|  | 

Тұлғалар

Осы жұрт Ер Оспанды біле ме екен?

OSPAN BATIR

   Тəуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауды бастап та кеткен жатқан жайымыз бар. Ал осы тəуелсіздік үшін күресіп, жанын берген батырларымызды қаншалықты ұлықтап жүрміз?! Қазақ Елінде атын ілеуде біреуі білетін Оспан батырды шетел жақсы білетін болып шықты. Халқы үшін қанын төгіп, əйгілі «Қазақ үшін əзəзілмен де келісімге келуге дайынмын!» деп ұрандаған қазақ батырын қазақтан басқаның бəрі керек қылатындай… Мысалы: қазақты қорғап, Қытайда көтеріліс жасағанда, «Чикаго Дейли Ньюс» журналының журналисті Доак Барнетт келіп Оспаннан сұхбат алыпты. Ал 1956 жылы ағылшын Эндрю Форбес батыр жайлы «Қазақтың негізі» атты кітап жазса, американдық тарихшы Линда Бенсон » Қазақтың алтын аңызы-Оспан батыр» атты еңбек жазған. 1999 жылы Дейвид Уанның батыр жайлы еңбегі Гонконгте жарық көрді. Əлем тарихшылары қазақ батырын стратег ретінде қарап, зерттеп келе жатыр. Ал біз ше? Қазақты қазақ көтермесе, зерттемесе кім зерттемек?!

   Әрине, батырымызды мүлде ұмыттық десек те қателік болар. Әр тарихшы өз бетінше зерттеп, дерек-дәйектерін келтіріп жатқан жайы бар. Алайда мемлекет тарапынан Оспан батыр ерлігін, өмірін зерттеуге ден қойылғанда ғана бұл жұмыстар жемісті болмақ. Оспан батыр өмірін зерттеген Бекен Қайратұлы 2008 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне жазған «Даланың соңғы нояны» атты мақаласында батырдың бастаған майданы жайлы былай делінген: “…1940 жылы көтеріліс тізгінін қолына алған Оспан батыр 1944 жылдың қысында қол астындағы елін бастап Моңғолияға ауып барды. Әрине, екіжақты келісімнің нәтижесінде. Кеңес Одағының басшысы Сталиннің нұсқауымен Оспан батырға Моңғол елінің басшысы Чойбалсан барып жолықты. Бұл кездесуді ұйымдастыру кезінде КГБ генералы Ланпанг, әскери кеңесшілер Греднев, Пахомов, Кеңес Одағының елшісі Иванов болды..
..Келесі 1945 жылы Оспан батыр Алтай аймағын азат етті. Бұл іске Моңғолия жағы әскер беріп көмектесті. Қазақстан тарапынан да адамдар барды. Дәл осыдан кейін Оспан батыр мен Кеңес Одағы және Моңғол елі арасында араздық басталады. Себебі, Сталин мен Чойбалсан Шыңжандағы қарсыластарын Оспан арқылы “жуасытып” алғаннан кейін оларға енді көтерілісшілер көсемін (Оспанды) тізгіндеу қажет болды. Алтай аймағы азат етілген соң аймақтық билік орындарына Оспанның келісімінсіз Қазақстан адамдарын әкеліп отырғызды.. Бес жыл ұйқы көрмей қан кешіп жүріп жеткен жеңісі бөгденің игілігіне айналып кеткенін аңғарған Оспан батыр әскерін бастап тауға шығып кетті. Осылайша 1946 жылдан бастап Ұлы Отан соғысында шыңдалған, кеңестік арнаулы құрылымдардан жасақталған, бірақ Шығыс Түркістан әскерлерінің формасын киген әскерлермен, Моңғолияның қарулы күштерімен, коммунистік қытай сарбаздарымен қатар соғысты. Сөйтіп, жаңа бір жойқын майдан ашылды. Бірақ Оспан да қарап қалған жоқ. Бұрынғы жауы қытайлық Гоминдан күштерімен одақтасуға ұмтылды. Маоға қарсы тұрған Чан-Кай-Шиді қолдады. Әрі коммунистердің күшейіп кетуіне мүдделі емес елдер АҚШ пен Ұлыбритания елшіліктерімен байланыста болды” деп жазады. Бұдан біз Ер Оспанның жан-жақты азамат болғанын көріп тұрмыз. Ақыры 1951 жылы «Аспан асты елінде» ат ойнатқан арысымыз Қытай әскерінің қолына түсіп, Үрімші қаласында атылады. Қазақтың қайсар ұлы жайлы таңды-таңға жалғайтын ерлік жырларын, ұлағатты, мазмұнды әңгімелер мен хикаялар, тағылымға толы тарихи деректерді айтуға болады. Алайда бұл бір адамның аузынан емес, күллі елдің көкірегінен орын алу үшін ел болып осы бағытта жұмыс атқарылса нұр үстіне нұр болар еді.

Біз мектеп тарихында Оспан батыр жайлы бір жол дерек оқыған емеспіз. Есесіне Тайваньда қазақ батырын ерліктің белгісі ретінде тарих кітаптарына жазыпты. Голливудта «Оскар» аларлық кино түсуруге лайық тұлғаның, қазақ тарихына бір жол дерек болып кірмеуі ұят екен. Тəуелсіздіктің бір мақсаты тарихты түгендеу екенін ұмытпайық ағайын.

Асхат Қасенғали

arhar.kz

Related Articles

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: