|  | 

Көз қарас

Кокуй Байке. Оңтүстіктен соққан суық жел

Қырғызстан 2023 жылы ішкі жалпы өнімін бақандай 7%-ға арттыра алады. Бұл ресми Бішкек үшін тамаша жаңалық. Себебі, ол республикаға “орта табыс тұзағынан” шығып кетуге мүмкіндік берер еді. Экономикалық өсімі жылына 4 пайыздан аса алмай жүрген Қазақстан үшін 7 деген қасиетті сан – қол жетпес арман болып қала бермек.
Бірақ Бішкек ненің есебінен экономикалық “чудо” жасап отыр? Оның жауабын жас бала да біледі. Қырғыздар Ресейге салынған санкция мен паралелльді импорт арқасында барынша табыс тауып қалуға тырысып бағуда. Әрі оларды ешкім тоқтата алар емес. “Қытай, Түркия, Дубайдан алып, Ресейге беру” схемасы өте қарапайым, сонымен қатар өте табысты.
2022 жылы Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 919 миллиард сомды құрады. Бұл 10,4 миллиард доллар. Былтыр Ресейге паралелльді импортпен айналысу Қырғызстанға 36 миллиард сом алып келген. Ол табыс ІЖӨ-нің 4 пайызын құрайды.
2022 жылы Қырғызстан Ресейге 964 миллион доллардың тауарын экспорттап, рекорд жаңартқан еді. Ал 2023 жылдың бірінші тоқсанында олар экспортты тағы 26 пайызға арттырып отыр. Соған қарағанда ресми Бішкек 2023 жылдың бар сөлін сығып алғысы келіп тұр. Тек, Қазақстан ғана осы жоспарға қатер төндіріп отыр.
Қазақстан қиын жағдайда қалды. Қырғызстан бізді аузына жармасып, табыстан айырып жатыр деп ойлайды. Біз Қырғызстанның Ресейге реэкспертіне қарсы емеспіз, тек санкциялық тауарлардың біздің жер арқылы өтуіне қарсымыз, себебі бұл жағдайда санкция режимін бұзған ел болып саналамыз.
Санкция әлде табыс?
Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен Қырғызстан мен Беларусьқа керемет кіріс әкелді. Шынтуайтына келсек, егер Батыс дәл қазір Бішкекке барып, не Ресеймен үзесіңдер, немесе санкция саламыз десе, олар санкцияға қарамастан Ресейді таңдауы да мүмкін.
Неге?
Қырғызстандағы халық саны 7 миллион адам. Оның ішінде, 3 миллиондай экономикалық белсенді, яғни еңбекке жарамды халық бар. Оның 1 миллионы Ресейде жұмыс істейді. Яғни, жұмыс істеп жүрген әрбір үшінші қырғызға дәл осы Ресей жұмыс тауып беріп отыр. Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 10,4 миллиард доллар десек, 2022 жылы мигранттар Ресейден Қырғыз еліне аударған ақша көлемі 2,8 миллиард долларға жеткен. Бұл аударымдар Қырғыз экономикасына жан бітіріп отыр.
Мұнымен бітпейді. Қырғызстанды Ресей тамақтандырып отыр. Азық-түлік импортының 70 пайызы Ресейден келеді. Тамақпен қоймай, энергетика, жанармайда толық тәуелділік бар. 50 мың тонна қант, ұн, бидай алады. Бензин, дизель нарығын ресей компаниялары бақылайды. Және 700 миллион киловатт-сағат электр жарығын да Ресей берген.
Батыс салатын санкция Қырғызстанға банк карталарының бұғатталуынан басқа ештеңе өзгертпейді. Олардың сыртта активтері жоқ. Ал саудалары тек Ресей мен Қытай сынды жақын елдермен жүреді.
Қойсай, байке
Қырғызстан Қазақстанды барынша “сындырғысы” келіп тұр. Ресми Астана тауарларды онлайн бақылайтын жүйе енгізіп, өз жерінен өтетін транзитті параллельді импортты тоқтатқанда, алдымен “Қазақстанды Каспий арқылы айналып өтеміз” деп бопсалады. Бірақ ол утопия екенін өздері де біліп тұрған еді.
Біздікілер де селт етпеді. Себебі:
а) Түркіменстан виза сұрады;
б) Каспиймен қырғыз тауарын таситын баржа флоты жоқ;
в) Ресей ұсынған Оля порты мүлде дайын емес.
Енді екінші құрал іске қосылды. Ол су. Жамбыл облысына қажет су ресурстары Шу мен Талас өзендерімен келеді және оның көлемін гидротехникалық шлюздар арқылы ресми Бішкек реттеп отырады. Су біздің жанды жеріміз десек те, Астана бұл мәселеге де әдейі селт етпей отыр.
Қазақстан сыртқы саясатта өте ақылды және сабырлы мемлекет болып саналады. Кейде, елдегі ең ақылды, білімді элита осы дипломатияны таңдаған сияқты болып көрінеді. Дисбаланс бар. Сыртқы дипломатияда тым мықтымыз, есесіне ішкі мәселелерде, инфрақұрылым, туризм, аудандардың дамуына келгенде өте әлсіз кадрлар қалып қалған.
Қазақстан неге Бішкек шантажына үндемейді? Себебі өте қарапайым. Қырғызстан суды өзінде көп ұстап тұра алмайды. Су қоймаларынан айрылып қалуы мүмкін. Сондықтан бұл бопса да ұзаққа созылмайтыны анық.
Қазақстан Қырғызстан сияқты Ресейге байланбаған және байлана алмайды. Біз Батыспен көбірек интеграцияланғанбыз. Және біздің экономикалық дамуымыз Батыспен тығыз байланысты. Біздің негізгі инвестор, мұнайымызды сатып алушы, Ұлттық қорымызды толтырушы – Еуроодақ. Негізгі импортеріміз, халыққа керек тауармен қамтамасыз етуші – Қытай. Ресей тек үшінші позицияларда ғана жүр. Ал АҚШ пен Еуроодақ санкциялары біздің экономикамызды екі айдың ішінде жоқ қылып жібере алады.
Сондықтан біз Батысты таңдауға, ал қырғыздар Ресейді таңдауға мәжбүр. Олар мүмкіндіктер есігі ашылғандықтан, санкция қаупіне қарамастан пайда тапқысы келеді. Ал біз ондай қысқа мерзімді пайдаға қызықпай, санкцияны ойлап отырмыз.
Алатаудың арғы беті мен бергі бетіндегі экономикалық-саяси картина осындай.

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: