9-мамыр империяның ыдырап кеткеніне әлі күнге дейін бармақ тістейтіндердің бас мерекесі.
“Ұлы Отан соғысын” атап өту дәстүрі бүгінгі билікпен бірге құрдымға кетеді. Өйткені, ел басқаратын келесі буын оған қаржы бөлуді, ақшаны текке шашу, келмеске кеткен империяның жетістігін жырлау деп қабылдайтын болады. Дәл солай боларына сенімдімін. Бұл мерекені Кеңес одағының бірден-бір мұрагері саналатын Ресей империясы өзінің «одақтастарына» күштеп танып отыр. Сондықтан «ностальгиямен» өмір сүретін биліктегі коммунистер одан бас тартуға жол бермейді. Бұрын 9-мамырды соңғы ардагер қалғанша тойлайтын «шартты мереке» шығар деп ойлаушы едім. Бірақ, сол солдаттардың қолымен өт көсеген коммунистерге ардагерлердің қатары сиреп бара жатқаны да қажет емес екеніне көзім жетті. Бұл ең алдымен сондай алып империяның ыдырап кеткеніне әлі күнге дейін бармақ тістейтіндердің бас мерекесі. Айтпақшы, Путиннің осыған байланысты былай деп өкінгені бар: «Совет одағының ыдырауы- XX ғасырдағы ең үлкен гео-саяси апат болды». Ал, бұйрыққа бағынып, сын сағатта соғысқа сұранып, «Отанды» қорғауға аттанған ержүрек жауынгерлерге менің қай-қашанда құрметім шексіз. Олар өзіне жүктелген миссияны артығымен орындады….
Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан алынды


Пікір қалдыру