|  | 

Әлеумет

Қандасымыз миллиард қытайдың ішіндегі он үздік еңбек ерінің қатарына кірді

Baqithan qazezulyЕңбекшіл, жапакештігімен әлемді таңқалдырған қытайдың арасынан сурылып алға озу, миллиардтар тасқынынан дараланып шығу екінің біріне бұйырмақ емес. Алайда, бұндай ерлік қытайда тұратын қандасымыз Бақытқан Қазезұлының қолынан келді.  

Қаңтардың 17 күні Қытай астанасы Бейжіңде елді елеңдетіп, дүбірі жер жарған үлкен бір салтанатты шара өтті. «Байтақ алаптың ұландары – 2015 жылғы мемлекеттік 10 үздік диқанды бағалау сыйлық тарату салты» деп аталатын салтанатты жиынды Қытай орталық телевизиясының 7 арнасы ұйымдастырып, көрсетті. Барша жұрттың, миллиондаған көрерменнің назары бүкіл ел бойынша, 55 ұлттың арасынан сараланып шыққан, миллиардтың ішінен маңдайы жарқырап, сахна төрінде тұрған 10 үздік еңбек еріне ауды. Міне солардың қатарында Шыңжаңдағы Ерентаудың қойнауына қоныс тепкен Құтыби ауданы, Торғайты қалашығы, Торғайты ауылынан келген қазақ Бақытқан Қазезұлы да бар еді.
Үстіне қазақы үлгідегі зерлі шапан, басына оюлы тақия киген еңгезердей денелі, қызыл шырайлы азаматтың өзгелерден ерекшеленіп тұрғаны да шындық. Қасына үкілі тақия, оюлы костюьм киген немересін ерте шығыпты.
Бұл жолғы үздіктер Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан бағаланды. Ер еңбегін қадірлеген үкімет әр үздікке бағалы сыйлық, ерекше кәдесый, арнайы дипломмен бірге 50 мың юань нақ ақша табыс етті.
Бүкіл Шыңжаңнан жалғыз өзі қара үзіп шығып, Астанада сыйланған Бақықтан Қазезұлы бұл мәртебеге адал еңбек, ақ пейіл азаматтығымен жеткен жан. Оның басты ерекшелігі нарыққа ерте бейімделіп, кәсіптің көзін таба білгендігі.
Қандасымыз жайлы қысқаша тоқтала кетсек, Б.Қазезұлы ең алдымен ауылдағы қамдау-сауда коперативінің жүк машинасын жалға алып, тасымал жұмысымен айналысады. Сырт жерлерге барып, ел көрген азамат олардың жақсы тұрмыс-жағдайын қанығып, өз ауылын да осындай деңгейге жеткізсем деген мақсатқа құлшынады.
1994 жылы мал шаруашылығына ден қойған Бақаң көне сүрдекпен жүре бермей, ғылыми жолмен мал бағу арқылы 20 бас қой, 2 бас сиырын аз жылдың ішінде неше еселеп, ауқатты адамдардың бірі болып шыға келеді. Ең үлкен қасиеті ол – өзі байығанына емес, өзгелерге көмек қолын созып, ауылдастарын алға жетелей алатын мүмкіндігі пайда болғанына қуанады. Көмекке мұқтаж, қиыншылығы бар жарлы-жақпайларға қолынан келген көмегін аямайды. Ауылдағылардың «қиыншылығың болса Бақытқаны ізде» деген тәмсілді сөзі тегін айтылмаса керек.
Бақытқанның жомарт көңіл, жақсы тілекпен көмек көрсеткен ісін санамалап тауысу қиын. Ол 30 жылдан бері 150-дей отбасына әр түрлі жәрдем көретіп, 300 мың юаннан астам қаржысын жұмсаған. Көмектесу – ауылдастарының уақыттық қиыншылығын шешкенімен, олардың алдағы уақытта тұрмысын жақсартуына жол аша қоймайтынын аңғарған ол тың тәсіл қарастыра бастайды.
Оның үстіне малшы қауымы қолдағы малының санын арттыру, жайылымды дұрыс пайдалануға аса мән бермей, байырғы сүрдекпен жүріп келе жатыр еді. Бұл олардың жаңаша жолмен ауқаттануына, әрі күн сайын тұяқ кесті болып бара жатқан мал өрісін қалыпқа келтіруге себі тимейтін еді. Осыны ойлаған Бақытқан 2012 жылы жергілікті үкімет орнының қолдауымен 56 малшының басын қосып, Шыңжаңда тұңғыш рет жайылым мал-шаруашылық коперативін құрады.
Бұл қадам малшылардың өзара селбесіп ауқаттануына, жайылымды тоздырмай сақтауына, малды ғылыми жолмен қолда бағып, сапасын жақсартуға бағытталған еді. Осындай үлкен бастамаларға мұрындық болып, ауылдастарына соны жол, жаңа тәсіл нұсқаған Бақытқанның алдағы жоспарлары да көп. Ол коперативті әлі де кеңейтіп, тұрмысы төмен, еңбеккүші аз отбасыларды демеп, жағдайын жақсартуды ойлайды.
Заманға сай ұмтылыс жасап, өзін ғана емес, ауылдағы ағайынның да жайына жаны ашитын еңбек ерінің әр ісі берекелі бола бергей! Бақытқан Қазезұлының мемлекет тарапынан жоғары бағаланып жатуы – қазақ халқының да еңбексүйгіш, бауырмал, талапты халық екенін миллиардтар еліне танытты деп ойлаймыз.
Мұрат Алмасбекұлы 

baq.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: