|  |  | 

Саясат Әлеумет

«Жер комиссиясының» алғашқы отырысы

Жер комиссиясының отырысы. Астана, 14 мамыр 2016 жыл.

Жер комиссиясының отырысы. Астана, 14 мамыр 2016 жыл.

Үкімет жанынан құрылған «жер комиссиясының» алғашқы отырысы жеті сағатқа жалғып, алпыстай адам сөйледі. Жиын барысында кейбір парламент депутаттары мен азаматтық белсенділер дауласып қалды.

Қазақстанда сирек болатын жаппай қарсылықтардан кейін құрылған жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы 14 мамырда Астанадағы ұлттық мұражайда өтті. Журналистерді жиын өтіп жатқан жерге кіргізбеді. Баспасөз өкілдері комиссия отырысының барысын ұлттық мұражай ғимаратында өздері үшін арнайы бөлінген бөлмедегі монитордан бақылады.

Азаттық сайты жеті сағат бойы үзіліссіз жалғасқан комиссия отырысынан тікелей видеотрансляцияны осы монитар алдынан жүргізді. Азаттықтың видеотрансляциясын Facebook-тегі парақшамыз арқылы да мыңдаған адам көрді.

Жиынды ашқан комиссия төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев комиссия құрамына барлық аймақтардың өкілдері, парламент депутаттары, үкімет мүшелері, ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері мен азаматтық белсенділер қатысып отырғанын хабарлады.

«Комиссия мүшелерінің барлығынан күн тәртібіндегі мәселені талқылауға белсенді қатысуларын сұраймын. Ашық форматта өтіп отырған комиссия жұмысында әркімнің пікірі маңызды» деді Сағынтаев.

Қоғам қайраткері Зәуреш Батталова.

Қоғам қайраткері Зәуреш Батталова.

Комиссия отырысы регламентке байланысты пікірталастан басталды. Қоғам қайреткері Зәуреш Батталова комиссия шешімі келісім (консенсус) бойынша қабылдансын деген ұсыныс білдірді.

– Біз парламент депутаттары емеспіз. Сондықтан комиссияда қаралатын мәселелер бойынша шешімді дауыс беру арқылы емес, келісім арқылы қабылдаған дұрыс деп санаймын. Бір-екі адам шешімге қарсы болса, ол адамдармен келісіп, көндіруге тырысу керек, – деді Батталова.

Бірақ комиссия мүшелері арасында бұл ұсыныспен келіспей, «демократиялық жүйе бойынша көпшілік ұстанымы жеңуі тиіс, әйтпесе даудың түбі көрінбейді» деген уәж айтқандар болды.

Белсенді Жанұзақ Әкім.

Белсенді Жанұзақ Әкім.

Ары қарай отырыс барысындағы пікір алмасу комиссияға «күмән келтіргендер» мен «оған намыстанғандар» арасындағы дауға жалғасты.

– Қоғамдық ұйымдардан қатысып отырғандар 10-15 пайыз ғана. Қалғанының бәрі қалай қабылданды [жер кодексіндегі өзгерістерді – ред.], соны жалғастырайын деп отырғандар. Әңгіменің ашығы керек. Сондықтан бұл комиссияға ел көп сеніп отырған жоқ, – деді азаматтық белсенді Жанұзақ Әкім.

Бірақ бұл айтылғанды орынсыз сөзге балаған кейбір депутаттар «жер дегенде жүрегі соғатыны» жайлы қарсы уәж білдірді.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

– Бауырлар, ағайын, жер, тіл дегенде сіздердің ғана жүректеріңіз қозғалады да, басқалар оған қарсы отырғандай көрмеңіздер. Түйткіл мәселелер көп. Соны еңсеру үшін жиналып отырмыз. Халық қарсы шыққаннан кейін сендер келіп отырсыңдар деген сөз де біздің намысымызға тиеді, – деді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Басталмай жатып, дауға ұласқан жиынға келгендерді премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев сабырға шақырып, «жерге қатысты дауласу үшін емес, бірлесіп шешім қабылдау» үшін жиналып отырғанын айтты.

ар Мырзахметов «1995 жылғы заң қазақстандықтармен бірге шетелдіктерге де жерді 99 жылға жалға беруге құқық берсе де, алты жыл ішінде ондай мерзімге жерді жылға алуға тілек білдірген бір де бір шетелдік болмағанын» мысалға келтірсе, ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жерге меншік құқығы оған салынатын инвестиция көлемін ұлғайтуға, жер ресурстарын жақсартуға, ауыл шаруашылығы өнімділігі мен жұмыс қамту деңгейін арттыруға оң әсер ететіні туралы айтты.

Бірақ, комиссия құрамындағы кейбір мамандар мен азаматтық белсенділер шетелдіктердің кез-келген мөлшердегі үлесі бар бірлескен компанияға жер сатуға тыйым салатын норманы заңға енгізу қажет деген ұсыныс айтты. Қолданыстағы заңға сәйкес, бірлескен компаниядағы шетелдіктердің үлесі елу пайыздан аспаған жағдайда оның жерді жеке меншікке сатып алуға құқығы бар.

Сенбі күні комиссия отырысында бірқатар азаматтық белсенділер тек жер мәселесімен шектеліп қалмай, азаматтардың бейбіт жиын өткізу бостандығын шектемеу, сындарлы позициядағы белсенділерді қудалауды тоқтату, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңызды оқиғаларды жұртқа жеткізуін қамтамасыз ету мәселелерін де көтерді.

Комиссияның алғашқы отырысына оның құрамындағы 75 адамның бесеуі қатысқан жоқ. Төрт адам іссапарға кетуіне немесе денсаулық жағдайына байланысты келмеді. Ал Атырауда 24 сәуірде жер мәселесі бойынша өткенқарсылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі белсенді Макс Боқаев бірқатар талаптары орындалмайынша бұл комиссияның отырысуына қатысудан бас тартқан. Ол ең әуелі жер кодексіне енгізілген өзгертулерге қарсылық білдірген азаматтарға қысым жасамауды талап еткен.

Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев алдағы уақытта әр сенбіде комиссия отырысы өтетіні туралы хабарлады. Комиссияның келесі отырысы 21 мамырға белгіленді.

Жер реформасы жөніндегі комиссия жер кодексіне енгізілген бірнеше өзгерістің күшіне енуіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 мамыр күні мораторий жариялаған соң құрылған. Мораторий Қазақстанның бірнеше аймағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға қарсы шерулер өткеннен кейін енгізілген.

Мәди БЕКМАҒАНБЕТ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: