|  | 

Тұлғалар

Қойтас-Молда Бөлтайұлы ас-Сәбилан ат-Түркістани

 

68812_298134200298515_1694716070_n Қойтас-Молда Бөлтайұлы ас-Сәбилан ат-Түркістани 1877-ші жылы Түркістан қаласында туған. Сонда араб тілінде діни бастауыш білім алған. Хиуа шәһарында оқуын жалғастырған. 1892-ші жылы әкесі Бөлтай Қожамұратұлы (1819-1907 ж.ж) ислам қағидаларын біле түссін деген мақсатпен жіберген. Хиуа шәһарындағы Ишанқалада діни орта мектепті бітіргеннен соң, Мұхаммед Омар Әминхан медіресесіне түседі. Онда ислам ережелері мен шариғаттан, философиядан, логикадан, тарихтан білім алады. Шығыс данышпандарының шығармаларын оқиды. 1902-ші жылы оқуын бітіргеннен соң, Уфа қаласына барып бірер жыл мектеп-медіреседе мантиқ (логика), шариғат ережелері, Құран тәпсірі пәндерінен сабақ береді.
1905-1906-шы жылдары 2-ші рет Мекке-Мәдинеге барып, қажылық парызын өтеген соң, елге қайтарда жолай 2-3 Араб Елдерінде арнайы тоқталып, Түркістан халықтарының тарихына қатысты деректерді іздестіреді. Осыдан кейін туған халқының тарихын, шежірелерін жинайды. Арқаны, Ақмешітті, Әулие-атаны шарлайды. Сол мақсатпен 1911-1913-ші жылдары Ферғана, Әндіжан арқылы Қашғарға өтеді. Тарын ойпатын шарлап, аңызы мен әпсанасы, мешіті мен мазары көп Тұрпан өңірін, Йедіқұт мазарын аралайды. Тәңір тауының жотасы Жұлдызды басып, Күнеске түседі. Ондағы қазақ ауылының мейманы болады. Құлжа қаласында Байтолла медіресесінде ғұламалармен пікірлеседі. Қас бойындағы Уәйіс мазарын, көне Алмалық қаласының орнын, Тұғлық Темір мазарын зиярат етеді. Жаркент қаласына тоқтап, Уәлібай мешітінде намаз оқиды. Содан кейін Алтынемел асып, Күреңбелдегі елді аралайды. Алматы қаласы арқылы Ұзынағашты басып, Әулиеатаға өтеді де, Құмкент арқылы аулына қайтады.
Қойтас-Молда жинаған дүниелерін жария ете алмайды. Кеңес Үкіметі тұсында байдың баласы әрі молда болғандықтан қағажу көреді. 1920-шы жылдары Мырзашөл-Мақтаарал жағына барып тұрады. 1930-1940-шы жылдары колхоз басқарып жүрген баласы Әшімбай Үкімет жағынан қастандықпен өлтірілгеи соң, қалған бала-шағама зияны тиеді деп, барлық кітаптары мен жазбаларын көміп тастайды. 1943 ші жылы 13 ші қарашада өзі дүниеден өтеді. Қойтас-Молда ел ішінде сыйлы болған. Ғұламалығы күні бүгінге дейін аңыз боп айтылады.

Хорезм уәлаяты Хиуа шәһарындағы алдымен Діни мектепте, содан соң «Мұхаммед Омар Әминхан» медіресесінде көп жылдар бойы бірге дәріс алған ферғаналық Назрулла Молда әс-Сақиб әл-Фарғони (1878-1929 ж.ж.), самарқандық қажы Тұхфатулла Молда әс-Самарқанди (1876-1929 ж.ж.) және түркістандық қажы Қойтас-Молда ат-Түркістани (1877-1943 ж.ж.) ақсақалдардың бүгінгі ұрпақтарында сақталынып тұрған КӨНЕ қолжазбалар мен тарихи мұрағаттарды зерттеуші ферғаналық өзбек жазушысы Утан Садировтың (Утанқожа Садыраддинқожаұлы) 1997-ші жылы Тәшкен қаласындағы «Мехнат» баспасынан өзбек және қазақ тілдерінде басылып шыққан «ҚОЙТАС-МОЛДА ат-ТУРКИСТОНИЙ» атты кітабынан, және 2000 жылы жарық көрген Әкемнің “Біріккен Ұлттар Ұйымында сөйлеген түңғыш қазақ” деген кітапшасынан қазақтың атақты хандары – Есімхан мен Түрсынхандардың тұсында Хан Сарайының кеңесшісі қызметін атқарған әрі 1626 – 1628 жылдары тағдыр тәлкегімен Ташкентте өмір сүрген, болашақ түріктанушы ғұлама, (1644 – 1664) жылдары Хиуа ханы болған Әбілғазы Баһадүрге (1601 – 1664) көптеген ағалық кеңестерін аямаған қадірменді Сәбилан Шешен әл-Қоңыр ат-Түркістани (1583 – 1667) бабамның ұрпақтары Бөлтай мен Қойтас-Молда атамдар туралы біршама деректер табуға болады.
“Айта кету керек, ферғаналық Назрулла Молданың бүл естеліктері негізінен 1926 жылғы ерте көктемде Қойтас-Молданың Мақтаарал өңіріндегі Өнімкер атты елді мекендегі үйіне қонаққа барған кезінде болған кездесу үстінде досының өз жазбалары мен 1902 жылғы деректерге қарап отырып айтқан ауызекі әңгімелерінің негізінде жазылған. Үлкен ұлы, жас коммунист Әшімбайды Кеңес Үкіметі 20-жылдардың басында Бетпақдала – Мырзашөлді игеруге қызметке жіберуіне байланысты Қойтас-Молда отбасымен Түркістан қаласынан сонда қоныс аударған. Осы жолы Назрулла Молданың Ферғанадан Бетпақдала-Мырзашөлге түңғыш рет келуі анықталды…” деп түжырымдама жасайды “Қойтас-Молда ат-Туркистоний” атты кітаптың авторы Утан Садиров. (Ташкент, “Мехнат” баспасы, 1997 жыл).
Жастық кезенді әрдайым есіне түсіріп, тәтті қыялдарға беріліп, сол кезеңдердегі өткен өмірдарияның тек қана жақсы, рахат сезімдерін есімізге түсіріп қана қоймай, күнде отырғанға не жетсін, достым. Ондай кезеңдерде жастар тарапынан еститін құлақ, көретін көз, жаны ашып, жүрегімен елжіреп сезінетін бауырмашып жан болғанға не жетсін!
- деп Қойтас-Молда сәл тұнжырады да әңгімесін ары қарай жалғастыра берді.
Мен сонда байқаппын, жас кезімнен Хиуаға оқуға ерте кеткеннен бе, жоқ болмаса, ағайындарымыздың көпшілігі қаланың сыртында, Майқалада, Асықата тоғайларын жағалай, Сырдарияның бойында тағы басқа жерлерде алысырақ, шетірек тұрып жатқандықтан ба, әйтеуір көпшілігін жыға тани алмадым. Дегенмен, сол жиында есімде қалғандары атамның жақын ағайындары мен құда-жегжаттары, алыстан ат арылтып келген дос-жарандарының біразы және кісілердің кейбір әңгімелері есімде қалыпты.

Қасіреті мен қуанышы да мол талай тарихи оқиғаны басынан өткізген Түркістан шәһары 1902-шы жылы күзге қарата ғаламат бір той салтанатының куәсі болған.
Осындағы әлемге әйгілі Әзіреті Сұлтан – Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің (құбыла) жақ бетінде орналасқан қаланың байырғы тұрғындарының бірі, әрі Орта жүздің Қоңырат тайпасындағы Алғый руының өз төңірегіне сыйлы да ауқатты азаматтарының бірі Бөлтай Қожамуратұлы әс-Сәбилан ат-Түркістани (1819-1907) ақсақалдың шаңырағында кенже ұлы Қойтастың Хиуа шаһарындағы “Ишанқалада” Әминхан медресесін тәмамдап келуіне байланысты бірнеше күнге созылған үлкен той салтанаты өткен.

Сол той салтанатына Бөлтай атамның (ол жылы қария 80-нің үстінде) Түркістан қаласы төңірегінде өмір сүретін дос-жаран, құда-жекжат, ағайын-туыстарымен қатар Сарыарқа, Жетісу, Зайсан өңірі, Ерейментау, Кекшетау, Жай-ық бойы, Маңғыстау, Арал атырабы, Сыр бойы, Бетпақдала – Мырзашөл еңірі, Ташкент ойпаты, Ферғана жазығы, Бүхара маңайы, Жиделі – Байсын, Қарақалпақстан, Түркіменстан, тіпті алыстағы Қытай мен Моңғол елінен, Анадолыдан, т.б. жерлерден қонақтар келіпті. Ұзын саны шамамен 2,5-3 мың адам, әйтпесе одан да көп.
Тойға келіп қатысқан кісілердің барлығының есімдері естелік дәптершеде жазылып қалдырған болатын, оны өзіңе кейінірек көрсетермін, достым. Жалпы алғанда, Бөлтай атам, көпшіл, меймандос, аққөңіл, жанына шежірешіл, ақын-жырау, батыр-балуан, ержүрек, сыпа жігіттерді көп жинап, ел ағалары – талай-талай болыс-билермен дәм-тұздас болып, терезесі тең өткен жан болса керек.
Әңгіме етіп отырған кезең, 1902-ші жыл мен медіресені бітіріп Түркістанға келгеніме арналып жасалған ТОЙ жаз айлары өте бере ерте күзде өтті. Біздің үй қаланың шетіне жақын, Ахмет Йасауи Кесенесінің қыбыла жақ бетінде орналасқан болатын. Келген қонақтарға арналып үйіміздің оң жағындағы алаңқайға 18 қанат үлкен үй тұрғызылып, айнала 14-15 шақты 8-10-12 қанатты ақшаңқан киіз үйлер орналастырылып, алыс-жақыннан келген қонақтар рет-ретімен жайғастырылды. Қаз-қатар тігілген ақшаңқан үйлердің іргелері түріліп, үйлерге сыймаған ел далаға, оқалы кілем, оюлы текемет пен өрнекті сырмақтар жайғызып, құрақ көрпешелер төсеттіріп алқа-қотан отырысқан болатын.
Бұл пәни дүниеден ертелі-кеш өткен ата-бабаларымыз бен әзіз аналарымыздың әруақ-рухтарына арналып Қасиетті Құран Сүрелері бағышталғаннан соң, жиналған көпшілік балуандар сайысын, жаяу жарысты, саясатшы, атбегі, құсбегілер мен ұста-зергерлердің өнерлерін тамашалап, би-болыстар мен қадірменді ақсақалдарымыздың билік-жоралғыларын есітіп, жас-желеңдер жағы алтыбақан теуіп, әндеткен думанды мереке 2-3 күнге созылды.
Айта берсем, оның бәрі көп нәрсе …
Тойға жиналған көпшіліктің алды бір аптадай уақыт бұрын жинала бастаған болатын. Әрине, тойда қызмет көрсететін Бөлтай атамның туған ағасы Төлеген мен оның ұлы Қошқар және Бектас (1844 ж.т), Нұртас (1858 ж.т), Жантас (1865 ж.т) ағаларым мен олардың ұлдары Алдияр (1867 ж.т), Айбота (1880 ж.т), Мұрат (1885 ж.т.), атамның жақын інілері Әгі Шұлғаубай би (1850 ж.т.) тұңғышы Әбдірайым (1877 ж.т.) құрдасыммен бірге, молда Қолдас (1860 ж.т), Оразбай мен Байназар ағаларым, Сасықкөлден Құлбаба аңшы, Қараспан болысының 99-шы ауылынан Бөрібай Қалпенің інісі Мыңбай ақсақалдың ұлдары Көрікбай, Арыстан мен Мәмбетәлі, Шақабай бабамның немересі Орынбай (1855 ж.т.) мен Ордаш ағаларым, Тасқұтаннан Сартек бабамның шөбересі Аманбай қажы (1826 ж.т.) атам мен оның немересі Сейдазым замандасым, Керей-Алғый бабамның ұрпақтары – Өтебай атамның баласы Марқабай 10 жасар ұлы Әбдікерімді, Байсеңгір ақсақалдың ұлы Байсейіт ағам ұлы Сымайыл (1875 ж.т.) мен Ботабек замандасымды алып, Қаңтарбайдағы Көлбай бабамның немерелері Момын, Байбота, Қарпық ағаларым мен Жантас ағамның ұлы Мұрат інімнің құрдасы Садықан (1885 ж.т.) інілерім және Құлажан атамның үлкен ұлы Есімхан 10-жасар Мүтәлханмен, кіші ұлы Сырман інім. Байырқұмнан Бектас атамның немересі Кәрібай сақы (1855 ж.т.), Таңатар атамның немересі Төлебай саудагер туыстарым мен Асан әжі (1857 ж.т.) жәкем, оның ұлы Әбсақ, құрдасым мен Керімбек шабандоз (1888 ж.т.), Бозан атамның немересі Қалдыбек, Келдібек және Серке ақсақалдың немересі Нұрымбет (1879 ж.т.) інілеріммен бірге тағы біраз жігіттер үйде болатын. Бұл кісілердің ары-бері жүргізетін ұйымдастырушылық жұмыстарының барлығын басқарып жүрген Бөлтай атамның замандас інілерінің бірі Тәшкен атырабында тұратын Қарасирақ аталарымыздың ішіндегі Тана ұрпағы Бөрібай Қалпе (1821 ж.т.) атамыз болатын … »
« … ТОЙ басталған күні жұма намазды Қожа Ахмет Йасауи бабамыздың мұражайының қасындағы мешітте оқыдық …
Тағы да әңгіме-дүкен, думан қызықшылық, жалғаса берді…
Бөлтай атамның жас кезінен бері тығыз араласып келе жатқан 82 жастағы ескі досы Әмин Бақшы атамыздың әңгімесі есіме түсіп отыр, соны айтып берейін, – деді де Қойтас-Молда әңгімесін ары қарай жалғастырды.
« … 1844 ші жылы тұңғыш рет Түркістан шәһарында Бөлтай досымның үйінде қонақта болып, ол кезде жас нәресте – бүгіндері алпысты алқымдап қалған жігіт ағасы, анау жүрген Бектастың дүниеге келгеніне қуанып, бірге шаттанғанбыз. Ол кезде Бөлтай ағам 25-жасқа толып, жайраңдап жүрген жастық шақ кездеріміз болатын.
Ол кезеңдерде мен, жатқан жерлері жайлы, болғыр, ата-анам, ағаларыммен бірге тұратын едім, енді ғана 23 жасқа толған кезім болатын. Біз түркімендер, рулас-жерлестігімізді ескеретін болсақ, былайша бөлінеміз. Жоумыт, Чалдар, ? негізінен Ташһовуз Велаятында жасайды, Геклен атты тайпаның ұрпақтары Ашғабат велаятында, ? тайпасы Ашғабат велаятының шығыс және Мары велаятының оңтүстігіндегі атырабтарда, ал Салыр тайпасы Чаржау велаятын мекендейтін болған. Мен бұл мәселелерді толығырақ айтып отыруымның себебі, бүгінгі мерекеде немерелеріміз қатарлы жастар көп екен, солар да естісін, білсін деп отырмын, ал үлкен кісілерге бұлардың бәрі белгілі жайлар ғой деп ойлаймын. Қазіргі кезде бала-шағамыз, немере-шөберелерімізбен бірге Қарақалпақстанның Төрткүл туманына қарасты Ақбашлы қыстағында тұрамыз. Ол жерде қазақ, түркімен, қарақалпақ, өзбектермен бірге бір атаның балаларындай тату-тәтті өмір сүреміз. Бүгінгі тойға 70-жастан асқанымда көрген ең кенжетай қызым 10 жасар Сапаргүлді де алып келдім, қалыңмалын қалыңдатып берсеңдер, құдай бұйыртқан құда болып та қайтармын Қарақалпақстаныма. Оның үстіне балақайымыз Қойтас-Молданың құрдасы, менің елге танымал жезтаңдай шәкіртім Мұрат Бақшыны да ертіп келгенмін.
Ал енді өзіміздің жас кезеңдерімізге келетін болсақ, ол кезде мен бойдақ едім, үйіміз Түркіменстанның Ашғабат шәһарында болатын. Бөлтай ағамның менен екі жас үлкендігі бартын. Соны ескеріп, мен әрдайым Бөлтай ағамды кішілік жолыммен қадір-құрметтеп жүрдім, бірақ Бөлтай ағам көп жерде менің ойларыммен келіскісі келмей, «Қойсайшы, Әмин, бір-екі жасыңды бұлдап қайтесің, одан да құрдас дей салсайшы!», – дейтін. Ондай жағдайларда мен басқа ылаж таба алмастан «Жарайды, құрдас аға бола ғой!», – деп әзер құтылатынмын. Міне, сол Құдай қосқан «Құрдас ағамменен» аралас-құралас болып жүргендерімізге де алпыс жылдай болып қалыпты, Құдайға шүкір, ағалы-інілігімізге де, құрдас-достығымызға да шаң түскен жоқ, енді түспейді де, неге десеңіздер біз қияметтік достар емеспіз бе?!
Бүгіндері салихалы Ел анасы болып отырған, анау байпаңдап жүрген Қарашаш жеңгем болса, ол кезде 18-жастағы сырықтай қараторы келіншек еді, бүгінгі Той басқарушы, ол кезде мұрты енді ғана қылаң беріп келе жатқан Бөрібай Қалпе менімен, ал, анау төрдегі отырған Сартек бабамның шөбересі Аманбай Қажы қайнысы Қарашаш жеңгесімен бір жылда туылған құрдастар болатынбыз.
Иә, Бөлтай ағамның әрдайым айтып отыратын ЕЛУ-ЖЫЛДА – ЕЛ ЖАҢА деген сөзі рас болды-ау. Бүгінгі қонақтардың ішінде бірен-саран ғана қалыппыз!…
Майрық бабамның ұрпақтарынан мына Мамасалының әкесі Өтеш бай жоқ. Жанұзақтың әкесі Қарамерген, Өтеп пен Арқабайдың әкелері Құдияр құрдас ағамыз келе алмапты. Үмбетай құрдасымның немересі Момбек жүр. Мәмбетқұл бабамның ұрпағы Таңатар құрдасымның тұңғышы мына Бұлтбай баламның ұлы Төлебайды көріп қалдым, оны өзінің құрдастары Төлебай саудагер деп әзілдеседі екен. Бөлтай ағамның құрдастары Ұлы жүз Қатаған Көккөз бидің ұлы Адай батыр, мына Шыналы мен Жұмабек болыс інілеріміздің әкесі және Қарашаңырақта отырған Бекқұлы балақайымыздың бабасы Асабай би ағамыз, Айдарбектің бабасы Дәрімбай, анау төрдегі отырған Ерейментаудан келген Мұхаммед Сопы інілеріміздің әкесі Лекер мен Нұралының бабасы Телібай, Бекбау құрдасымның ұлы, мына Рысбектің әкесі Өміртай ініміз де, Жақсыбай баламыздың бабасы Сартбай замандасым, мына Құлғара молда мен Баян батырдың әкелері Қыдырбай ағаларымыз (Алла олардың жанына тыныштық берсін!) дүниеден өтіпті.
Дәулетиярдың әкесі Әймен замандасым мен Жетісудағы Албан руынан шыққан Ескене батырдың ұрпағы Шадай жәкемнің немересі мына Толыбайдың әкесі Сәйбек құрдастарым жоқ. Сәйбекті біз әзілдеп Сақау Сәйбек деп атайтын едік. Анау төрде отырған Зайсаннан келген Бәйтік інімнің бауыры әрі Бөлтай ағамның құрдасы, біз үшеуіміз бірге жас кездерімізде Бұхарада дәріс алған Нұрмұхаммет Абыз ақсақалдың ұлы Сәбит Дамолла (1819-1883 ж.ж.) ағам да Пайғамбар жасын жасап дүниеден өткен еді.
Мына отырған әзілқой Қалмен күйеу баламыздың бабасы Айдарбек те, анау жүрген әрі өз замандастары Әбілақ көже бергіш деп әзілдесетін балақайымыздың әкесі, қадірменді Күлән келініміздің жұбайы, Бибатыр құрдасымның ұлы Ақберді балам да, Сейдін ініміздің әкесі Құлшығаш Жаманқара батыр да, Жиделі Байсыннан келген мына Алпамыс батырдың ұрпағы Тиловмуродтың әкесі Мырзақұл ағам да марқұм бопты …
Қайсыбірін айтайын, таздың басындағы селдір шашындай. Бірен-саран ақ қалыппыз, отырғандардың бәрі жастар. Осылардың өмірі ұзақ болсын деп тілейміз, Алла Тағаладан!», -деп Әмин Бақшы атамыз бір күрсініп қойды …
Бөлтай атам 83-жастан асып қалғанымен әлі бақуатты, ел арасында абыройлы адам еді. Атамның сөздері әлі күнге дейін есімде: « … БІЗДІҢ ҮЙ ҮЛКЕН БАБАЛАРЫМЫЗ АЛҒЫЙ ҚҰЛШЕКЕДЕН ТАРАЙТЫН БИГЕЛДІ (лақаб аты ӘГІ.) АҚСАҚАЛДАН ҚАЛҒАН ҚАРАШАҢЫРАҚ. БИГЕЛДІНІҢ ҮЛКЕНІ ҚАНАЙ БАБАМЫЗ ДІНДАР КІСІ БОЛҒАН. СОПЫ, ТАҚУАЛЫҒЫМЕН ЕЛ АРАСЫНА КЕҢІНЕН ТАРАЛЫП, КӨПШІЛІК ЖҰРТ ОЛ КІСІНІ «ҚАНАЙ ТАҚУА» АТАНДЫРЫП ЖІБЕРСЕ, ҚҰТТЫБАЙ, АЛМАНБАЙ МЕН ҚАРЫМБАЙ БАБАЛАРЫМЫЗ ШАРУАҚОР КІСІЛЕР БОЛЫП, АЛ КӨШІКБАЙ МЕН АБЫЗ АҚСАҚАЛДАРЫМЫЗ ЕРЖҮРЕК, БАТЫР ЖІГІТТЕР БОЛҒАН КӨРІНЕДІ. ЕЛ АРАСЫНДА САҚТАЛҒАН «ЕР КӨШІК ЖЫРЫ» СОНЫҢ АЙҒАҒЫ БОЛСА КЕРЕК. БИГЕЛДІДЕН ТАРАЛҒАН ҚАНАЙ, ҚҰТТЫҚБАЙ, АЛМАНБАЙ, КӨШІКБАЙ, АБЫЗ БЕН ҚАРЫМБАЙ АТТЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ ҰРПАҚТАРЫНЫҢ ӘРБІР ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ – БҰЛ ҮЙДІ – ӘРДАЙЫМ ӨЗІНІҢ – ҮЛКЕН ҮЙІ – ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ.
ЕНДІ КӨРІП ТҰРСЫҢДАР, КІШКЕНЕ ҰЛЫМ – ҚОЙТАС – АЛЛА ТАҒАЛАМЫЗ НӘСІП ЕТІП, ӨЗІМІЗДІҢ ХИУАДАҒЫ МЕДІРЕСЕНІ ТӘМАМДАП – АРАБТАНУШЫ – УЛЕМ – МҰДАРРИС – АЛ, БІЗДІҢШЕ ҒҰЛАМА – ҰСТАЗ ЯКИ «МОЛДА» ДЕГЕН АТАҚҚА ИЕ БОЛДЫ.
«МҰДАРРИС» НЕМЕСЕ ДӘРІС БЕРУШІ ҰСТАЗ, АЛ, БІЗДІҢШЕ «МОЛДА» ДЕГЕН АТАҒЫН АЛҒАН АДАМ АРАБ, ПАРСЫ ТІЛДЕРІН ӨТЕ ЖАҚСЫ БІЛГЕН. ШАРИҒАТ ЗАҢЫ БОЙЫНША, «МОЛДА» ҚҰРАН ОҚЫП, ОҒАН ТӘПСІР ЖАСАУЫ КЕРЕК.
АЛ ЕНДІ ҚҰРАН СҮРЕЛЕРІН ҚҰР ЖАТТАП АЛЫП, ӘРТҮРЛІ ҚЫРААТҚА САЛЫП, ДАСТАРҚАН БАСЫНДА НЕМЕСЕ БАСҚА ДА КӨПШІЛІК ҚАУЫМ БАС ҚОСҚАН ЖЕРЛЕРІНДЕ ОҚУ ЖӘНЕ КҮНДЕЛІКТІ БЕС УАҚЫТЫЛЫ НАМАЗЫН ҚАЗА ЕТПЕЙ АЛЛА ТАҒАЛАМЫЗДЫҢ АЛДЫНДА ӨЗ ПАРЫЗЫН ӨТЕП ЖҮРУ – ӘРБІР МОМЫН МҰСЫЛМАННЫҢ БОРЫШЫ – ОЛ МОЛДАЛЫҚҚА ЖАТПАЙДЫ.
ЖАСЫМ БОЛСА МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ЖАСЫНАН ӨТІП, СӘБИЛАН БАБАМЫЗДЫҢ ЖАСЫН ЖАСАП ОТЫРМЫН. БИЫЛҒЫ НАУРЫЗДА МЕН «МЫҢ АЙДЫҢ ЖҮЗІН КӨРДІМ!» АЛЛА ТАҒАЛАМЫЗ НӘСІП ЕТІП, ТАҒДЫР ЖАЗСА, АЛДАҒЫ УАҚЫТТАРДА ДА ТАЛАЙ ЖҮЗДЕСЕРМІЗ, ҚҰДАЙҒА МЫҢ ДА БІР РЕТ, ШҮКІР, МЕН РИЗАМЫН. СІЗДЕРДІҢ АЛДАРЫҢЫЗДА ТҰРҒАН ҚОЙТАС-МОЛДА ҚАСИЕТТІ БИГЕЛДІ БАБАМЫЗДЫҢ ОСЫ ҮЙ – ҚАРАШАҢЫРАҒЫНЫҢ – ҚҰҚЫҚТЫ МИРАСҚОРЫ … »
Той-Думанға алыс-жақыннан келіп жиналған жұрт 2-3 күн бойы молда Мұсаның, Әлшекей күйшінің, атақты Құрманғазы күйшінің шәкірті Нәмен күйшінің, Мәдидің, Базар Жыраудың, Мұхамбеткерейдің (әнші Мұхит.), Құлан ақынның, Әмин Бақшының, Құлыншақ ақынның, атақты Біржан Салдың шәкірті, әнші Жарылғапберді саятшының, Әйберген замандасымның, Шаңгерей әншінің, Қазанқап күйшінің, Мұрат Бақшының, әнші Қозыкенің, Нұртуған Кершінің, Тұрмағанбеттің, Жамбыл ақынның, Қалмен Әзілқойдың, Жыршы Қылышбай Молданың, Баққас пен Бақы бишілердің, Мыңбай әншінің, Ғұмар Қараш пен Ерғожа күйшінің, Жүсіп ақынның, Шәді Шайырдың, Санбай ақынның, Толымбек інімнің, атақты Ықылас қобызшының шәкірті Сүгір күйшінің, Әбсақ құрдасымның, бесаспап Берікбол – Ағашаяқтың, Байсерке күйші мен атақты Дәулеткерей күйшінің шәкірті Әлікей күйшінің өнерлеріне таң қалысып рақыметін жаудырды.
Кәрі тарлан Ақназар, Боранбай батыр мен Омарқожа Дарабоз, Пайғамбар жасын жасап отырған Баян мен Жақып батырлардың, Тілеуберді шабандоздың, қырықтың қырқасындағы қылшылдаған Құрманбек, Биназар батырдың, Сейдін інімнің, Теке шабандоздың, Молдадос балуанның, жас бөрілер Қойшыбек пен Әсілбек батыр-балуандардың, Көбжан шабандоздың, Қарақұл атбегінің, Көзтай шабандоздың, Құлбала ұстаның, Аллаберган атаның. Алыстан ат арылтып келген атбегі, Толыбай саятшының, Өзбек Төренің, Ағман құсбегінің, Мәмбет шабандоздың, Жолдасбек атбегінің, Жүніс шабандоздың, Бошан жаяу жүргіштің, Сайидқул шабандоздың, Төлебай саудагердің, Жантөре атбегінің, Жанай зергердің, Уәлихан атбегінің, Рысбек шабандоздың, Жүніс тапкердің, Жәпек шабандоздың, Күлтай атбегінің, Үсіп Құсбегінің, Бердібай атбегінің, Жарас тапкердің, Айболат бауырымның, Құлбала аңшының, Изенбай шабандоздың, Шертан Жұлқардың өнерлеріне сүйсінді.
Бөрібай Қалпе, Ферғанадан келген Мұсахан қожа мен Саип қожа ақсақалдар, Манап ақсақал, Аманбай Қажы, Саип Қожа, Базаралы әжі, Бәшен сыпа, Әлі ағам, Үсен Қожа сыпа, Усман Қары, Сатыбалды ағам, Байғарын әжі, Құлғара молда, Жармахамбет ақсақал, Базарбай әжі, Кенжебай ақсақал, Баймұхамбет Қожа, Мамаш ағам, Асан әжі, Қаймолда ағам, Мұхамеджан молда, Сары ақсақал, Нұржан ағам, Ақмешіт пен Шиөліден келген Қыпшақ Әбілсейіт қажы, Жақсыбай ағам, Ботабай ағам, Әбілқайыр молда, Болат Қожа, Қармақшыдан келген Рамадан Ахмет Сыпа, Иманқұл молда, Тұрсынбай ағам, Ербатша тәуіп, Жидебай ақсақал, Наурызбай Молда, Асылбек сыпа, Жетімдер Айтжан Дамолла, Барлыбай ақсақал, Құдайберді молда, Ақбала ағам, Алданазар әжі, Төлеш молда, Татубай ақсақал, Дербісәлі ағам, Үсіпбек ағам, Түркменстаннан келген Кіші жүз Жәнтін Өтеулі Ишан, Құрманбай ағам, Жақсылық молда, Мырзалы бақсы, Қанай ағам, Шамұрат ақсақал, Әбдірайым Қожа, Керімқул молда, Жәбек ағам, Ахмет Қалпе, Сұлтанбек ағам, Есім Қожа, Секербек ағам, Құрбарақ Тұраш әжі, Үсіпбек дуана, Төребек ағам, Жүніс молда, Исламиддин молда, Батырбек әжі, Қасым ағам, Жұрын Қожа, Қалдыбек ағам, Бұлтбай ағам, Мұхаммед Сопы, Көзжан молда, Қайназар ақсақал, Қожаберген ағам, Оспан молда мен Мырзагелді әжі, Ахмет Айбатыр ағам, Кеңесбек ақсақал, Майлыбай тәуіп, Бағымбет молда, Дәулетияр әжі, Жүндібай ақсақал, Сәуірбай туысым, Бибатыр ағам, Сүлеймен молда, Төлеген ақсақал, ? Айқожа, ? мен Қантай Ишандардың уағыздарын тыңдады …
Мұхамедзия ойшыл, Қазығұрттан келген Жаныс Бегасыл Би мен Сиқым Жантемір сал , Момбек би, Саумалкөлден келген Бәш ақсақал, Бүйрабай мен Сәдібек болыстар, Сәтбай сері, Қарауыл ақсақал, ағатай сері, Өстемір болыс, Өтеп ақсақал, Тәшкенбай сері, алыстан аңсап келген Ахмет бауырым, Құйысқансыздар Асанбек сері, Дәулет атам, Баян сері, Биғара ағам, Өтеген сері, Байзақ ағам мен Жетімдер Көбек, Кемелбай ағам, Бектұрсын би. Әлсейіт Қожа, Барқы ақсақал, Базар жәкем, Жұмабек болыс, Исабек ағам, Ескен ақсақал, Баеке болыс, Ділімбет Шері, Мырзадин бауырым, Әшімбек туысым, Сарыбатыр сері. Төлебай саудагер, Кәрі сыпа, Иманберді Көсемсөз шебері, Жанбатыр сері, Мәулен Тілмаш пен Сейітқали. Жүргенбай ағам, Жантөре болыс, Әшірбайдың Шәкиі, Қибақ Шойбек пен Мәшіріп, Мәмбетәлі ағам, Сәкен сері, Мырзалы болыс, Нұржан сері, Темірбай болыс, Нартбай болыс, Шойынбет би, Сапар Датқаның билік-жоралғыларын естіді …
Келген қонақтардың барлығы да өз сый-сыяпатыменен ат мініп, шапан киіп қайтып кетіп жатты …
Той біткеннен соң, Бөлтай атам құзырына ағаларым Бектас, Нұртас, молда Қолдас, Жантас және мені шақырып алып, кеңесті.
Қойтас-Молда ұлым, – деді әкем, – мақұл десең үйлендіремін, әруағыңнан айналайын, Қасиетті Сәбилан бабаң Шымыр – Шілмәмбет Досмұхаммед бидің күйеу баласы болатын. Өзіңнің Қарашаш Шешен болса, бидің Ақбура ұрпағының қызы. Анаңның: «Арамыз үзіліңкіреп барады ғой, сүйек жаңғыртсақ та дұрыс болар ма, еді!»,-деген ниеті де бар, ал енді өзіңнің таңдаған сұлу қызың болса оны да айт, ағаларыңмен бірге бұл мәселені шешеміз. Басқа ойың болса, оны да айт, есітейік.
Ата, ағаларым, Сіздерге көп рахмет. Сіздерден өтіп қайда барар дейсіздер, мені. Дегенмен, Алла Тағаламыз нәсіп етіп, Сіздер рұхсат етсеңіздер, мен үйленуден бұрын 2-3 жыл ғылыми істермен айналыссам, Алла Тағаламыз нәсіп етсе, атамның Шежіресі және Тарихи мәселелер бойынша бастаған істерім бар еді. Баратын, іздейтін, зерделейтін тұстарым бар, – дедім.
Мейлі, Молда ұлым, – деді Бөлтай атам, – сенің айтқаның болсын. Қай жаққа, қайсы елге барамын десең де саған рұқсат, балам. Қаржы жағынан қысылма, Құдайдың нәсіп етіп бергені жетеді. Дегенмен, біздерге келін әкеліп беру мәселесін де кешіктірмесең болар еді, – деп күлімсіреді атам. Ағаларым да әкемнің сөзін қолдап-қуаттады. Сонан соң Бөлтай атам қолын жайып, бізге Бата берді…

Бұған қоса айтылатын бір жаңалық мынау: 1902 жылы медресе бітіргеннен кейін үлкен діни қайраткер болған, Орта Азияны, Еділ бойы елдерін, Моңғолияны, Қавказдың мүсылман түрік жүрттарын аралаған, ал 1911 – 1913 жылдары Шығыс Түркістанға танымдық сапар шегіп қайтқан қажы Қойтас Молда туралы 1902 жылғы Түркістандағы ұлы мерекеге Жетісудағы Шаңқанайдан 22 жасар ұлы Игілікпен бірге барып, қатысып қайтқан Ұлы жүз Албан Сәйбек бабамыздың бір ұрпағы Толыбай саятшының немересі, бүгіндері Алматыда түрған (ол жуырда дүниеден қайтты) белгілі жазушы Құрманбай Игілікұлы ағамыз ол кісінің сол Қытай еліне жасаған сапары жайлы “Шиыр жолдар” атты кітап жазу үстінде еді…
Менің әкетайым – Әшір-Бек Қойтас-Молдаұлын (1940-2008ж) кезінде өнер мен спортты қатар сүйген, осы екі салада да едәуір жетістіктерге жеткен қазақ азаматы. Халық театрының әртісі, кезінде 1964-1967 жылдары «Қыз Жібек» пен «Жалбыр» спектакльдеріне қатысты, Кремль сахнасында ән шырқап, Бүкілодақтық театр фестивалінің лауреаты атанған болса, класикалық күрестен (ҚСРО) спорт шебері атағын да алған жан.
Соңғы он шақты жылдың көлемінде ол Өзбекстандағы қазақ театры қорын басқарып келеді. Бұл қордың басты мақсаты – Өзбекстанда (Ташкент) қазақ театрын, Қазақстанда (Шымкент) өзбек театрын ашу. Бұл бағытта біраз жүмыстар атқарылды.
Мұнымен қатар әкем Қоңырат тайпасының тарихын, шежіресін зерттеумен қызу айналысып жүрген еді.

Әкесінің мұрағатын ақтарып отырып, жоғарыда аты аталған самарқандық қажы Тұхфатулла Молданың кенже ұлы Нишонбай ағамыз (1923-2001) ол кісінің (әкесінің) 1902 жылғы Түркістандағы үлкен той салтанаты туралы қолжазбасын табады (араб әріптерімен, шағатайша жазылған) және оның ішінен Қойтас-Молданың есімін кездестіреді, сонан соң іздестіріп жүріп, молданың кіші ұлы әкемді тауып барады (1995 жыл).
Түхфатулла Молданың естеліктеріне қоса ол кісінің мектептес, медреселес жан досы Ферғана атырабында тұрған Назрулла Молданың да қолжазба естеліктері, әсіресе 1902 жылғы Түркістандағы той салтанатына қатысқан конақтардың толық тізімі (кімнің қайдан келгені де бұл тізімде көрсетіліпті) де табылады. Оның соңында Бөлтай атамның бастаған үш адамның қолы бар екен..
Айта кету керек, Қойтас-Молда туралы жоғарыда айтылған Утан Садиров ағаның кітабы да сол естеліктердің негізінде жазылған. Міне осы 1995 жылдан бастап он жылдың жүзі болып қалыпты, әкем сол XX ғасыр басындағы ұлы басқосуға қатысқан кісілердің бүгінгі ұрпақтарын іздестіруге кірісіп, кіріскенде де өте қызу кіріскен еді, бүл ісін жалғастырып келген. Нәтиже өте жақсы болған! Кейбіреудің үлдары мен қыздары, ал кейбіреулерінің немерелері, тіпті, шөберелері табылып жатқан. Бір қызығы, қазіргі үрпақтарының бәрі дерлік әкелерінің немесе аталарының сол той салтанатына қатысқанын мүлде естімеген, білмейді. Ал қазіргі ұрпақтардың арасында бүгін елімізге жақсы танымал болып отырған ғылым-білімнің, әдебиет пен мәдениеттің, тіпті бүгінгі бизнес әлемінің де өкілдері бар. Олардың бәрі үшін бұл үлкен жаңалық. Мысалы, бүгінгі көзі тірі зейнегкер, үйшртанушы ғалым, тарих ғылымының кандидаты Ерзин Мунир ағамыз (1927ж.туған) сол тойға Зайсаннан Қыстаубай баймен күймелетіп, өз әкесі 19-20 жасар Ибрагамніңде (сонда түрған татар ағайындардан) бірге барғанын бірінші рет естіп, әрі таң қалды әрі сез жоқ қуанды.
Бұл қолжазбадан белгілі болып отырған тағы бір маңызды жаңалык, – көрнекті түрік ойшылы, философ және ақын Зия Көкалыптың (1876-1924) сол тойға, яғни Түркістанға келуі. Бұл бүгінге дейін Түркияға, жалпы түрік ғылымы мен әдебиетіне мүлде белгісіз болып келген жаңа дерек. Қолжазбада бұл жайында:”Анадолыда (Сиваста) тұратын қарақалпақ ағайындарымыздың ішіндагі Қолдаұлы Қоңырат – Мүйтен аталарының бір ұрпағы Ахметке еріп, қасына Диярбақырдағы орта мектепте түрік тарихи пәнінен өзі дәріс алған мұғалімі Мехмет Таупықты алып, (Мехмет Зия) жетті” деп көрсетілген. Осы Мехмет Зия – (Зия Көкалып). “Көкалып” фамилиясын ғалым кейін алған.
Ол кезде Мехмет Зия (Зия Көкалып) әлемге емес, әлі өз еліне, Түркияға таныла қоймаған 26 жастағы жас жігіг. Саяси үйірмелерге қатысып, газет-журналдарға мақалалар жазып, т.б. Егер Түркістанға Мехмет Зия (Зия Көкалып) сапары оның болашақта табанды түрікшіл қайраткер болуында елеулі рөл ойнаса керек. Түркістанда ол бір аптадай болған.
Зия Көкалыптың өзінің бүкіл саналы ғумыры мен шығармашылығын бір ғана ұлы мақсатқа түрікшілдік идеяларын таратуға арнағаны мақсатпен ол он шақгы кітап, қаншама өлең-дастаң, ғылыми мақалалар жазды. Басқа да жүмыстар жүргізді. Сол еңбектерінің ішінде оның есімін әлемге әйгілі өткен сүбелі еңбегі!- “Түрікшілдіктің негіздері” (1924) атты кітабы.
Зия Көкалыптың бұл еңбегі кейін әлемнің біркатар тілдеріне аударылды. Ал КСРО-да Зия Көкалыптың еңбектерін жариялау былай түрсын, оның аты да ауызға алынбағаны белгілі тек Одақ шаңырағы ортасына опырылып түсіп, қызыл аждаһаның жаны жаһаннамга кеткен соң ғана мұндай мүмкіндікне колымыз жетті емес пе! Сөйтіп, 1990 жылдын басында «Түрікшілдіктің негіздері» әзір6айжан (1991), өзбек (1993) тігкрінс аударылды, ал 2000 жылы біздің аудармамызбен Алматыдағы «Мерей» баспасынан казак тіліңде жарыққа шықты. . .
Зия Көкалыпқа қатасты тағы бір дерек белгілі болып отыр. Зия Көкалып келген-кеткен біреулер арқылы – 1915 жылы Қажы Койтас – Молда Бөлтайұлына өзінің «Ұлт» деп аталатын өлеңін жіберіпті. Бұл Зия Көкалыптың атақты өлендерінің бірі болып табылады және қаламгердін барлық жинақтарында бар. Өлеңде түрік бірлігі, идеясы жырланды.
1926 жылғы Мақтаарал өңіріндегі Өнімкер ауылында болған кездесуде Қойтас-Молда өзінің досы ферғаналық Назрулла Молдаға осыны айтып, Мехмет Зияның қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды.
Демек, Зия Көкалып 1902 жылы Түркістанға келген және онда танысқан достарын үмытпаған.
Осы Анадолыдан аттанған қонақтардың Түркістанға келуі туралы елге танымал жазушы Қүрманбай Толыбаев агамыз мынадай пікір айтқан еді: «Олар алдымен Ыстамбұлдан кемемен Қырымға, содан темір жолмен Қазанға, әрі қарай Орынборға, Актөбеге, Түркістанға баруы мүмкін, ол кезде бұл бағытта темір жол бар болатын (Түрксіб кейін салынды гой). Ал қазақтар қайдан болса да атпен келе береді, қажет жағдайда араға бір-екі рет конып та алады..»
XX ғасырдың бас кезінде Тәшкенде “Сырлы Мешіт” махалласының имамы самарқандық қажы Түхфатулла Молданың (1876-1929) бүгінгі үрпақтарының отбасылық мұрағаттарында сақталған қолжазбадан тағы мынадай деректерді оқуға болады: “Менің арғы бабам Алаш!” дөп отырады екен Сәбилан Шешен (1583-1667), бабамыз деді 1902 жылғы Түркістанда өткен ұлы басқосуда Алғый Алашхан бабамыздың кіші немерелерінің бірі Бөлтай Қожамүратұлы әс-Сәбилан ат-Түркістани атамыз.
– Әрине Алаш бабамыз туралы ел арасында кейінен тарап кеткен әртүрлі аңыз-әңгімелердің барлығы да шындық дүние. Осы аңыз-әңгімелердің шығу төркінінде бүгінгі қадірлі қонақтарымыз, мына отырған әзіз бауырларым – Қантай Ишан мен Манапқожа, анау төрде отырған Қорасан қожаларынан Гәдәй Шайықтың шөбересі “Бошан жаяу жүргіш” пен Баймұхаммед, Тәшкеннен келген Сәйид Қаңлы Нарқожа мен Шабар Ишан інілерімнің, мына Бақсайыс пен Нәдірқожа бабаларымның ұрпақтары Аманқожа мен Жүрын балам, Сауран жеріндегі Мырша Мыңбасының ұрпағы Үсенқожа балақайымның және де Семейден келген Төре туқымдары атышулы Барақ Сұлтанның ұрпағы Әлихан балам, Тәуке мен Әбілқайыр хандардың үрпақтары Баубек бақсы інім мен Ерғожа күй-ші бауырымның әкелері Есіргеп пен Медет замандастарымның – өз заманының білімпаздары мен көрегендері – арғы бабаларының да әсерлері жок, деп айта алмаймыз… Ел арасындағы “Қарадан шығып хан болмас” делінетін ата-бабаларымыздың ауызекі жарғы-қағидаларының да шығу төркіні сол кезеңдер болса керек. Дегенмен де базбір тауарихнамалык, жәдігерліктерде айтылатындай, Алтын Орда хандарының бірі болған Нағадай немесе қазақ Қоңыраттарының ауызекі шежірелеріндегі Нағанай ұлы бабамыздың жеті шешемізден туылған 30 ұлы, Емен, Семен атты 2 құлы, барлығы 32 ұлы болыпты делінеді. Ол әзіздеріміздің көпшілігінің аты-жөні мөн бүгінгі үрпақтарының қайда, қалай өмір сүріп жатқандықтары да біз момындарға белгісіз…
Сол Нағанай бабамыздың ержү-рек те батыр, шаруа да білімпаз ұлдарының бірі, менің арғы бабам Алаш болса, бүгінгі Сыр бойындағы лақап аттары “Көктіңұлы мен Көтенші” делініп екіге белінетін қазақ қоңыраттары – Жиделібай сынға ел үдере кешкен қым-қуыт заманда Түркістан төңірегінде қапып қойған Нағанай бабамыздың кенже үлдарының бірі Мелденің бүгінгі ұрпақтары. Бірер жылдан бері мұқият дайындалып, қыруар уйымдастмрушы жұмыстар жүргізіп, әрі Сіз бен Біздің бұл басқосуымызда қызмет етіп жүрген де солар.. Анау төрде отырған Өзбек елінің Сұрхандария уәлаятындәғы Жиделібай сынның Тілла Қамар қыстағынан келгөн Қаракаспақ атамыздан сегіз ұлының тұңғышы Сары бабамыздың бір ұрпағы Ерназар атамыздың бесінші ұлы, Мырзақұлұлы Тиловмурод балам 6 жасар Нормамад немерем, тәшкеннен келген өзбек Усман Қары мен Ғұлам Қары, бауырларым, Тұхфатулла молда балам, Анадолыдағы Сивастан келген Қарақалпақ ағайындарымыздың ішіндегі Мүйтөн атасының ұрпағы Қалдыбай інімнің ұлы Ахмет пен бірге келген, мына езіміздің Қарақаппақстандағы Шымбайдан келген, Қалқаман атасының бір ұрпағы Ербатыр балаларымның арғы түп аталары Бүзырық Қоңырат пен Қолдаұлы Қоңырат агалары да ұлы бабамыз Нағанайдың ұлдары Былайша айтқан Алаш пен Мелденің туған бауырлары Бүзырық Қоңырат пен Қолдаұлы Қоңырат аталарымыздың бүгінгі үрпақтары өзбек пен қарақалпақ халықтарының санатында.
Алаш бабамызды да, “қазақтың түп атасы Әннәс сахабадан таралыпты-мыс” делінетіні секілді, өз тарапына тартушылар да кем болмаған…
Қалай десек те, Шыңғыс дәуірінің түлегі Алаш бабамыз ғасырлардан ғасырларды аттап етіп бүгінгі заманымызға жетіп, осы жерде отырған барлығымыздың да Ұлы да қадірменді арғы түп бабамыз болып келді, әлі де бола берер! -деп Бөлтай ата Құран сүрелерінен дүға оқып, бата жасады…Той-Салтанатқа жиналған жүрттың барлығы дерлік ата-бабаларымыз бен Апла Тағаламыздың елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның сахабаларына, Қүл Қожа Ахмет Яссауи бабамызға мадақтар арнап, бет сипастық” (қажы Түхфатулла Молданың қол-жазбаларынан үзінділер. 1902 жыл.)
…Мүмкін, осы жолы-ақ, бір жүмадан соң жас кезінен бірге өскен мектептес, медреселес қимас досы Назрулланы Ферғанаға шығарып салып түрып: “Назрулла, Үкіметтің адамдары менің қыр соңыма түсіп алды. Мынаны сақтау маған күн өткен сайын қиындап барады, – деп сырты былғарымен мүқият қапталған қалың дәптерді қолына үстатады. Бұл 1902 жылғы Түркістандағы той-салтанатқа келген Түрік-Алаштың, қала берді исі қазақтың игі жақсыларының аты-жөндері жазылған қолжазба.
-Әзірше сенің үйіңде түра түрсын”. Назрулла оны қойнына тығып, аттанып кетеді. Қойтас-Молдаға сол қолжазба-тізімді Назрулладан қайтарып алудың реті келмей-ақ қойды. Әрі-сәрімен көңілі алаң болып жүргенінде үкіметтің “жандайшаптары” үлкен ұлы, Мақтаарал өңіріндегі “Үлгілі” колхозының түңғыш қазығын қағысып әрі өзі басқарып жүрген Әшімбайды қастандықпен өлтіреді…
Кейінгілеріме зияным тиіп кетер деген қауіппен 1943 жылы қолында бар діни кітаптары мен қолжазбаларын лажсыз жерге көміпті. Оны байқап қапған қызы Сәрсенкүлге: “Қызым, ешкімге тіс жарып айтушы болма! Үкімет біліп қалса, ешқайсымызды да аямайды”, -деп, қатты ескертеді. Сол Сәрсенкүл апай күні кешеге дейін әкесінің құпиясын жан баласына ашпаған…
Қойтас-Молда қуғын-сүргінде жүріп те астыртын уағызын жалғастырып, жұртты дін Исламнан безінбеуге шақырады. Тіптен Тәшкендегі аяғын шаян шағып, хал үстінде жатқан Әбдіәкімнің әкесі Шохмирзоға түнделетіп барып, қасиетті дүғамен шаянның уын қайтарғанын көзі көргендер әлі күнге дейін айтып жүр. Алайда, жаңа Үкіметтің дінге қарсылығына іштей әбден күйініп, қажыған ол 1943 жылы 13 қарашада бақилық болып, дүниеден етеді…
1902 жылы Түркістанда болған бүл үлкен той-салтанат Түхфатулла мен Назрулла Молдалардың естеліктері табылғанға дейін, яғни 80-90 жыл бойына ұмытылды. Бізге белгісіз болып келді. Кейін әкем бүрынғы бар деректер мен кейінгі он жыл көлемінде өзі жинаған материалдар, суреттер негізінде үлкен еңбек жазуды қолға алған еді. Бұл еңбектің бірінші кітабын жазып бітірді. Әкемнің және де өткен бабаларымыздың әруақ-рухтарына бағыштап, таяуда ол, Құдай қаласа, жарық көрмекші.
Мақаланың соңында мынадай мәселелерге тоқталуды жөн көрді. Бірінші. XX ғасырдың басындағы бүл ұлы жиынның бірден-бір себебі Қойтас-Молданың медресе бітіру қуанышын тойлау ғана ма? Бұл үшін 150-200, әрі кетсе, 300 адам да жеткілікті емес пе? Мүмкім, бүл жиынның негізгі мақсаты сол кездегі түрік-ислам әлеміндегі маңызды мәселелерді талқылау, осы бағытта белгілі бір тоқтамға, тұжырымға келу, болашақтың қамын қарастыру, т.с.с.
XIX ғасырдың аяғы, XX ғ. басы – Осман империясы азып-тозып, ыдырауға бет алған, Ресейде солшыл идеялар кең етек алып, 1905 жылғы теңкеріс жақындап келе жатқан, мүмың есесіне түрік-ислам әлемінде жаңа қозғалыс – жәдитшілдік (жәдитизм) барған сайын дамып келе жатқан кез.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында түрік тілдерін, оның ішінде қазақ тілін зертгеген орыс ғалымдарының (мысалы, Алекгоров, Ильминский, Метиоранский т.б.) нағыз миссионерлер болғанын да ұмытпағанымыз жөн. Шартараптан жиналған игі жақсыларды киеяі Түркісган шаһарында басын қосып, арнайы ұлан-асьф мереке өткізген әрі Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың сопылық ілімін уағыздаушы әрі ары қарай дамытушы ғұлама-әзіздеріміз ел ағалары мен ақсақалдарымыздың –Бұхарадағы медресені Бөлтай ақсақал мен бірге оқып, бірге бітірген, әрі 1850 жылдары Мекке-Мәдинеге қажылыққа бірге барған өмірлік қимас төрт достың екеуі бұл кезде марқұм болып кеткен -Ителі Керей Сәбит Дамолла Нұрмұхаммедұлы (1819-1883 ж.ж.) мен Қоңырат Тұрымтай қажы Шобанұлы (1820-1890 ж.ж.). Үшінші дос ашғабаттық түрікмен Әмин бақшы (1821 ж.т.) Түркістандағы мерекені үйымдастырушылардың бірі болған. Бул жиынға осы төрт достың бірі Керей Сәбит дамолла марқұмның 1867 ж

Related Articles

  • ТОҒҰРЫЛ ХАННЫҢ «ТОНЫМЕН ТУҒАН ҰЛЫ» ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР

    Жанымхан Ошан   Тарихи әдебиеттерде, мұнда Рашид ад-диннің әйгілі еңбегінде, «Моңғолдың құпия шежіресінде», «Юан ши» (юань патшалығы тарихы) кітабында керейдің Тоғұрыл Оң ханы мен Темүжіннің қарым-қатынасына тоқталған кезде, аттөбеліндей азғана моңғолдың Есугей есімді баһадүрінің жетімі – Темүжіннің өз ағайындары Тайшығұттардан жәбір көріп, «көлеңкені жаршы қып, қылқұйрықты қамшы қып» тағдырдың тәлкегіне ұшырап, Тоғұрыл ханы «әкеміздің андасы болғандықтан, әкеміз сияқты ғой» деп, әке орнына әке тұтып, қайын жұрты – қоңыраттар берген қара бұлғын ішігін алып, оған сәлем бере баруынан бастайды. «Әкең өлсе өлсін, әкеңді көре қалған өлмесін» демекші, Темүжіннің сапары сәтті болып шығады. Пана тұта барған әкесінің көне «Андасы» Тоғұрыл хан ағынан жарылып: Мынау бұлғын ішіктің, Қолқасына жарамын. Бытыраған еліңнің, Басын қоса

  • АТАНТАЙ АБЫЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАТЫР НЕМЕРЕСІ ҚАЙДАУЫЛ ХАҚЫНДА

    Қазақ даласына жоңғарлардың шабуыл жасаған мезгілі қазақ батырларының да көптеп дүниеге келген дәуірі болды. Бұл туралы Ш.Уалихановтың: «Абылай дәуірі – қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры» деген сөзі тектен-текке айтыла салмаған. (Ш.Уәлиханов, 5 томдық шығармалар жинағы, //А.А. 1984, 1 т.,432 б.). Сол дәуірде туған әйгілі батырлардың бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792) еді. Жәнібектің жас батыр атана бастаған кезінде де оны уақ пен керейдің әйгілі батырларының тәрбиесіне алғаны жайында әр түрлі аңыз бар. Арғы жағы Ер Көкше, Ер Қосай, Сартоқай, Жанат, Сәменбет сынды қарт батырлар Жәнібекке ата жолындағы ұстаз болған деседі. Мұндағы Сәменбет батыр есімі де жоңғарға қарсы соғыс дәуіріндегі әйгілі батырлардың бірі ретінде аталады. Ол 1626 жылы туылып, 1723 жылдары Сыр

  • Әміржан Қосанов

    Биография Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов (13 мамыр 1964 жыл, Сапақ ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы) — қазақстандық саясаткер, қойғам қайраткері, журналист. Отбасы және балалық шағы 1964-жылы 13-мамырда Қызылорда облысы Арал ауданының Сапақ бекетінде көпбалалы теміржолшының отбасында дүниеге келді. 1981-жылы Қызылорда облысы Жаңақазалы стансасындағы №17 қазақ орта мектебін бітірді. 1981-1982 жылдар – Жаңақазалы стансасындағы  №716 құрылыс-монтаж пойызының слесарі. 1982-жылдан – ҚазМУ журналистика факультетінің студенті. 1983-1985-жылдары – Кеңес Армиясының қатарында қызмет атқарды (Мәскеу қаласы). 1985-жылы оқуын жалғастырды. Факультет комсомол комитетінің хатшысы боп сайланды. Лениндік стипендия иегері болды. 1989-жылы университетті үздік тәмамдады. Әкесі – Сағидрахман Ағыбетұлы Қосанов. Анасы – Аққыз Нағашыбайқызы Қосанова. Жұбайы – Роза Мұратқызы Қосанова. Балалары – Индира, Томирис, Ғалымжан Қызмет жолы

  • Ақсақ қасқырдың айласы

    Атақты Зуқа батырды білесіңдер ғой. Батыр атамыз бүкіл Алтайды уысында ұстап тұрды. Сол жылдары батырдың жылқышылары қос-қос жылқысын қыста жоңғар ойпатына, құмға отарлатып қайтады екен. Онда жабайы жылқы – тарпаңдар көп болады. Тарпаңдар жылқыдан кішілеу, құланнан ірі болады. Оның айғыры үйірін қасқырға алдырмайды. Тіптен, кез келген құйынды, қарлы боранда ыққан жылқыны алып шыға алады. Соны білетін жылқышылар жылқы үйірлерін тарпаңдарға жақындатып, қосып, алыстан қарауылдап бағады екен. Осылайша тарпаңдармен қан араласыпты. Тіптен бір тарпаң айғыры жылқыға үйірлесіпті. Сонымен көктемде отардан қайтқанда әлгі тарпаңның айғырын да қоса қайырып, Алтайға оралыпты. Бірде жылқышылар тарпаң айғырды қолға үйрету үшін ұстамақ болады. Алайда тарпаң өте қандес, жансебіл екен. Жылқышылар үлкен сайдағы орман арасына қамап, қолдарына

  • Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі

    (Оспан батырдың туғанының 120 жылдық мерей тойына арналады) Ерзат Кәрібай     Қытайдағы қазақтар тарихында жане Шыңжаң тарихында «үш аймақ төңкерісі» не дұрыс тарихи баға беріліп Шыңжаң жерліе тарихынан орын берілген, әрине аталған үш аймақта (Алтай ,Тарбағатай, Іле) қазақтар басым бола тұра, төңкерістеде жетекші рол ойнағанына қарамастан оны Ұйғұрдың еншісіне меншіктеп берді, халқарадада осылай таным қалыптасқан. Оған негіз 1944 жылы12 құрылған үкіметте басшылықта қазақтар болмады, үкімет тілі ұйғұр тілі болды, тарихи суреттерімен хұжаттарыда дерлік солай болды! Демек екінші шығыс түркістан жерлік халық сайламаған заңсыз үкімет еді! Егер заңды үкімет болса тұтас үш аймақтағы 720 мың халықтың 53% ін ұстайтын қазақ билікте болған болар еді! Кейінгі аталмыш үкімет қазақ мүддесіне саятында

1 пікір

  1. ОРАЗ Әзірбай Жүрсінбайұлы

    Қойтас-Молда Бөлтайұлы ас-Сәбилан ат-Түркістани kerey.kzkerey.kz | May 15, 2015 аяқталмаған мақала. Жалғасын қайдан табуға болар екен?

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: