|  | 

Саясат

Серік Ахметов эксклюзивті сұхбат беріп, денсаулығы туралы айтты

Бүгін кеншілер шахарында үйқамақта отырған  экс-премьер Серік Ахметовке қатысты сот процессі басталды.

Ахметов

«Ірі көлемде бюджет ақшасын жымқырды»,  «миллиардттап пара алды» деп айыпталған Ахметовпен бірге Қарағанды облысы мен қаласының бұрынғы әкімдері, басқа да ондаған шенеунік пен кәсіпкер де сот алдында жауап беруде деп хабарлайды КТК.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында үкімет басшысына қатысты осындай ашық процесс ешқашан өтіп көрмеген. Сондықтан өз туған жерінде  шатылып жатқан еліміздің 8-інші премьер-министрінің атышулы ісі нағыз сенсация боп тұр.

Таң ата Қарағандыдағы облыстық сот маңайында қапылыс. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тіпті оның алдындағы шұрық тесік жол жамалып,асфальт төселіпті. Жолақтар жаңарып, айнала дереу тазартылып жатыр.

Қарағандыдағы Серік Ахметовтің зәулім коттеджінің алдында да таң атқалы қызу қарбалас. Қырағы күзетілетін үйге қызметтік киімі жоқ адамдар қайта-қайта кіріп жатыр. Сәлден соң астаналық нөмір таққан джип қақпаға кіріп, 8 ай далаға шықпаған басты күдіктіні сотқа әкелді.

Фемида ғимараты экс-премьердің үйіне іргелес орналасқан екен. Cондықтан 2 минутта жетті.  Ал Ахметовтің жүзінен, жүріс тұрысынан, өзіне сенімділік байқалады. Экс-премьер жасырын емес, көппен бірге алдыңғы есіктен кіріп, халықпен амандасты.

Ахметов үйінен джиппен келсе, басқа айыпталушылар изолятордан автозакпен жеткізілді. Сотқа қатысуға келгендердің көп болғаны сонша, ғимаратта ине шаншар жер жоқ. Тар залға сыймаған тілшілер мен істі болғандардың туыстары отырысты тікелей экраннан көруге мәжбүр болды.

Экс-премьер 5 адвокатымен залдың қақ ортасына жайғасса, Қарағанды облысы мен қаласының бұрынғы әкімдері Бауыржан Әбдішев  пен Мейрам Смағұлов бастаған бір топ лауазымды шенеунік торға қамалған.

Ал қылмыстық топты тұтқындаған Жемқорлыққа қарсы агенттік бұрынғы премьерге 6 бап бойынша, оның ішіндегі ең ауыры қызмет бабын асыра пайдаланып 1 миллиард 100 миллион теңге бюджет ақшасы жеді, жарты миллиард теңге пара алды деген айып тағып отыр.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Ахметовтің сөзін екі етпейтін, кезінде қарамағында істеген   Қарағандының 20 атқамінері тендерді бөліске салып, алаяқтық жасаған. Бірақ, күдіктілердің бірінің адвокаты қылмыстық іспен танысып үлгермеуіне байланысты 338 томға жүк болған алғашқы процессі бар-жоғы 15 минутқа созылды.

Үзіліс кезінде 57 жастағы Серік Ахметовтен денсаулығы мен айыпқа қатысты ойын сұраған едік, ол  сөзін өте қысқа қайырды.

— Денсаулығыңыз қалай

— Жақсы.

— Тағылған айыппен келісесіз бе?

— Әзірше, ештеңе айтпаймын.

Ахметов сөзге сараң болғанымен адвокаты оның ұстанымын білдірді.

«Серік Ахметов тағылған айыптардың бірімен келіспейді. Кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтарымызды сот барысында көрсетеміз», — дейді Серік Ахметовтің адвокаты Георгий Матвеенков.

Үзіліске байланысты экс-премьер үйіне қайтқанымен 4 сағаттан соң қайтып келді. Енді алдағы бірнеше ай бойы айыпталып жатқан шенеуніктер осылай топ-тобымен сотқа сабылатын болады. Ал бүгінгі отырыстан кейбір күдіктілердің туыстары жылап шықты.

Мемлекетке келтірілді деген шығынның жартысына жуығын Ахметовтың ағасы қайтарып беріпті. Берік Ахметовтың өзі де қазір сотқа куәгер ретінде қатысуда. Ал басқаратын «Сталь-Цинк» компаниясы осы том-том қылмыстық істе бірнеше рет аталған.

Яғни, Қарағанды көшелерін жарықтандыруға бөлінген тендерді сол кездегі билік «бармақ басты, көз қыстымен» экс-премьердің ағасына ұттырып берген дейді тергеушілер.

Отырыс ертең де жалғасады. Жалпы 338 том қылмыстық істі қарап, ондаған айыпталушы мен жүздеген куәгерден жауап алу бірер аптаның шаруасы емесі  анық.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: