Жылама киіктің лағы!
Орыстың аюының өті мен табаны, қазақтың бөкенінің мүйізі, бирманың мүйіз тұмсығы Қытай медицинасында керемет дәрі. Киіктің осы Ақбөкен деп аталатын түрі ресей мен мұнғұл елінде де бар. Алайда әлемдегі Ақбөкеннің ң 80 пайызы қазақстанда. Оның мүйізі баға жетпес дәрі. Осы мүйізді қытай асырып жатқандар мен ұсталып жатқандар да аз емес. Сол себепті, бөкеннің қырылуы тегін болмауы мүмкін. Соңғы аптада қырылған бөкен санының 85 000-нан асып кетуі адам шошырлық апат.
Жылама киіктің лағы!
Бейкүнә киіктің лағы –
Көз жасың көзімде тұр әлі!
Өзіңе қарасам сонау бір
Тарихым елестеп тұрады!
Айтшы сен, киіктің баласы,
Аз ба еді беюаздың моласы?!
Киіктей қырылған халық ек
Жазылып бітпеген жарасы!
Тағдырды еске алып, қиналдым,
Мың өліп, есімді жиғам мың!
Әкім бе?
Аңшы ма?
О, Тәңір,
Беюазым, қянат қылған кім?
Адам ба ақша үшін сатылған,
Аңдыған қару ап артыңнан?!
Пендеге сенуге бола ма
Қулық пен сұмдыққа жатылған!?
Әлде бір індет пе ілінген,
Бүйірден ажалын үйірген.
Нәубет те,
Зауал да болжаусыз
Қара бұлт төбеңе түйілген.
Әлде бір ұшқын ба жалаған,
Гептилдей жер қауып, тараған?!
Құтқаршы ей, Алла-Тағалам!
Таппай жүр себебін әр адам!
Еркем ең жосыған даламда,
Түстің –ау, қатыгез аранға.
Бейкүнә, пәктіктің киесі
Керексің әлі бұл ғаламға.
Жылама киіктің лағы!
Бәрі де Тәңірдің сынағы!
Неге екен, дәрменсіз жандарға
Қайғы-мұң жақын боп тұрады.
Жылама киелі лағым
Түбі бір болады сұрауың!
Қара жер көтеріп жүре алмас –
Бар болса кеиең мен обалың!
Жылама киіктің лағы!
Бейсен Ахметұлы Бұхарбай

Пікір қалдыру