Шатақазақ тілінде сөйлуге жол бермеу керек!
Телеарналар мен театр сахналарында аяқ, қаяқ, бұяқ, тұяқ, қойсай, алсай, тықсай, қойшайш, баршайш, салшайш деп шүлдірлеуге тыйым салып, әдеби тілдің нормаларын сақтауды қатаң түрде талап ете бастау керек. Басқа жерде ойына келгенін айта берсін. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз ғой. Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен өнер сахналарында ондай шатақазақ тілінде сөйлуге жол бермеу керек. Өзіміз жетіспей жатып, басқалардан мемлекеттік тілді білуді қалай талап етеміз? Қандай тіл ол мемлекеттік тіл деп жүргеніміз? Ол тілде өзіміз сөйлемесек, басқаларды қайтіп сөйлетеміз?
Жолымбет Мәкіш
Пікір қалдыру