|  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді

СИНГАПУР ЕЛІНІҢ ДАМУЫ

6a5590b7213172a833d58fb087ffbbe5Сингапур дамысы

Мен бүгін жұмыс бабымен Сингапурге келдім. Осы кішкентай алып елдің дамысы мені қатты қызықтырады, сол туралы ойымды сіздермен бөліскім келді.

Роттердамда МВА да оқып жүргенде “strategic management” деген сабақ кіретін. «Ерасмус университеті» менежмент жағынан Еуропаның алдыңғы он мектептің қатарына кіреді, тіпті кейбірі бұл салада Оксфордтың алдында деп бағалайды.

Бірде бізге Сингапурдың дамыс кілті туралы тура бір ай бойы арнаулы сабақ жүрілді.

1965-інші жылы тәуелсіздік алғанда Сингапур әлемнің ең кедей елі болатын. Ішетін таза су мен құрылысқа керектенетін құмның өзін көрші Малайзиядан алады екен. Қандай бір табиғый байлық жоқ. Жер көлемі 714,3 км.кв,(Монголиядан 2150 есе аз). Малай, Қытай, Индиялықтар болып, тағысын тағы қырық темірдің қылауынан құралған халқының саны үш миллион, адам басына шаққан ЖІӨ-і 500 долларға да жетпейтін еді.

Ал кәзір Әлемнің ең алдыңғы экономикасының бірі, алтын қоры, қаржы қаражат, ақпараттық технология жағынан Еуропаның көптеген дамысты елдерін артқа тастаған, 2014 жылы ЖІӨ-і 300 миллярд, бір адамға шаққандағы ЖІӨ 78 000 долларға жеткен алпауыт елге айналды.

Бұл табысқа қалай жетті дегенді дүниежүзінің қаншама ғалымдары, аналистері зерттеп жазған жүздеген зерттеу мақаланы сіз ғаламтордан таба аласыз. Ал мен өз түсінгенімді жастарға қысқаша ғана қара тілмен әңгімелеп берейін.

Сонымен бір ұрпақтың ғана көз апдында Сингапурдың жеткен дамысының кілті мынада деп түйдім:
1. Сингапур билігі инвестицияны ең әуелі адамына, халқына жасаған. Еңбекқор, тәртіпті, білімді адам тәрбиелеуді Үкіметтің ең алдыңғы мақсаты, міндеті болдырған. Жеке адамның жауапкершілігін арттырған. Халықтың әл ауқатын жақсартып, сапалы өмір сүру мүмкіндігін туғызу үшін алдымен төменгі үш мәселені шешкен.
• Сапалы білім
• Қолжетімді баспана
• Бизнес жасайтын мүмкіндік
2. Билік халықтың алдында барынша таза, адал жұмыстауды мақсат еткен. Барлық қиындық, проблемаларды жасырмай ашық айтып, шешетін жолдарын ақылдасып отырған да, еңбекқорлық, қатаң тәртіпті халқынан талап еткен. Жемқорлықты түбірімен жойған. Заң алдында ешкімге жеңілдік көрсетпеген. Алғашқы ПМ Ли Куан Йү заң бұзған туыстарын да, достарын да аямаған.
3. Билікке, мемлекеттік қызметке, бизнес пен экономиканы басқаруға өте жоғары білімді технократтар, таза адамдарды шақырған. Оларды қолдаған, өсірген. Туыстық, достық қатынасты мемлекет қызметінен, биліктен мүлде аластаған.
4. Шет елден көмек алуды мақсат етпеген, керісінше тура қаражат кіргізуді (FDI), еркін сауда саттық пен озық технология енгізуді қолдаған. Шеттікі дегеннің бәрін қотармаған, ең жақсы, нәтижелі, озық тәжрибені ғана көшіріп пайдаланган.
5. Ұлт аралық қатынасқа ерекше мән берген. Қытай, малай, тамил тілдерінің артта қалған диалектлерінде сөйлейтін, өз ара бірін бірі түсінбейтін, үш бөлек дінге бас ұратын этностардың басын біріктіріп, ағылшын тілін ортақ тіл болдырып, «біз сингапурлықпыз» дегенді мақтанышқа айналдырған.
6. Саяси тұрақтылықты қалыптастырған. Заңды жиі өзгертпеген, ойын ережесін саясатта болсын, бизнес, экономикада болсын түсінікті болдырып, бизнестерді шет елдікі, өзіміздікі деп алалап айырмаған, бәріне бірдей мүмкіндік жасаған.
7. Ағылшын тілін ұлт аралық қатынас тілі ғана емес мемлекеттік әкімшілік және бизнес тіліне айналдырғаны ең маңызды шара болған. Мұнымен қатар бәсекеге қабілетті жастар дайындау, талантты жастарды ғылым, технология, бизнес пен экономиканы басқаруға, ағылшын тілін жеттік меңгеруге баулығаны жеке адамға жасаған ең тиімді инвестиция, дамыстың ең негізгі кілті болған.
8. Прагматизм үкіметтің ең мықты ұстанымы болған. Үлкен жеңістің жолын ашатын кішігірім істерді алдымен қолға алған.(Жижиг чулуугаар том чулуу хөдөлгөх) Даңғаза әрекеттерге бармаған. Мысалы,Үкімет ең алғаш нақтылап қолға алған істің бірі қала тазалау болған екен. Керекті керексіз халықаралык жиын өткізгенше бір ауылға ауыз су құбырын жеткізген әлдеқайда пайдалы деп есептеген.
9. Барлық көршілермен тату болу саясатын берік ұстаған, ешкіммен кикілжіңге бармаған. Халқының ойын басқаға бөлмей, тек даму, ілгерлеуге құлшынатын толық жағдай жасаған.

Сіз әрине интернет желісінен басқа да көп аргументтер табасыз, бірақ қысқаша тұжырымдасақ Сингапур дамысының негізгі кілті осылар.
Ал енді осы тәжрибені сіз еліміз Монголияның соңғы 25 жылдағы дамысы, бүгінгі жағдайы, және де көрші елдер Қазақстан, Ресей, Орта Азия елдерінің жетістігімен салыстырып көріңіз. Ісіңізге сәттілік!

Құрметпен АЛАУБЕК 12.01.2016

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: