|  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ дәстүрі Қазақ шежіресі

ИТЕЛІНІҢ ТҰРПАН МЕН ЖЕМСАРЫДАҒЫ ТАРИХЫ

310690156_668315317986870_3154683951730590045_n

Ителі не үшін Абақ Керейдің «ноқта ағасысы» болды?

Әуелі, құлағы тың, ұраны күн, шырағы мың оқырман, сіз өз шежіреңізді кіші руыңыздан бастап таратсаңыз да, үлкен рудан таратсаңыз да, арғы үлкен ұлыстан таратсаңыз да ұзаса 15-25 атаның арасында болады. Олай есептей беретін болсаңыз Керей де, Найман да, Албан да бірнеше ғасыр бұрын ғана өмір сүрген тұлға болып қалады да, мың жыл бұрын тарихта аты аталатын осы тайпалардың тарихымен қайшы келеді. Мұның себебі мынау. Сіздің ұлысыңыздың, руыңыздың тарихы кемінде мың жылды құрайды да, ру шежіреңіздің ең басындағы бірнеше адам мың жыл бұрынғы адамдар. Осы ұмытылмас бірнеше түркіше байырғы бабаның есіміне кейінгі ғасырлардағы арабшаланған есімдегі аталар есімі жалғанады. Әрқашан ру атаулары ең ескі және ұмытылмайды. Ең ескі бірнеше есім ғана сақталып, одан кейінгі аталар ұмытылып, жаңа аталар тізімі сол ұмытылмас есімдерге жалғанып отырған. Сондықтан, ежелгі тарихта аталған аталарыңыздың есімін бірнеше ғасыр бұрынғы адам деп жаңылыс тудырмауларыңыз керек. Мысалы, Шеруші, Қарақас атаулары, олардан өрбитін Шаппас, Одырай, Байым, Қосым атаулары да тым ескі. Ал, оған кейінгі Қазақ хандығының орта тұсындағы аналардың есімі тікелей жалғанған. Өткенде, Молқы туралы мақаламызда осындай жаңсақ ойға берілу, Молқыны бірер ғасыр бұрынғы адам ретінде қарайтын қателіктер жүз берді.
Ендеше, Ителінің Тұрпан мен Жемсарыдағы тарихы туралы кеңінен сөз өрбітеміз.
742(744)-848 жылдар арасында өмір сүрген Хұйх қағанатында көшпенді рулардың оң қанаты Хұйх деп аталса, сол қанаты Қарлық деп аталған. Қарлықтар Молқы, Шіңгіл(Шігіл, Шығыл, Шыбыл), Ташлық деген үш белімнен тұрған. Хұйх қағанаты тарихта Хұйх, Хұйғыр, Ұйғыр деген атаулармен де аталады. Хұйх деген сөз көк деген сөздің жуандықпен дыбысталған нұсқасы. Хұйх қағанаты ыдырағаннан кейін бір бөлім Хұйх тайпалары Абақ ұлысынан шыққан Есен деген көсемнің бастауымен Тұрпан мен Боғдаға шоғырланып, Күйік қағанатын құрады. Күйік деген атау да Хұйх атауының заңды жалғасы болатын, көк деген мағынаны беретін еді. Көк атауы көшпенділер танымында ақшыл, бозғылт түсті білдірген.
Көк атауын оған дейін де 552-603 жылдар арасында өмір сүрген «Кюк Түрік(Көк Түрік)» қағанаты өз атауы ретінде қолданған еді. Ғұн заманынан бері көк ұғымының сан түрленіп сәтті жалғасып келе жатқанын байқаймыз. Кунг – Ғұн. Көктүрік – Көк. Хуйх, Хұйху, Құйғыр, Ұйғыр – Көк, Кюк. Күйік – Көк.
Ителі руының Ителі атанбай тұрған кездегі ескі атауы – Көкбұлақ. Мұны Ителі шежіресі растайды. Бұл атау Күйік қағанатын Хұйх қағанатының негізін қалаған Көк(Күйік, Хұйх) тайпасы мен сол қанат Хұйхтардың басты тайпасы Молғ(Болғ) тайпасының біріккен атауынан тұрады. Бұл атауды Хұйхтың( Көктің, Күйіктің) Болғ(Молғ, Бұлақ) тайпасы деп те түсінуге болады. Қалай дегенде де ол кездегі Болғ(Молғ) тайпасының ұғымы өте кең болатын. Ителінің Тыныбек тарауының Ақмалай деп те айтылуы Молғтың Моли болып дыбысталған нұсқасының Малай болып өзгерген түрі деуге болады. Хұйх қағанаты ыдырағаннан кейін 13 жыл уақыт өткенде, 861 жылы Күйік қағанаты құрылды. Қағанаттың құрушысы Абақ-Есен деген адам бугінгі Ителі шежіресінде Есенбақты деп сақталған. Абақ тайпасының атауы ретінде ескі уақытта Бақ, Боғ деген атаулар қатар жүрген. Қағанатты сырттағы елдер Тоғыс елі деп атады. Ал, қағанаттың Күйік деп аталып кетуіне мемлекет астанасының Күйік деп аталуы себепкер болған. Күйік қаласы бүгінгі Тұрпан жерінде салынып, ол «қысқы астана» делінген.«Жазғы астана» ретінде бүгінгі Жемсары ауданы жеріндегі Бесбалық қаласы белгіленген. Күйік қағанатының аумағына Құбы құмы, Құмыл, Тұрпан, Қарашәрі, Ақсу, Еренқабырға аумақтары кірді. Күйік қағанатын Абақ тайпасының құрғаны туралы деректер нақтыланған. Күйік қағанаты билеушісін «тегін(тын)» және «едіге» деген титулмен атады. Бұл атау құт-құт деген қосар сөздің итқұт болып оңтүстік диалектісімен дыбысталуынан келген. Осы идқұт, едқұт, едіге атаулары Қазақ дүние танымында Едіге, Жәдігер болып айтылады. Ителі шежіресінде де осыған ұқсас Жәдігер деген атаның есімі бар. Көкбұлақ атауынан өзгерген Ителі атауының мағынасы бөрі атауын тергеуден келіп шыққан ит атауымен және иди(идиге) деген билеуші әулет атымен терең қабатта тоғысады. Осы идиге, идиг, идигут деген қағанаттың билеуші лауазымымен тығыз қатысты көрінеді. Иди-елі, яғни билеуші әулеттердің елі, билеушілердің тұқым-жұрағатынан қалыптасқан деген ұғымды өз түйіншегінен шешіп аламыз. Осы Күйік қағанатының өркениеттеріне жүрілген қазба жұмыстары барысында ат тұяқты адамның мүсіні қазып алынған. Бұл «ат елі» деген ұғымды көзге тартады. Ат сөзінің лингвистикалық тұрғыдан қарағанда әуелі құт деген сөзден келген тарихы бар. Идиге ұғымы да құт сөзінің қосарланып екі қайталануынан келіп құттың құты деген мағына тудыратынын білеміз. Өзбектердің атты от дейтіні, ұйғырлардың атты іәт деп дыбыстайтыны аттың ид, ит болып дыбысталу мүмкіндігін де алға тартады. Аттың да, иттің де құт ретінде, яғни қазына ретінде алдыңғы жетілікке кіруі осы атауларымен тығыз байланысты. Тұрпандағы Едіқұт ежелгі қала орны деп жүргені сол Абақ Керейлер құрған Күйік қағанатының 9 ғасырда салған қаласы. Ал, ит ұғымымен байланыстыруға тура келсе, Ақ Ғұндарды зерттеуші ғалымдардың олардың өзін Хител деп атағанын, хит сөзінің ит деген мағынаны білдіретінін, олардың өздерін ит ел деп атау себебі бөріні төтем етіп оның атын тіке атамай ит деуі деп түсіндіреді. Ителінің бұрынғы атының Көк және Бұлақ атауынан құралатынына қарасақ, бұған дейін біз осы жердегі Бұлақ сөзін бөрінің сипаттамасы ретінде волк, бөрік, ұлғ, ұлу, болғ деген атаулармен бір екенін айтқанбыз. Көк бөрі деген ұғымды білдіретін Көк Болғ сөзі Көкбұлақ болып айтылып кеткен. Бөріні төтем ету ниеті бойынша ол Ақ Ғұндардағы жағдай бойынша Ит-Елі деген ұғымға ауысқан. Хұйх қағанаты кезіндегі ең маңызды рудың бірінің Болғ екені тарихқа аян. Молқылар да осыдан тарайды. Молқы шежіресінде Молқының бұрынғы аты Болқы еді дегені сол.
Кен, хан сөздері қала ұғымында жұмсалатындықтан Күйік қаласының Күйікхан деген атауын алған, яғни ежелгі Күйік қаласының тұрғындары негізінде қалыптасқан кіші ру аты Киіпхан, Қайыпхан деген екі түрлі атпен Ителі ішінде жүр. Молқы шежіресінде Қайып болып сақталған. Ал, Хұй қағанатының атауы Ителі шежіресінде Қиғлық, Құйғлық деген атаулармен сақталған. Күйік атауы Күйік руы ретінде сақталса, Күйік елі, көк елі деген ұғым Көгал деген атпен сақталған. Абақ-Есеннің аты Есенбақты атауынан тыс, Есен, Изен деген атаулармен де сақталған. Есен, Изен атауы Есенбақтыға дейін де ескі Керей тарихында бар атаулар. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасым тауып көп қойылып келе жатқан есім.
Ителі шежіресіндегі Тыныбек атауы мемлекет билеушісінің атына қосылатын тегін деген сөздің тын болып айтылуынан қалыптасқан. Бақы-Есен, яғни Есенбақты(Изенбақты) едігеден кейін ел тізгінін Елбақты(Ел-Абақ) тегін, одан кейін Арсыланбақты тегін(Соңғы Есен қаған), одан кейін Есенбақты тегін, онан соң Арсылан Құтлық Құл бақ тегін(Қалматай), одан соң Құлбақ өкен(оң хан), Бақ Арсылан Тын(Атан) Күйік тархан(Атанас), одан кейін Белг(Белгі), Оғантемір, одан соң Баршық(Борсық) артқы тегін, Көшпес қатарлылар ел басқарды. Ең соңы Құлашшы едіге, Қуаныш едіге, Есентемір(Шыңтемір) едігелермен аяқталады. Ғалымдар тегін деген лауазымның Тиянуаң деген, яғни Құдай қойған патша деген ұғымның көшпелілер тілінде жаңғырған нұсқасы деп қабылдайды. Тянуаң атауының кейінгі нұсқалары: Тегін, Атан, Тан, Тын, Тегін, Тоқ. Ал, Ителі шежіресіндегі қожалардың есебінен діни атауға бейімдеген Ахметәлі деген есімді Ақбақты, Ақбақлы деген есімнің бұрмаланған нұсқасы деп айта аламыз.
1209 жылы Күйік қағанатының едігесі Бешул Ерте(Бесшал-Өтел деген аттағы Ителі шежіресімен жақындық табады) Шыңғыс ханға тілеулестік қылып, Қарақидан мемлекетіне қарсы шықты. Сондықтан, Күйік қағанаты өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Юань патшалығының соңғы кезінде Шағатай хандығы Күйік қағанатын үлкен тосқындықтарға ұшырады. Күйік қағанаты 1368 жылға дейін өмір сүрген, көшпенділер тарихындағы ғұмыры өте ұзақ қағанаттардың бірі болды. 507 жылдық тарих біз үшін ұлы тарих.
Ителі руының Абақ Керейдің «ноқта ағасы» болу себебін біз Күйік қағанатын құрушы Абақ руынан шыққан ақсүйек әулеттердің бір ру болып жиналып, топталған тобының әуелде Хұйх-БолғКөк-Бұлақ), кейін Ителі атанған жағдайымен ұштастырамыз. Ежелгі уақытта қағанаттың тізгінін ұстағандардың ұрпағы болған Ителі руынан 18 ғасырда Ер-Жәнібек, Шәу жырау қатарлы Абақ Керейдің рулық бөліністерін қайта ұйымдастырушы тұлғалар «Абақ Керейдің ноқта ағасы» деген ағалық сипат бергенін бажайлай аламыз. Енді, Ителі шежіресіндегі Елтоқ руының атауына үңілейік. Күйік қағанаты кезінде өзін Елғ-Абақ(Ел-Абақ, Елбақты) тегін деп атаған билеушіні білеміз. Бірақ, бұл атау қайткен күнде де Елтоқ атауымен жанаса қоймайды. Ал, осы қағанаттың құрылуынан бір жарым ғасыр уақыт бұрын өмір сүрген Абақ руының Орхон өлкесіндегі әмірі Елғ-тоқ деген адамды осы Елтоқ атауымен ұштастыра аламыз. Орхон өлкесінде өлке бастығы тоқ деген лауазыммен аталған. Елғ тоқ дегеніміз Елтоқ деген атпен бүгінгі шежіреге сиған. Иүйгу халқы ішінде Ақтоқ, Тоғыс деген рулар бар. Орхон өлкесіндегі Абақтардың 118 жылы жайлы Күйік қағанатынан алға өтіп, 7-8 ғасырлардағы Абақтардың өміріне шолу жасаймыз.
Абақ тайпасы осы қағанатты құруға дейін Орхон аймағына ерекше шоғырланған болатын. 7 ғасырдың орта шенінде Абақтардың басында олардың танымал адамы ретінде Сүбе-Керей тұрды. Ол Абақ елін Батыс Түрік қағанатынан кейін өз қарауында ұстап келген Соянт елін жеңу үшін Таң патшалығымен одақтасады. Кейін Хұйхтар жерінде Таң патшалығы Орхон өлкесін құрады. Орхон өлкесінің әмірлігіне 647 жылы Керен-Баян тағайындалды. Бұл әкімшіліктің әмірін «тоқ» деп атайтын. Ол сонымен бірге Таң патшалығының патша сарайының оң қанат сарай қарауылын басқарды. Оның қарауына сарайдың қалған 15 қарауыл қанаты кіретін. Таң патшалығының билеушісінің амандығы оның қабағының астында еді. 11 жыл әмір болған Керен-Баяннан кейін Орхон өлкесінің әмірлігіне Абақ руынан шыққан Сүбе тағайындалды. Сүбе бұл орында көп отырған жоқ. Сүбеден кейін Құтыбақ(Көтібақ) Таң патшалығының патша сарайының оң қанат атты әскерлер қарауылын басқарды. Мұрагерлік бойынша 21 жыл бойы Орхон өлкесінің әмірі болды. Ол Таң патшалығының астанасының басты қорғаушысы болды. Ол маңызды ақсүйек әулеті болып есептелді. Құтыбақтан кейін Абақтар 686 жылы Таң патшалығына қарсы көтеріліс жасады. 28 жылдан кейін барып Таң патшалығына қарады. 720 жылдың алды-артында Орхон өлкесінің әмірі болған Елғ тоқ Таң патшалығының Оң қанат әскерінің қолбасшысы болды. Елғ тоқтан кейінгі Шама Орхон өлкесінің әмірі болып тұрғанда, ол жаңа салынған үш әскери қорғаныс қаласының бірі болған Соқ-Қиянға патша жарлығымен көшірілді. Шамадан кейін Елшібай 15 жыл Орхон өлкесінің әмірі болды. Ол Шығыс Түрік қағанатының қамқорлығына бөленді. 756 жылы Орхон өлкесінің әмірі болған Қойынбақты(Абақ-Қойын) Таң патшалығының сол қанат әскерлерінің сардары, Хыби өлкесінің бақылаушысы қатарлы әскери лауазымды орындарда болды. Ол Орхон өлкесінің әмірлігінде 9 жыл болды. Гансу өлкесіндегі Иүйгу(Сары Ұйғыр) ұлтының халық әнінде «Иүйгулардың шыққан жері Шожының қасы» деген жол бар. Осы ұғым Шонжы өңірінің ескі тарихымен яғни Боғдамен қабысуы мүмкін. Ежелгі Хұйх, Күйік мемлекеттерінің құрамында болып, кейін шығысқа көшкен осы қауымның Боғдадан кетуі Абақ Керейлердің ежелден бергі құт қонысы болған Боғда таудың тарихын тарих қатпарларымен жымдастыра түседі.
Бір қызығы, Таң патшалығының мемлекет атауының ескі оқылуы – Тоғ. Тұрпанда құрылған кейінгі Құйғыр қағанатының аты – Тоғыс. Тоғыс атауын басында ғалымдар Тоғ-Ғуз деп, Тоғыз Оғыз деп қате түсініп, оны Сыр бойындағы Оғыздармен шатастырып, біраз еңбекке Керейлерді Тоғыз Оғыз дейтін жаңсақ түсінік кірген. Кейін мұның тек Тоғыс, Тоғыз деген сөз екені анықталған. Ителі шежіресінде Тоғыс кіші руы бар. Жетісуда құрылған Түркеш(Торғыс) қағанатының жармақтарында Таң патшалығының ақшасындағы Юань деген жазу бар. Тоқ сөзі мен Тоғыс сөзі Таң, Теңгір, Теңгис, Таңғис деген құдайлық атаудың түрліше дыбысталуынан келген. Бұдан сырт, Тан, Атан, Тана, Тоң, Тонг, Тенг, Тақ деген нұсқалар да бар. Таң патшалығы да, Түрік қағанаты да, Абақ жұрты да, Түркеш қағанаты да көшпенді әулеттердің мемлекеттері. Таң патшалығының сарай күзетін Абақтарға сеніп тапсыруы, Абақтардың Тұрпан мен Боғдада Тоғыс мемлекетін құруы, Таң патшалығының Тоқ деп оқылуы, Таң патшалығының атауындағы әріп бейнесі мен Абақтардың абақ таңбасының жақындығы қатарлы жәйттер Таңдықтардың Құйғыр(Хұйх) қағанатындағылармен белгілі туыстығы барын айқындай түсетіндей.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Ителі шежіресі»
«Абақ Керей төр шежіресі»
«Молқы шежіресі»
Жұң Жинуын,«Сары Ұйғыр тіліндегі <Шожы қас«> ұғымын түсіндіру»
Гың Шымин,«Көне Түркі жазба ескерткіштерін зерттеу»
Гың Шымин,«Күйік Хұйғыр қағанаты»
Фолькер Рыбацки, «Көне Түркі жазбаларындағы Түркі және Хұйх билеушілерінің титулдары»

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: