ФАШИСТЕРДІҢ ЛЕНТАСЫ…
Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан алынды
Ресейдің ақпараттық экспансиясының кесірінен зомби болып қалғандардың қарасы мен ойлағаннан әлдеқайда көп болып шықты. Тіпті, бүгін бір қаракөздің аузынан көбіне сасық сепаратистер айтатын “деды воевали” дейтін әумесер сөзді де естідім. Отаршылдардың әлгі алабажағын мәшинесіне тағып алыпты. Анығын айтсақ, Георгий лентасы жеңістің емес, фашистердің белгісі болып табылады. Себебі, оны Гитлерді жақтап, солардың жағында соғысқан ресейліктер таққан. Екіншіден, Георгий лентасы Орталық Азияны жаулап алудың атрибуты екенін естеріне салып қояйын. Үшіншіден, Украинада оны жергілікті заңды мойындамай, бүлік шығарған сепаратистердің киімінен көргенбіз. Төртіншіден, бұл лента Ресейдің көшелерінде үнемі шеру өткізетін неонацистер (скинхедтер) мен шовинистердің сүйікті символы болып кеткен. “Орыс әлемін” онсыз көзге елестету мүмкін емес. Сондықтан фашизмнің синдромы саналатын басқыншылықпен байланысқан бұл лентаны жиіркенбей тағып жүрген біздің бауырларды ұлттық иммунитеті әбден әлсіреген әпенділер демеске амал жоқ……..


Пікір қалдыру