|  | 

Сұхбаттар

Шалқарбек Шәйкенұлы: Омбының иесі қазақ екенін көрсету үшін кітап шығардық

IMG_20160114_201310

Өткен жылдың соңғы айларында Омбыда энциклопедиялық жинақ жарық көрген. Еңбекте Омбы қазақтары туралы, жер-су аттары жайында құнды мәліметтер кездеседі. Энциклопедияның құрастырушыларының бірі ҚР журналистер одағының мүшесі, Омбы тумасы  Шалқарбек Шәйкенұлымен сұхбаттасудың реті келген еді. 

– Әңгімемізді Омбы қазақтары жайында бастасақ

– Омбы қазақтары сонау Сібір хандығы, Тайбұға әулеті кезінен келе жатыр десек қателеспеспіз. Жалғыз Омбы емес, Төмен, Қорған, Селебе, Құлынды (қазіргі Новосибирск) жері қазақ хандығы құрылмай тұрып көптеген қазақ рулары өмір сүрген мекен. Тарихтан білеміз, Сібір хандығы Көшім хан тұсында күшейіп, дәл сол уақытта бұл аймаққа Мәскеу көз аларта бастады. Страгановтардың қаржыландырумен қашқан-пысқан казактарды жалдап Көшім ханға қарсы жіберді. Арпалысып-алысып Көшім ханның туы да құлап, Сібір хандығы бір жолата жер бетінен жойылды. Ал, осындағы рулар Есім ханның тұсында Қазақ хандығының құрамына кірген екен. Жалпы, Омбы аймағы біздің ата-бабаларымыздың жері. Кеңестік кезеңде бұл жайында айтуға болмайтын. Сөз қозғай бастасаң, бірден қудалауға түсетінсің.

-Қазір аймақта қанша қазақ тұрады?

-Статистика әртүрлі дерек келтіреді. Омбының өзінде бірі 60 мың, енді бірі 70 мың қазақ бар дейді. Бірақ өз басым сол маңның өзінде кемінде жүз мың қазақ бар деп есептеймін. Өйткені 1887 жылғы санақ бойынша қазіргі Омбы аумағында елу мыңдай қазақ болған екен. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде бұлар өсіп-өнбеді ме?! Кейбір мемлекеттің өз саясаты бар. Жергілікті халықтың санын аз қылып көрсетеді. Осы саясатты Ресей де ұстап отыр. Ал жалпы, Ресейде 1 миллионға жуық қазақ бар дейді. Мен болсам, миллионнан көп деп айтар едім.

Жергілікті қазақтардың қазақ тілінде білім алатындай мүмкіншілігі бар ма?

-Бұрын Томар ауылында қазақ тілінде оқытатын мектеп, Омбыда қазақ тілі мұғалімдерін дайындаған педтехникум бар еді. Қазір олар жабылып қалды.  Бірақ жергілікті халық өз тілін шамасы келгенше ұстап отыр. Бұл да әзірше ғана. Дегенмен тілді білмейтінден көбейіп барады. Қариялар кеткеннен кейін, бір құдай ғана біледі, жағдай қалай болатынын…

-Омбы қазақтары туралы кітап жарық көріпті.

– Ия, бірнеше адам жабыла жүріп құрастырдық қой. «Омбыдағы Ертіс бойы қазақтары» деп аталады. Ертеректегі жазып кеткен шежірелерде, халық аузында сақталған бұрынғы жер-су атаулары жұрттың есінде сақтау үшін, Омбының иесі қазақ екенін көрсету үшін дегендей арнайы энциклопедия шығардық. Омбының өзінде 1 000 данамен басылып шықты. Қаржылай көмек көрсеткен Құсайынов Сәкен. Негізгі құрастырушы Ігілік Тұрсынов. Қалғанымыз шамамыз келгенде ат салыстық.

Жинаққа Омбыда кіндік қаны тамған айтулы азаматтар жайында толық мәліметтер топтастырылды. Мысалы, Голощекинге қарсы сөз айта алған Смағұл Садуақасов, Қазақстанның бірінші хатшысы болған Жұмабай Шаяхметов, Жазушылар одағының төрағасы болған Ғаббас Тоғжанов, қазақша-орысша сөздік құраған Қошке Кемеңгеров сынды кемеңгерлермен қатар, соғыс батырлары, кейінгі жылдары да елге, халыққа танылған көптеген азаматтардың есімдері енгізілді.

Жер-су аттары жайында айта кетсеңіз.

– Кезінде Әлихан Бөкейханов экспедиция құрамы қатарында жүріп жер өлшеген кезінде 800-дей қазақ ауылы болыпты. Қазір сол ауылдардың аттары өзгеріп, орысша аталып кеткен. Ұрпақтың есіне салып, ұмытылмас үшін 300-дей ауылдың байырғы атауын іздеп тауып, мына кітапқа енгіздік. Айта кетсек, «Изюмовскийдің» ертеректегі атауы «Атабай Томар», «Харитоновская» елді мекенінің шынайы атауы «Байғын Ағаш», «Князетрубецкая» – «Жалғыз құдық» болған екен. Барлығы 20 ғасырдың басында өзгеріп кеткен. Қалған 500 атау екінші кітап енеді деп жоспарлап отырмыз. Қазір архивтерде сол жайында мәліметтерді қараудамыз. Құдай қаласа 2017 жылы жарық шығар.

– Жинақ орыс тілінде екен…

– Қазақ тілінде жарық көреді. Болашақта міндетті түрде шығарамыз деп отырмыз. Ал, осы жолы орысша болып шығуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, Омбының өзінде жарық көрді. Ол жақта өзге тілде кітап шығару қиындау. Саяси астарға келтіріп, Омбы қаласының іргесі қаланғанына 300 жылдығына арнап дайындадық деп көрсеттік. (2016 жылы Омбының 300 жылдығы). Екіншіден, Селебе (Челябинск), Құлынды (Новосибирск) қазақтарының дені өкінішке орай орыс тілді. Тілін ұмытып бара жатса да, өз бабасының, өз жерінің тарихын біліп жүрсе деген ниет қой біздікі.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Сұхбаттасқан Рүстем Нүркен
namys.kz

Related Articles

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: