|  | 

Саясат

Астана ЕАЭО-ның Ереван саммитін басқа қалада өткізуді ұсынған

Қазақстанның ЕАЭО үкімет басшылары саммитін Ереваннан басқа қалада өткізу ұсынысына Ресей «келісуге дайын». Сарапшы «Қазақстан өкілдері Ереванға барса, Баку оны Арменияны қолдау деп түсінеді» дейді.

Астана, Ақорда. (Көрнекі сурет)

Астана, Ақорда. (Көрнекі сурет)

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) үкімет басшылары саммиті сәуірдің 8-і күні Ереван (Армения астанасы – ред.) қаласында өтеді деп Таулы Қарабақтағы сәуірдің 2-сі басталған Әзербайжан-Армения қақтығысына дейін жоспарланып қойған болатын.

«МӘСІМОВ ЕРЕВАНҒА БАРМАЙДЫ»

Алайда бүгін Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Ереванға бармайтыны хабарланды. Мұны Азаттыққа премьер-министр кеңсесі баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Думан Хамит растағанымен, «әзірге сапардан бас тарту себебін айта алмайтынын» білдірді.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев пен Армения премьер-министрі Овик Абраамянның Мәскеуде кездескен сәттері. 9 шілде 2015 жыл.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев пен Армения премьер-министрі Овик Абраамянның Мәскеуде кездескен сәттері. 9 шілде 2015 жыл.

Ал Ресей үкіметінің ресми сайтында премьер-министр Дмитрий Медведевтің Арменияға сапарын шегермейтіні, сәуірдің 7-сі күні – Ереванға (Армения), ал келесі, яғни Ереванда ЕАЭО үкімет басшылары саммиті өтуі тиіс болған сәуірдің 8-і күні Бакуге (Әзербайжан) баратыны хабарланды.

Осы ақпаратта Дмитрий Медведевтің Армения премьер-министрі Овик Абраамянмен телефон арқылы сөйлесетіні, Абраамянға «қалыптасқан жағдайға байланысты Ресейдің Еуразия үкіметаралық кеңесінде төрағалық етіп отырған Қазақстанның ЕАЭО саммитін Мәскеуге, келесі аптаға ауыстыру ұсынысына келісуге дайын екенін хабарлайтыны» жазылған.

Ресей үкіметінің сайтында премьер Дмитрий Медведев пен Армения үкіметінің басшысы Овик Абраамянның Қазақстанның ЕАЭО саммитін Мәскеуге ауыстыру туралы ұсынысын талқылағаны да хабарланды.

Кейбір ресейлік БАҚ-тың жазуынша «ЕАЭО саммиті Қарабақ қақтығысына байланысты шегерілген». РБК басылымы Дмитрий Медведевтің баспасөз хатшысы Наталья Тимаковаға сілтеме жасай отырып, Қазақстанның ЕАЭО саммитін Мәскеуде өткізу ұсынысын Ресейдің қабыл алғанын хабарлады.

САРАПШЫ ПІКІРІ

Қазақстандық саясаттанушы Расул Жұмалы Еревандағы саммитті басқа қалаға ауыстыруды «дұрыс шешім» деп бағалап, мұның Қазақстанның дипломатиялық ұсынысы екенін айтады.

Саясаттанушы Расул Жұмалы.
Саясаттанушы Расул Жұмалы.

 - Қазақстан ЕАЭО төрағасы ретінде саммиттің өткізу уақытын, орнын өзгертуге ұсыныс жасауға толық құқылы. Саммитке қатысты өзгерістер Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты екені анық. Егер саммит Ереванда өтсе, қатысқан елдер Таулы Қарабақ [қақтығысы] жағдайында Арменияға қолдау білдірген болып көрінеді. Әзербайжан – саяси және экономикалық тұрғыда Қазақстанға әлдеқайда жақын, серіктес ел. Сондықтан Қазақстан [үкіметі] делегациясы Ереванға барған жағдайда Әзербайжан ол сапарды Арменияға қолдау деп қабылдауы мүмкін еді, – дейді ол.

Армения мен Әзербайжанның арасындағы даулы аймақ – Таулы Қарабақтағы жағдай сәуірдің 2-іне қараған түні күрт шиеленіскен еді. Тараптар атысты тоқтату келісімін бұзды деп бір-бірін айыптады. Қарулы қақтығыс кезінде екі тараптан да ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланғаны хабарланды.

Астана Таулы Қарабақтағы жанжал аймағында адамдардың қаза болуына алаңдаушылық білдіріп, тараптарды ұстамды болуға және атысты тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң сақтауға шақырады.

ЕАЭО-ға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения мүше.

Руслан МЕДЕЛБЕК

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: