|  |  | 

Саясат Әлеумет

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских сауалдарын тек қазақ тілінде жолдауға уәде етті

Парламент мәжілісінің ең жас депутаты Геннадий Шиповских қазақтың тіліне жанашырлығымен есте қалды. Небәрі 26 жасында халық қалаулысы атанған азамат депутаттық сауалдарын тек қазақ тілінде жолдауға уәде етті деп жазады Қазақстан Заман басылымы.

Геннадий Шиповских

«Мен бұрын да айтқанмын, тағы да айтамын, депутаттық сауалды тек қазақша жолдаймын, керек адам аудармашы арқылы (құлаққа салатын арнайы құрылғымен) аударып тыңдай жатар. Бұған бас қатырғым келмейді. Мен тіл мәселесін көтеруде жалғыз болмаймын деп ойлаймын. Бақытбек Смағұл, Нұртай Сәбильянов, Бекболат Тілеухан секілді көптеген азаматтар мәжіліс төрінде үнемі қазақ тіліне басымдық беріп жүр ғой. Бұл тұрғыда менің айтарым Ахмет Байтұрсыновтың «Тілі жоғалған елдің өзі жоғалады» деген сөзімен сарындас. Қазақ халқын ұйытып, ынтымағын арттырып отырған — қасиетті ана тілі! Оны сол ортада өсіп, жете түсінген мен айтпағанда кім айтады?», — дейді жас депутат.

Сонымен бірге халық қалаулысы сұхбатқа шақырған телеарналарға қояр басты талабы — мемлекеттік тіл екенін де баса айтты.

«Сұхбатқа шақырған телеарналарға қояр басты талабым — мемлекеттік тіл.

Сауалға сол тілде ғана жауап беруге дайынмын деп ескертемін. Бұл жерде өзімнің ана тілім — орыс тілін аяққа жығып беріп отырғам жоқ, керісінше, орыстардың да қазақша сөйлей алатынын, сол тілде ойланып-толғануға олардың да шама-шарқының жететінін көрсету. Өзге қандастарыма үлгі болу. Қазақтың тілінің өркендеуіне өзімше үлес қосу. Қазақтың даласында туып, сол жерді басып жүргеннен кейін, барлық этнос өкілдері мемлекеттік тілді білуге міндетті! «Шын жыласа соқыр көзден жас шығады» деген сөз бар қазақта. Тіл мәселесі, шындап кетсек, ар-ұяттың өлшемі ғой! Дәл қазақтай мейірбан, қонақжай, ақылды, момын халық жер бетінде өте аз. Өзім соны қатты сезінемін. Жетімдіктің тақсіретін тартқанда маңдайымнан сипаған қазақ ұлтына қарыздармын. Сонда қазақ ұлтының бір қажетіне жараймын деп ант еткенмін. Қазір сол ұстанымды серік етіп келемін. Елбасының өзі халыққа Жолдауында 2020 жылға қарай барша қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлейтін болады деген ой айтты. Оған да санаулы жыл қалды. Сондықтан тіл мәселесінде талапты күшейтіп, елбасына қолдау көрсетуді азаматтық парызым деп ұғынамын», — деп қорытындылады Геннадий Шиповских.

Айта кетейік, Геннадий Шиповских Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында елбасы алдында мемлекеттік тілде сөз сөйлеп, өзге этнос өкілдеріне қазақ тілінің қадір-қасиетін танытып, оны құрметтеуге шақырып, елдің ризашылығына бөленген болатын. Қазақтың тілін мақал-мәтелмен өрнектеп, астарлап сөйлеуге деген шеберлігі жас депутаттың мерейін өсіргендей көрінеді.

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: