|  | 

Суреттер сөйлейді

Мәскеуді өртеп жіберген Қырым ханы Дәулеткерей

  • Қазақ тарихы әлем суретшілерінің көзімен... (фото)

    Қазақ тарихы әлем суретшілерінің көзімен… (фото)

Мәскеуді өртеп жіберген Қырым ханы Дәулеткерейді орыс суретшілері осылай бейнелеген.

Құбылайдың саят құрып шыққан сәті..

Құбылай… Бас киіміне назар салыңыз…

«Башқұрт қазақтан жол сұрап тұр»,- деп аталатын Орловскийдің керемет суреті! 1861 жылы салынған. Қандастардың бір-бірімен орысша түсінісіп тұрмағаны анық. Бәрі қыпшақтар ғой, қайтсін жаман орыстың тілін!

Құбылайдың әскері мен жапон самурайларының арасындағы айқас. Ордалықтардың көбі осы шайқаста аяқ асты соққан дауылдың кесірінен кемесімен суға батып кеткен. Жапондар кейін өздерін құтқарып қалған осы дауылды камикадзе (Құдайдың жіберген желі) деп атапты…

Осы өткен тарихтан ордалық татарларға қатысты бір жаңа дерек шыға қалса, орыстардың жүгіріп барып, алдымен татарлардан жөн сұрайтыны жынымды келтіреді. Кәзіргі татарлар бұрыңғы бұлғарлар ғой. Олардың Алтын Ордаға аса көп қатысы жоқ. Ордалықтарға байланысты оқиғаның бәрі «татар» атанып кеткен қыпшақтардың тарихы. Олар кәзіргі қазақтардың арғы ата-бабалары. Қыпшақ конфедерациясының бүгінгі бірден-бір мұрагері Біздерміз…

1812 жылғы соғыс кезінде Орынбор, башқұрт, тептяр полктарының көзсіз ерлігіне қайран қалған француз армиясының полковнигі Робер әріптесіне былай деп жазыпты:

“Орыстар бізге қарсы моңғол ордаларын айдап салды. Бүкіл дәуір бізге тап бергендей болды. Тері жамылған бұл адамдар қорқу мен үркудің не екенін білмейді екен. Соғысу әдістері де қызық. Үрейіңді ұшыратын ұранмен айғай салып, топталып келіп тиеді. Зеңбіректің ядросы қынадай қырып жатса да, қарамайды ғой. Айтсам таңғаласың. Олар садақ-жебемен ғана қаруланған. Бірақ сонысымен-ақ біздің канонирлерді баудай түсірді. Капитан Клеменстің киімін жебе жыртып кетті. Майдан даласынан тағы біреуінің зулап ұшқанын көзім шалды. Мұндай экзотикалық жауынгерлерді бұған дейін көрмеген біздің солдаттар олардың ұрандатқан дауысын ести сала, алды-артына қарамай ұрыс даласынан жаппай қашып жатыр. Адам сенетін нәрсе емес. Шыңғыс ханның ордалары қайта тіріліп келіп, бізге тұтқиылдан тиіп жатқан сияқты…”

Бағзы замандағы түрік билеушісінің қорымынан табылған мүсіндер.

Еуропалық форумдардан табылған тағы бір “моңғолдың” суреті. Ертеректе салынған картина екен. Бәрінен бұрын бас киімі көзіме оттай басылды. Military of the Mongol Empire

Тоқтамыстың ордасы. Суреттегі ұсақ-түйектің бәріне назар аударыңыз…The Court of Khan Tokhtamysh

Өткенде біздің арғы аталарымыздың қолға мылтық алып, қытайлармен атысып жатқан суреттерін бергенмін. Сол тұста жапондар да алғаш рет отқаруды үйрене бастаған екен. Тіпті біздің аталарымыз мылтық атуды олардан сәл ертерек меңгерген тәрізді. Бірақ, жапондар оны ары қарай жетілдіріп,кейін замандық үлгідегі керемет армия жасақтап шығарды. Ал біз оны дамыта алмадық. Жапондардан қай жағымыз кем еді? Арал халқы болған соң, оқшау өмір сүрген соң, жапондарың мүмкіндігі көп болған сияқты…

Құбылай пілмен келе жатыр. Kublai_at_four_elephants

Тау-тасқа бекініп алған қазақтар қытайларды жақындатпай, баудай түсіріп жатыр..

Тоқтамыстың суреті

Автор: Дайындаған Жолымбет МӘКІШЕВ

Related Articles

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: