«ПАНАМА ҚҰЖАТТАРЫ» ӨЗГЕРІСТЕРГЕ МӘЖБҮРЛЕЙДІ
Өмірдің күтпеген өзгерістері керемет! Азуын айға білеген небір алпауыттар мен көсемдер интернеттік демократияның «тепкісіне» ұшырай бастады. Бүгінгі таңда ақпараттық демократия мемлекеттердің ұлттық егемендігінен де үстем болып барады. Кез-келген мемлекет қайраткерінің ішкі-сыртқы құпиялары жалғанның жарығына шығатын тетіктер іске қосылуда. «Панама құжаттары» – соның дәлелі.
Джон Доу (шартты есім) жариялаған құжаттарда көптеген мемлекет басшыларының, саясаткерлер мен спортшылардың офшорлық аймаққа тыққан жасырып қаражаттары әшкереленеп отыр. Онда әлемдегі билік басында болған немесе қазір отырған 12 лидер, 128 саясаткер, Forbes тізіміне енген 29 миллиардер бар екен. Тіпті РФ Президенті В.В.Путиннің офшорға тыққан 2 млрд доллар қаражаты сопаң ете қалды.
Жария болып қалған 11,5 млн құжат ішінде Орталық Азия елдерінің басшыларына да қатысты компроматтар жеткілікті көрінеді. Енді осы сыбайлас жемқорлықты әлемдік тергеу күтпеген өзгерістерге соқтырады деп ойлаймын. Еуропалық кейбір елдердің үкімет басшылары 2,5 сағат ішінде доғарысқа кетіп те қалды. Бұл енді биліктің бұрынғыдай страус сияқты басты құмға жасырып, түк көрмегенсіп, түк білмегенсіп жүре беруіне мүмкіндік бермейді.
Құдай қаласа, қазақстандық билік олигархтары да абыройынан жұрдай болған соң билік сахнасынан өздері-ақ кетуге мәжбүр болады деп ойлаймын!
Пікір қалдыру