Армения қарулы күштерінің бас штабы премьер-министр Никол Пашинян мен үкіметті отставкаға кетуге үндегеннен кейін премьер-министр елде әскери төңкеріс жасау талпынысы болғанын мәлімдеді. Бас штабтың ақпарат департаменті 25 ақпан күні таратқан мәлімдемеде бас штаб төрағасының бірінші орынбасарының “болмашы себеппен” қызметтен босатылуына қарсылық ретінде сондай үндеу жасалғанын хабарлаған. “Бұл Арменияның ұлттық және мемлекеттік мүдделерін ескермей отырып жасалған қадам. Осындай күрделі шақта мұндай шешім мемлекет мүддесіне қайшы, жауапсыз қадам” делінген қарулы күштер таратқан мәлімдемеде. Олар осындай “күрделі шақты премьер-министр мен үкімет бұдан әрі қарай ақылға қонымды дұрыс шешім қабылдай алмайды” деп санайды. Қарулы күштер өздерінің талаптарын орындату мақсатында күш қолдана ма, жоқ па, белгісіз. Ал Никол Пашинян отставкаға кетпейтін мәлімдеп, бас штаб жетекшісі Оник Гаспариянды орнынан алды. Ол сонымен бірге жақтастарын ел астанасы Ереван орталығына жиналуға шақырды. Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру