|  | 

Шоу-бизнис

1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

Самат Мусабаев366293152_2284691795254739_2105397845497839535_n

Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады.
Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты:
Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді.
Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты!
Отандық әуе компанияларының осы жауапсыздығына зығырданым қайнап жүретін. Былтыр Мәжіліске келген көп заңның бірі – дәл осы тақырыпқа қатысты “Көлік туралы заң” болды.
Жиі ұшамын, кешіккен ұшақтың кесірінен талай аузым күйді, көптеген әріптестер де, азаматтар да жиі айтатын осы мәселені.
Алдымызға келген заңға “тасымалдаушы тарап ұшақ, пойыз, автобус құралдарын кешіктірген әр сағатқа билет құнының 3% өтемақы ретінде қайтаруы тиіс” деген түзетуді Еділ Терекбайұлы екеуіміз ұсындық!
Яғни, ұшақ, пойыз немесе автобус бір сағат кешіксе 3%, екі сағатқа 6%, осылайша қосыла береді. Тіпті, бұлай жалғаса берсе жолаушы билет құнын толық қайтарып алуы да мүмкін:)
Бұл, әрине, тасымалдаушыларға ұнаған жоқ. Алайда, халыққа керек түзету, ел үнемі шағымданатын нәрсе болған соң сөзімізден танбай, айтқаннан қайтпай отырып алдық. Ақыры, Мәжіліс заңға толықтыру енгізді, Сенат мақұлдады, қаңтар айында Президент қол қойды. Сүйтіп, осы жылдың басынан бері бұл заң күшінде!
Air Astanaның ұшағы төрт сағатқа жуық кешігіп ұшты. Еділ ағам екеуміз елге аман есен жеттік. Үйге келдім де, “өзіміз ерекше еңбек сіңірген заң еді, қалай жұмыс істеп тұрғанын көрейінші” деген оймен, компанияның ресми сайтына кіріп, шағым қалдырдым.
❗️ Қадірлі ағайын! Үш-ақ қадам. Қиын ештеңесі жоқ екен, мен кешіккен үш сағаттан астам уақыт үшін билет құнының 10% сомасын қайтарып алдым.
Бұл үшін не істеу керек? Реті былай:
1) Компанияның ресми сайтына кіресіз. Тікелей сілтеме: help.airastana.com. Осы жерге толық аты-жөніңізді, билет нөмірін, рейс нөмірі, ұшу уақыты қаншаға кешіккені және электрон поштаңызды жазасыз. Яғни, шағым қалдырасыз.
2) support@help.airastana.com – тұтынушылардың қолдау бөлімінен жауап келеді, “сіздің шағымыңыз тіркелді” деген жауап болады және қосымша анкета жолданады. Осы анкетадағы сұрақтарға жауап бересіз. Аты-жөніңіз бен ақшаны қайтару үшін есепшот нөміріңізді жазасыз.
3) “Өтінішіңіз бойынша талап еткен өтемақы сомасы сіздің шотыңызға жіберілді” деген хабарлама келеді. Осылайша, Сіз Мәжіліс қабылдаған заңның игілігін көресіз!
Өз басымнан кешкен оқиға. Өзіміз енгізген ұсыныстың, қабылдаған заңның жұмыс істеп тұрғанын көріп, қуандым. Бірақ…
Бірақ, сол Едақаң екеуіміз ұшқан рейспен Ақтауға 180 жолаушы келді. Солардың арасынан компанияға шағым түсіріп, өтемақы талап еткен жалғыз мен болармын.
Егер, сол 180 адамның әрқайсысы шағым жасап, кем дегенде 8 – 9 мың теңгеден өтемақы алатын болса, сол күні Air Astana кешіккен бір рейс үшін шамамен 1 440 000 теңгедей өтемақы төлеген болар еді…
Әр рейс үшін бір жарым миллион төлеп отыру кімге ұнайды? Келесіде кешікпеуді үйренер еді!
Құрметті ағайын, бұл жазбам мақтан да емес, міндетсіну де емес. Бұл халқымыз заңның тетіктерін біліп, өзінің құқықтарын толығымен пайдаланса екен деген тілек!
Егер осындай кішкентай нәрселерден бастап талап ете білсек, алып компанияларды жауапкершілікке үйретеміз, бірте бірте тұтас қоғамға өзгеріс әкелеміз.
Бәрі өз қолымызда!

Related Articles

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды

    Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды

    Nurmukhamed Baigarayev Осы аптада Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды деген ақпарат тарады. Жақсы жетістік. Бірақ енді сәл-пәл үңілсек, чиптің архитектурасы Назарбаев университетінің зертханасында жасалған, бірақ оны Қытайда өндірген. Себебі бізде әлі чип өндіретіндей технология жоқ. Бір қызығы, қытайлық институт чипті тегін шығарып берген. Оған да рақмет, әйтпесе ол қызметтің құны қымбат. Бұл жобаның жетекшісі (суретте) енді ол чипті қайда қолдануға болады деп тестіден өткізіп жатырмыз депті өз парақшасында. Оған қоса, чип сәл-пәл қалыңдау сияқты. Смартфондарда 5-7 нанометр чип орнатылады, отандық чип 28 нанометр екен. Өзім таңқалған бір факт оқыдым. Микрочип шығаруда әлемде танымал болған компаниялар Арменияда өз офистерін ашып үлгеріпті. Ол AMD, NVIDIA, Xilinx, Synopsys, National Instruments, Mentor Graphics

  • Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты.

    Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты.

    Nurmukhamed Baigarayev Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты. Биыл бұл универде оқу шығыны жылына 83 мың долларды құрайды екен. Осындай жаңалықтарды оқығанда дұрыс капитализмнің мысалын көремін. Бақуат капиталистер ірі оқу орнын қаржыландырды. Басқа да табысы көп. Бүгінде эндаумент қорда 52 миллиард доллардай жиналған. Сол ақшаға табысы аздау отбасының балаларын тегін оқытып, қайырымдылық жасай алады. Содан тек байдың баласы ғана емес, қарапайым отбасыдан шыққан бала да әлемнің үздік универінде оқуға мүмкіндік алады (ол үшін алдымен грантты жеңу керек). Бұдан қоғам тек ұтады, мемлекет дамиды. Яғни, қайырымдылық жұрттан жылу жинап, от случая к случаю жасалмайды, жиналған нақты ақшаға, жоспарлы, жүйелі түрде іске

  • “Жойқын” жаңалық және қуану. Сезілмеген вибрациялар

    “Жойқын” жаңалық және қуану. Сезілмеген вибрациялар

    Осы аптада Қазақстан блоктық бюджетке өтті. Яғни, аймақ басшылары орталыққа телміре бермей өз бюджетін басқару, тез арада ішкі үлестіруде дербестік алды. Және игерілмей қалған соманы келесі жылы да уайымдамай бағыттауға мүмкіндік ашылды. Бұл қалай болғанда да “бар ақшаны жыл бітпей тұрып игеріп қалайық” деген сапасыз жұмсаулардың алдын алады. Осымен игеру жарысының дәуірі ресми бітті. Енді әр тиынды сапалы жұмсау бірінші орынға шығады. Себебі, салық өскен сайын бюджет ақшасының салмағы артады. Енді әр азаматтың өзі қиналып төлеген салықтың қайда жұмсалып жатқанын анықтап, оның дұрыс бағытталуын талап ететіні заңды. Блоктық бюджет әр әкімге осы талапты сапалы орындау үшін дербес қимылдауға рұқсат беріп отыр. Ал бұл әкім кім? Биылдан бастап барлық аудан мен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: