Мұрат Қожа жас келіншегімен бірге тұратынын сынаған халыққа өз жауабын берді
Мұрат Қожа жоспарлары туралы сұраған алғашқы сауалымызға: “Сахнаға қайта оралсақ та, әзірге жаңалығымыз жоқ. Тек баяғы хит әндерімізді қайта қалпына келтіріп жатырмыз. Осы жұмыстарды бітірген соң жаңа ән жазармыз”, – деп қысқа қайырды. Бұдан өзге осы уақытқа дейін тек өнер саласында жүріп, Каспий тобының құрылуына көп мән бергендігін айтты. Әнші бұл топта 8 жыл өнер көрсеткен болатын.
Әншінің Инстаграм парақшасына жас жұбайымен бірге түскен суреттеріне көпшілік сын айтып, бұл әрекетін түсінбеген еді. Бұл туралы өзінен сұрағанымызда: “Аузым бар деп айта беретін жандарға айтатын әңгіме бөлек қой. Әркімнің өз жеке өмірі, тірлігі бар. Оның үстіне, ол жас қыз дейтіндей жас емес, менің келіншегім. Отасқанымызға бір жылдан асты”, – деп көпшіліктің алып-қашпа сөздеріне мән бере бермейтіндігін көрсетті.
Stan.kz
Пікір қалдыру