|  | 

Жаһан жаңалықтары

Джек маның (Ма Юн) ұлына жазған хаты

Бұл кісінің азан шақырылып қойылған қытайша аты Ма Юн.  Джек Ма деген атпен әлемге танылған Қытайдағы ең бай адам, Alibaba деп аталатын интернетте товар сатуға арналған ең ірі порталдың негізін қалаушы. Сол кісінің ұлына жазған хаты қазір бүкіл қытайға тіптен бүкіл әлемге тез тарап кетті, соны аударып ұсынып отырмын.

u=990486920,2026016262&fm=21&gp=0

Саған бұл хатты жазуыма 3 нәрсе себеп болды;

  1. Тағдырды болжап болмайды, ешкім де өзінің қанша өмір сүретінін білмейді, сондықтан кей нәрселерді ертерек айтқан дұрыс.
  2. Мен сенің әкеңмін, мұндай ақыл кеңесті саған мен айтпағанда кім айтады.
  3. Саған айтатындарымның барлығы менің өмір жолымда кездескен кедергілерден алған сабақтарым, сондықтан осы сәтсіздіктерімді қайталамауың үшін пайдасы болар деп санадым.

1) Сені жақтырмаған, саған нашар көзқараспен қараған адамдарға ешқашан ренжіме, өйткені шешең екеуімізден басқа ешкім де саған борыштар емес. Егер де біреу саған қамқорлық танытар болса оны қадірлей біл.

2) Өміріңде кездескен кез келген адамды немесе бағалы затты, басқа ешкім, ешнәрсе оның орнын баса алмайды деп қарама, осы көзқараста мықты болсаң болашақта асылыңнан айырылып қалсаң да сабырлы бола аласың.

3) Өмір өте қысқа, дәл қазір уақытыңды босқа өткізіп жүргеніңді дәм-тұзың таусыла бастағанда білесің, өмірді қаншалықты ертерек қастерлей бастасаң өмірден алатын лззатың да соншалық көп болады. Ұзақ өмір сүруді армандағаннан гөрі уақытты үнемдей білген дұрыс.

4) Махаббат деген бір түрлі сезім ғана, бұл сезім уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.

5) Көптеген табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады дегендік емес. Есіңде болсын білімің ешкім сеннен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп жарата алады, бірақ білімсіз бәрібір де оны дамыта алмайды.

6) Қалған өмірімде мен саған мені бақ деп талап қоймаймын, дәл сол сияқты сен кәмелеттік жасқа жеткен соң менің де жауапкершілігім аяқталады. Өмір бойы қоғамдық көлікпен жүресің бе әлде Мерседес мінесің бе, қара көже ішесің бе әлде май шайнайсың ба, ол өз қолыңда.

7) Өзің уадеге берік бол, бірақ басқаларға бұл талапты қоя алмайсың. Басқаларға үнемі ілтипатпен қара, бірақ басқаларға да өзіңе жақсы көзбен қара деп талап қоя алмайсың. Сен оларға қалай қарасаң олар да саған солай қарай бермейді. Егер осы ақиқатты жете түсіне алмасаң өмірде басы артық келеңсіздіктерге ұшырай бересің.

8) Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бір де бір рет ұтқан жоқпын, тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткем жоқ. Бұл дегеніміз адам табысқа жету үшін құлшына үйреніп, тынбай еңбек ету керектігінің дәлелі, мына әлемде ақы алмайтын асхана жоқ.

9) Өмір бір ақ рет беріледі, сондықтан да ет жақын туысқандарыңды, жанашыр жақындарыңды қадірлей біл, Екеуіміз де мәңгі бірге бола алмаймыз, қара көз жұмылған соң ешқашан қауыша алмаймыз.

Бұл хатты оқып біткен кезде сенде екі таңдау болады;

Біріншісі, сен мұны одан ары дамытып, өзіңе мәңгі азық болатын рухани көмекші етіп сақтайсың.

Екіншісі, ештеңе оқымаған көрмегендей болып бұрынғы өміріңді жалғастырасың.

xjpmy1 ed3e5e4fa5ab2a27c60a0f99451be904 11061200_939712016069619_3484764593505473401_n

U12610P31DT20150925092503

Қытайшадан аударған: Сержан Қасен

serjan.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: