|  | 

Көз қарас

«жаңа Мәжілістің құрамына тәуелсіздіктен кейін Отанға оралған ағайындардың өкілдері де енгізілсе»

Duken MasimhanulyӘлеуметтік желілерде, Сайт-Порталдарда Мәжіліс сайлауына байланысты ұсыныс-тілектер айтылып жатыр. Саяси науқандардан алыстау жүретіндігімнен араласпай-ақ қояйын деп, тыныш жатқамын. Сөйтсем, өзіміздіңде құқық-мүддеміз бар екен. Бір қаламгер ретінде, тарихи отанымызға алғашқылардың бірі болып келген қандас-қазақ ретінде, екі ауыз пікір айтуға Хақым бар сияқты. Негізінде, «Оралман» деген—партия әлде ұйым емес. Отанға келіп азаматтық алғандары Қазақстан Республикасының қатардағы азаматы. Барлық азаматтар секілді құқы бірдей. Ерекше бір артық міндеттері жоқ. Ал, азаматтық алмағандары уақытша қоныстанып жүрген шетел азаматы есебінде қаралатыны ақиқат. Дегенмен осы елге шындап келіп отымен кіріп күлімен шығып жүрген, бүге-шігесін толық білетін адам іс басында болса ел мүддесіне тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Әрине қазақстанның толыққанды азаматы тұрғысында… Партиялық тізімнің ішінде ондай азаматтардың болғаны абзал болар еді. Менің есімде қалуынша 1994-1995 жылдары Қазақстанның жоғары кеңесінде(Мен ол тұста «Халық Кеңесі» газетінде жұмыста едім) шетелден келген Ыбрайым Гулер деген депудат болды. Бұл үрдіс еліміздің қызмет тәжірибесінде бар. Ешкі айтыпты дейді, «Мені кім сойсада, қасапшы сойса екен!»-деп. Әлемдік саясатты дұрыс білетін, депломатияны меңгерген, Ішкі-сыртқы жағдайға шөгел, көші-қонға қанық, жоғары санатты білімі бар, салмақты-сәлиқалы адам Мемлекет билігімен тығыз үйлесім таба алады деп қараймын. Сондықтанда төмендегідей ой-пікір ұсынуды қажет деп санадым.
«Парламент Мәжілісі өздігінен, қызметін тоқтатуды өтінді» деген сөз шыққалы бері, ел болып қолдап жатыр. Сондай-ақ, «жаңа Мәжілістің құрамына тәуелсіздіктен кейін Отанға оралған ағайындардың өкілдері де енгізілсе» деген ұсыныстар айтылып жатыр. Әрине, мен өз басым бұл ұсынысты өте орынды деп есептеймін. Себебі ол азаматтардың алдының келгеніне ширек ғасыр болып қалды. Енді олардың да ақыл-парасатын, қарым-қабілетін ел игіліне пайдаланатын уақыт жетті. Ондай азаматтар елге оралған ағайынның ішінде аз емес. Солардың бірі «НҰР ОТАН» партиясының мүшесі, ақын, аудармашы, шығыстанушы-ғалым, еліміздегі қытайтану ғылымының білікті маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі, Астана қаласындағы оралмандардың «Ата жұрт» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, белгілі қоғам қайраткері – Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ десек еш қателеспейміз. Біздің бұл ұсынымызды осындағы барлық ағайын, сондай-ақ Ақорда мен «Нұр Отан» партиясының Орталық Комитеті де толық қолдайды деп сенемін. Қосымша мәлімет ретінде Сіздерге Дүкен Мәсімханұлының қысқаша өмірбаянын ұсынып отырмын.
Дүкен Мәсімханұлы Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесіне қарасты Текес ауданында өмірге келген. 1996 жылдан Қазақстан азаматы. 1982 жылы туған ауданынан орта мектеп бітірген Дүкен Мәсімханұлы сол жылы Пекиндегі Орталық ұлттар университетіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын 1987 жылы тәмәмдайды. Университетті бітіргеннен кейін, 1987-1993 жылдары Үрімжі қаласындағы ШҰАР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып істеді. 1993 жылы наурыз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арнайы шақыруымен тарихи отанына оралған Д.Мәсімханұлы келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін Қазақстанда біржола қалып, ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс елдері кафедрасында ұстаздық етті. 1999-2002 жылдары аталған кафедраға басшылық жасады. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылыми қызметкер. 2002 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне ұстаздық қызметке шақырылды. 2003-2009 жылдары аталған оқу орнының Шығыстану кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Шығармашылық жолын университет қабырғасында, студент кезінде бастаған Дүкен Мәсімханұлының әр жылдарда әдеби, ғылыми-зерттеулер, аударма еңбектері болып 20-дан астам кітаптары жарық көрді. Бұдан сырт Дүкен Мәсімханұлының 300-ден астам ғылыми-зерттеу, ғылыми-танымдық және әдеби-сын мақалалары республикалық және шетелдік түрлі ғылыми басылымдарда жарияланды. Бүгінде ақын, қытайтанушы-ғалым, аудармашы ретінде Дүкен – ҚХР ШҰАР Жазушылар одағының, ҚХР Түркологтар қоғамының, ҚХР аз ұлт жазушылары ғылыми қоғамының (1992), Қазақстан Жазушылар одағының (1994), Дүниежүзі синологтар қоғамының (2010), 2013 жылдан Қазақ салт-дәстүр академиясының академигі. Д.Мәсімханұлы бүгінге дейін “Оғызнама” туралы зерттеу” деп аталатын еңбегі үшін Қытайдың “аз ұлттар әдебиетін зерттеу саласындағы үздік еңбек” сыйлығын (1990ж.), ғылыми-зерттеу мен әдеби шығармашылықтағы көрнекті еңбегі үшін бүкілқытайлық жастар сыйлығын (1991ж.), әдеби шығармашылық және аударма саласындағы жетістіктері үшін ҚХР Жазушылар одағының “Тың талант” сыйлығын (1992), Елбасы жарлығымен “Қазақстанның тәуелсіздігіне он жыл” (2001ж.) және “Қазақстанның тәуелсіздігіне жиырма жыл” (2011ж.) медалдарымен марапатталды. 2010жылы Д.Мәсімханұлы ҚР “жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағына, 2012 жылы Халықаралық “Алаш” әдебиет сыйлығына және ШЫҰ-ның (Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы) “Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық” сыйлығына ие болды. 2013 жылы желтоқсан айында Елбасы жарлығымен Д.Мәсімханұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Сондай-ақ ол бірнеше мәрте республикалық және халықаралық жыр мүшайраларының жүлдегері. Дүкен Мәсімханұлы ұлтжанды азамат, белгілі қоғам қайраткері ретінде Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсенді араласып келеді. Әсіресе ол елге оралған ширек ғасырға таяу уақытта Қазақ көші-қоны мен оралмандар мәселесін бір сәт те назардан тыс қалдырған емес. 2003 жылы қараша айында ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі болып тағайындалды. Сол жылы желтоқсан айында Д.Мәсімханұлы оралмандардың Астана қалалық “Атажұрт” қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды. 2010 жылдан бері ҚР Парламентіндегі “Отандастармен байланыс және көші-қон мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің” мүшесі. Осы қабылдауда Елбасына Оралмандарға квота санын көбейту, азаматтық алуды жеңілдету мәселесін ортаға қояды. Содан кейін жылына 500 емес, 5000 отбасыға көбейді. , азаматтық алу үшін алдымен ықтиярхат алу талап етілмейтін болды.
Құрметпен-Дәулетбек Байтұрсынұлы
ақын, 1994-жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Түркі дүниесі ақындары жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Қырғыз Республикасы Жазушылар Одағының Молда Бағыш атындағы сыйлығының, Халықаралық Түрк СОИ-дың Мақтұмқұлы Фраки атындағы медалының Иегері.
20-қаңтар 2016-жыл, Алматы.

Дәулетбек Байтұрсынұлы

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: