ИЗРАИЛЬ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛҒАН ЕДІ?
Сионистік қозғалыстың авторы атанған журналист Теодор Герцльдің (1896 жылы) «Еврей мемлекеті» деп аталатын шағын кітапшасы жарық көрген. Әр елде тентіреп жүрген еврейлерге ұлттық мемлекет құру туралы ең алғаш ой тастаған осы кітапта, автор, бүкіл әлемдегі жөйіттерді Палестинадан немесе Аргентинадан иелік сатып алу үшін «ақша жинауға» шақырады. Бұл еңбегі жарыққа шыққанда, Палестинада олардың отыз шақты елдімекені болған екен. Сионистік ұйымдар ол жаққа барған қандастарына «жеті сотық» алуға қаржылай көмек беріп, ақшаға құныққан арабтардың жерін көтерме бағамен сатып ала бастайды. Қазір енді, барынан айырылып, жау кеткеннен кейін қылышын тасқа сермегендей болған Палестина үкіметі, еврейлерге жер сатқандарды өлім жазасына кесетін үкім шығарып қойған. Арабтар осы ессіз қылығына әлі күнге дейін өкінеді. Біз де өкініп қалмайық, ағайын…
Жолымбет Мәкіш


Пікір қалдыру