|  |  | 

Жаңалықтар Спорт

Қазақстан – Түркия. Сенсация бола ма?

Жұма күні Алматыда Қазақстан құрамасы 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының кезекті іріктеу матчын Түркиямен ойнайды. Жергілікті сарапшылар Азаттыққа болжамдарын айтты.

2012 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан-Түркия матчы. Фото Қазақстан футбол федерациясы сайтынан алынды. (Көрнекі сурет)

2012 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан-Түркия матчы. Фото Қазақстан футбол федерациясы сайтынан алынды. (Көрнекі сурет)

Келесі жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Чехия, Исландия, Нидерланд, Түркия және Латвиямен бірге «A» тобына түскен Қазақстан құрамасы бес ойыннан бір-ақ ұпай жинап соңғы орында тұр. Кейінгі он шақты жыл ішінде голландиялық және германиялық бапкерлер жаттықтырған құрамаға былтыр ресейлік маман Юрий Красножан бас бапкер болып тағайындалған.

Спорт комментаторы Есей Жеңісұлы. Сурет жеке мұрағаттан алынды.
Спорт комментаторы Есей Жеңісұлы. Сурет жеке мұрағаттан алынды.

Соңғы 12 іріктеу ойыны мен жолдастық кездесуінде ұлттық құрама екі рет жеңіп (тек жолдастық кездесулер), бес рет тең ойнап, бес рет ұтылған. Бірақ кейбір жергілікті спорт сарапшылары Красножанның тұсында команданың деңгейі өсті деп санайды.

- Юрий Красножан жаттықтырғалы Қазақстан құрамасы латыштармен тең түсті, Голландиядан, Исландиядан ұтылды, Түркиядан сырт алаңда ұтылды. Өзім ұлттық құрамамен бірге жүріп, ойындарын көрдім. Берн Шторк, Ярослав Беранек жаттықтырған кездегідей емес, қазір Қазақстан командасында мінез де, прогресс те бар, – дейді спорт шолушысы һәм футбол комментаторы Есей Жеңісұлы.

Қазақстан бұған дейін Түркиямен футбол турнирлерінде бес мәрте кездескен. Бұл ойындардың есептеріне қарағанда Қазақстан құрамасының көрсеткіштері аздап жақсарып келе жатқаны байқалады. Мысалы, 2004-2005 жылдары Түркия 4-0 және 6-0 сияқты ірі есеппен ұтса, 2010-2011 жылғы ойындарда Қазақстан әуелі өз алаңында 0-3 есебімен ұтылғанымен, сырт алаңда соңғы минутта ғана қақпасына доп жіберіп алып 1-2 есебімен әрең жеңілді. Былтыр Стамбулда өткен соңғы матчта Қазақстан 1-3 болып ұтылды.

Алайда сарапшылар арасында Әлем және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдесін иеленіп үлгерген тәжірибелі түріктер қазақстандықтарды бұл жолы да қапы қалдырады-ау деген пікір басым.

Спорт журналисі Рауан Оқас.
Спорт журналисі Рауан Оқас.

- Түркия турнирді сәтсіз бастағанымен, соңғы ойындары жақсы өтті. Бұрын 16 команда қатысса, Францияда өтетін Еуропа біріншілігіне 24 команда қатысқалы отыр. Сондықтан Түркия қалған бес ойында ұпай жоғалтпауға тырысады, – дейді спорт журналисі Рауан Оқас.

Есей Жеңісұлының пікірінше, керісінше, дәл қазір Қазақстан құрамасы үшін үстем түсетін жағдай туып тұр.

- Түркия құрамасында қазір буын алмасу процесі жүріп жатыр. Ойыншыларының көбі Түркия лигасындағы төртінші-бесінші командалардан құралған. Жекелей алғанда өте мықты ойыншылары бар, бірақ оларға Қазақстанның командалық ойын стратегиясын қарсы қоюына болады, – дейді ол.

Дегенмен сарапшы Түркияның «Еуропа футболына кірігу процесінен өтіп кеткен команда» екенін, Қазақстан құрамасындағы шабуыл шебінің нашарлығын және кейбір негізгі шабуылшыларының жарақат алғанын ескеру керек деп ойлайды.

2008 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Түркия-Португалия кездесуінің бір сәті. Швейцария, Женева, 7 маусым 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
2008 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Түркия-Португалия кездесуінің бір сәті. Швейцария, Женева, 7 маусым 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

«Түркия құрамасының футболдағы алтын кезеңі артта қалды» деп санайтын спорт сарапшысы Ержан Көшкімбаев маусымның 12-сі күні Алматыдағы «Орталық стадионда» өтетін матчта түріктердің барын салатынына сенімді.

- Олар (Түркия құрамасы – ред.) Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін ендігі ойындарын түгел ұтуы керек. Дегенмен тең нәтижеге жетуге мүмкіндік бар. Қазақстан жеңсе – сенсация, – дейді сарапшы.

Қазақстандағы бірқатар футбол сарапшылары мен жанкүйерлері мұндай сенсацияның боларына күмәнді. Өз алаңында өткізген ресми матчта соңғы рет Қазақстан 2013 жылғы қыркүйекте Фарер аралдарын жеңген. Мұндай ұзақ үзілістің бір себебін Ержан Көшкімбаев атады.

- Өкінішке қарай соңғы 10 жылдан бері ұлттық құраманың дамығанын көрмедім. «Балалар мен жасөспірімдер мектебін дамытамыз» деген сөзден нәтиже жоқ. Бразилияға кеткен жастарымыздан (Қазақстан футбол федерациясы бразиялиялық клубтардың академиясына оқуға жіберген жасөспірімдер – ред.) ешнәрсе шыққан жоқ. Мәселен, көршілес Өзбекстанның Ресей премьер-лигасында бірнеше ойыншысы бар. Еуропада жүргендері де жетеді. Былтыр Өзбекстан әлем чемпионатының финалына шығуға бір ғана қадам қалды. Ал Қазақстан футболшыларына шет елдерге шығу үшін шеберлік те керек, әрі футболшыларды танытатын менеджерлік жүйе де қажет, – дейді ол.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Юрий Красножан.
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Юрий Красножан.

Әйткенмен алматылық мыңдаған жанкүйер бұл жолғы Қазақстан-Түркия матчының алдында ерекше көңіл-күй кешіп жүр. Матчқа дейін бірнеше күн қалғанда-ақ көшелерде ту жамылған фанаттар ұшыраса бастады. Бұл көңіл-күйді бейсенбі күні баспасөз-мәслихатын өткізген Юрий Красножан да атап өтті. Онымен кездесуге келген қарасы қалың журналистер мен жанкүйерлерге қарап тұрып бас бапкер:

- Ұлттық құраманың ойыны алдында осындай ажиотаж туғанын бірінші рет көріп тұрмын. Алматыға мереке қайтып оралды, – деді.

Бас бапкер өз футболшылары Түркия футболшыларынан индивидуалдық тұрғыда кем түспейді деп санайды. Красножанның пікірінше, «ойынды сауатты ұйымдастыра алса және жанкүйерлер қолдауына сүйенсе», Қазақстанның жеңуі де мүмкін.

Қазақстан – Түркия матчы Алматыдағы «Орталық стадионда» жұма күні түнгі сағат 22.00-де басталады.

Материалды дайындауға Асылхан Мамашұлы қатысты.

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: