|  |  |  | 

Езутартар Көз қарас Суреттер сөйлейді

Сенің кінәң – сенің еліңнің 50 елдің ішінде жоқ болғанында…

Nurtay LahanӘріптесім Нұртайға хат!

Бүгін алаңға барған бірлі-жарым белсенділермен бірге сені де ішкі істер бөліміне аяқ қолыңды жерге тигізбей алып кетіпті дегенді естіп қапа болдым. ОМОН полицайлар фотоаппаратыңды салақтатып, видеокамераңды дырылдатып автобусқа сүйреп салғанда не ойлағаныңды шамалап отырмын. Қазақтың дәстүрлі мәдениетімен өскен жігітсің, ең әуелі “бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ еді, мына биліктің бұ не қылғаны” деген ой келген шығар. Ата-бабам бүй деген деп айтпай-ақ қой, бұ күнгі қазақ сияқтылардан дәстүрді дәметпе деп талай айттым. Осы жолы көзің жеткен болар. Әйтпесе, Байтұрсынов атаң айтпақшы “халықтың көзі, құлағы һәм тілі” – кәзит-жорналдың тілшісін қолын артына қайырып әкететін сұмдық, о заман да, бұ заман қай дәстүріңде бар еді? Білгенге бұл – Біржанды Азнабайдың есерлеріне сабатқанынан несі кем?

Дәстүрді айтпағанда осы заманғы мың құбылма заңыңа да сыймайды ғой. Сені әкеткені – “халықтың көзі көрмесін, құлағы естімесін, тілі шықпасын, біз білгенімізді істей берейік” дегені. Өткенде Азаттықтың Ақтаудағы тілшісі Сәнияны Жаңаөзенге жібермей, жолын бөгеп сарсаңға салғанын білесің. Шындықты айтатын бірен-саран басылымның тілшілерін уқит-суқитпен қамайтынын көріп жүрсің. Сондықтан Азнабайдың сабататына іштей өзің де дайынсың. Көп болса екі-үш сағат ұстайды, сосын жібереді. Не үшін ұстағанын адам секілді айтпайды да саған. Болды кет дейді, кете бересің. Нұртайды, Нұртай сияқты репортерлерді неге мәжбүрлейсіңдер, ұят қайда, қияс қайда дейтін ешкім болмайды. Естуімше әлгі айта беретін 50 елде “репортерге шекара жоқ”, “репортерлерге қол тигізбеу”, “сөз бостандығын шектемеу” дейтін ұғым бар екен. Репортерді мәжбүрлемек түгілі тиесілі ақпарат бермесе билігі қыр аспай, омақаса құлайды екен. Сенің кінәң – сенің еліңнің 50 елдің ішінде жоқ болғанында. Сенің көптеген туыстарың, таныстарың, жерлестерің, достарың, тіпті мектепте жұмыс істейтін әйелің де елу елдің ішіне кіргізе алмайтын Азнабайларды жақсы көреді, сайлау сайын соған дауыс береді. Сондықтан кінә өзіңнен де бар. Енді матшаға тауфиқ бергенше осы көргенің көрген. Полицайлар дәті жетіп 15 күнге жапса, ыстық тамақ апарамын. Дәті жетпесе, кешкі асың кемпіріңнен. Еш уайымдамағын.

Айтпақшы, мерекең құтты болсын! Отан қорғау деген осылай от пен су, абақтыдан басталған:)


Асылхан Мамашұлының facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: