|  | 

Саясат

Назарбаевтың орнын «ұжымдық басшылық» басады деген болжам бар

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі Болат Өтемұратовтың (сол жақтан екінші) онымен селфиге түспек болып тұрған кезі. Бурабай, 16 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі Болат Өтемұратовтың (сол жақтан екінші) онымен селфиге түспек болып тұрған кезі. Бурабай, 16 қазан 2015 жыл.

Батыс баспасөзі Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткен соң Қазақстанда «ұжымдық басшылық жүйесі орнауы мүмкін» деген болжам айтады.

ЖАҢА НҰСҚА

Ұлыбританияның Financial Times басылымында жарияланған «Назарбаевтан кейінгі Қазақстан: өзгеріс желі соғайын деді ме?» атты блогта қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткен соң билікті ауыстыру сценарийі өзгеруі мүмкін екені жайлы жазады.

Verisk Maplecroft сараптамалық ұйымы өкілі Камила Хейжланд өз мақаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда 25 жылға созылған «саяси тұрақтылықты» сақтаған жетекшілік рөлін атап өтіп, оның болашақта биліктен кетуі инвесторларды айтарлықтай алаңдататынын ескерткен. «Назарбаев отбасы мүшелеріне қатысты лауазым ауыстыру және институтционалдық реформалар оны алмастыруға дайындық жақын болашақта болуы мүмкін екенін көрсетеді» деп жазады автор.

«Оқиғалардың өрбуі Қазақстан билік құрылымында түбегейлі өзгерістер қарастырылып жатқанын көрсетті – билікте мықты көшбасшы емес, барынша ұжымдық жетекшілік жүйесі орнауы мүмкін, ол біршама күрделі саяси ландшафтқа әкеледі» деп жазады Financial Times басылымы.

Отбасындағы қызмет ауыстырудың мысалы ретінде президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның 2015 жылы премьер-министр орынбасарлығына және президенттің немере інісі Самат Әбіштің ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалуы аталған. «Самат Әбіш болашақта төрағалыққа тағайындалған жағдайда түбінде билік өзге қолға өтетіндігінен белгі берген болар еді» делінген мақалада.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) пен қызы Дариға Назарбаева кезекті рет мерзімінен бұрын өткен президент сайлауындағы жеңісті тойлау шарасында. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) пен қызы Дариға Назарбаева кезекті рет мерзімінен бұрын өткен президент сайлауындағы жеңісті тойлау шарасында. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.

Бұған қоса Назарбаевтар отбасы «шетелдегі дүние-мүліктерін отанына қайтарып жатыр» деген сыбыс бар. «Мүлікті [Қазақстанға] қайтаруды саяси ауысымға дайындық ретінде қарастыруға болады. Инвестицияны үйге – Қазақстанға әкелу арқылы отбасы өзін елдің экономикалық дамуын ынталандырып, бағалайтын «жауапкершілігі бар элита» ретінде көрсетеді… [Осы ісімен] Назарбаевтар отбасы ел билігі инвестицияларын Қазақстанға қайтаруға ынталандырып жүрген басқаларға үлгі көрсетеді» деп жазады Financial Times.

Назарбаев «ұлт көшбасшысы» ретінде өзін алмастыра алатын нақты ешкім жоғын «жақсы біледі» делінген мақалада. «Соның нәтижесінде мықты институттар маңызы еселі түрде артады, солайша Назарбаев өзіне мирасқор табуға тырыса ма, әлде мықты институттарға сүйенген ұжымдық басқару стиліне өте ме деген сауал туындайды. Бұл оған Назарбаевтар әулетінің болашағын қамтамасыз ету үшін отбасы мүшелерін негізгі қызметтерге орналастыру арқылы, келешекте жалғыз мұрагер тағайындау бойынша элита тарабынан да, тұрғындар жағынан да кері реакцияға жол бермеу үшін қосымша пайда тигізуі мүмкін» дейді мақала авторы.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АФРИКА

Сингапурлық Channel News Asia телеарнасы сайтында Қазақстанға Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданы (ШҰАА) төрағасы Чжан Чуньсянның келгені, кездесу барысында құны екі миллиард доллардың келісімдеріне қол қойылғаны туралы жазады. Телеарнаның сөзінше, бұл сома энергия, ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласындағы жобаларға бөлінбек.

Африкалық All Africa жаңалықтар сайтында өткен аптада Қазақстан мен Беларус Либериямен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқаны, «бұған дейін басқалар да айтқандай, барлық сала бойынша достықты нығайту және қолдауға уәде бергені» жайлы хабарлаған.

Сонымен бірге сайт Либерияның шетелдегі дипломатиялық миссиясын қамтамасыз ету үшін «көп ақша жұмсап жатқанын» сынға алып, ал бұл уақытта өзге елдер – соның ішінде Либерия дипломатиялық миссияларын ашқан мемлекеттер де бар – «шығындарын азайтып жатқаны» туралы жазған. Әсіресе Либерия тұрғындарына Шенген визасын алу үшін көрші Гана, Кот-д’Ивуар немесе Нигериядағы еуропалық елдердің елшіліктеріне баруға тура келетіндіктен, виза оларға тым қымбатқа түседі.

Анна КЛЕВЦОВА

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: