«Астана арландары» Ресей құрамасын жартылай финалда 9:1 есебімен жеңді.
Алғашқы бес боксшы бірінші күні өз қарсыластарын жеңген еді. Ал екінші күні төрт боксшы өз қарсыластарынан басым түсті — 4:1.
Закир Сафиуллин Артур Субханқұловты жеңсе, Олжас Сәттiбаев Карен Арутюняннан, Данияр Елеусiнов Якуб Нуриевтен айласын асырған.
Ал Нұрдәулет Жарманов Эдуард Якушевтен жеңiлдi. Аса ауыр салмақта WSB турнирiнде алғаш рет шыққан Иван Дычко қарсыласы Руслан Шамаловты екiншi раундта техникалық нокаутпен таза ұтты.
Финалда қазақстандық команда осы маусымда жеңiлiс көрмеген «Куба Домадорес» клубымен кездеседі. Финалдың өтер орны әлі анықталған жоқ.
alaman.kz
Пікір қалдыру