Ауған Президенті Қазақ азаматшасының қаза болуына байланысты Назарбаевқа көңіл білдірді
Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ғани Қазақстанның азаматшасы А.Абдулаеваның лаңкестердің қолынан қаза болуына байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл білдірді-деп хабарлайды ҚР СІМ гі баспа сөз қызметі.
Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғани Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Өміртай Бітімовпен телефон арқылы сұхбатында, 2015 жылғы 13 мамырда Қабыл қалысындағы конақ-үйге жасалынған қарулы шабуыл нәтижесінде ҚР азаматшасы Әйгерім Абдулаеваның қаза болуына байланысты, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақстан халқына және марқұмның жан-ұясы мен жақындарына көңіл білдірді.
Ауғанстан басшысы Қазақстан азаматшасының қайтыс болғаны туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын, сондай-ақ елде лаңкестікті жою бойынша Ислам Республикасы басшылығы барлық шараларды қолданып отырғанын мәлімдеді.
Ауған тарапы «Ауғанстанның үлкен әрі жақсы досы» болып отырған Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екені де айрықша атап өтілді.
Пікір қалдыру