініне таң қаламын.
Пікір иесі
Қасым Аманжол
Пікір қалдыру