Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ-ға сәйкес ҚР СІМ-де Қоғамдық кеңес құрылып, өз жұмысын бастады.
Қоғам Сыртқы істер министрлігінің жұмысын бақылайтын, бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» атты Ұлттық жобаның шеңберінде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың нәтижесінде мемлекеттік салаға бірлестірілген жаңа қоғамдық институт болып табылады.
2016 жылғы 17 мамырда Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мәселелері осы отырыста талқыланатын негізгі пунктерінің бірі болады. ҚР СІМ өз құзыреті шеңберінде консулдық қызметтерге қатысты 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Келесі сілтеме арқылы 2015 жылы бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиісті үлгілерімен таныса аласыз.
Халықпен кері байланысты құру үшін Министрлікте арнайы e-mail ашылды: council@mfa.kz. Бұл e-mail-ге Сіз қызметтерді көрсету сапасына, сондай-ақ бар үлгілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге қатысты өз ұсынымдарыңыз бен қалауларыңызды жолдай аласыз.
Келіп түскен үндеулер алдымен Қоғамдық кеңеспен қарастырылып, сосын ҚР СІМ жұмысында ескерілетін болады.
Пікір қалдыру