|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Ақпарат және коммуникация министрінен “батыс агенттері” туралы деректерді тексеру сұралды

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. © Tengrinews.kz

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтан жер реформасына наразылық білдірген қазақстандық белсенділерді белгісіздер қаржыландырып жатыр делінген деректерді анықтау сұралды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Мен өз пікірімді айтқым келеді. Мұнда бізде жаңа министр бар, Дәурен Абаев мырза, соңғы күндері көшеге шығып жатқан адамдар батыс агенттері деп таныстырылып жатыр, оларды батыстың агенттері дейді, олар 100-150 доллар алады делінді, мұны кейбір телеарналар айтып жатыр. Меніңше, егер солай таратып жатқан журналистердің дәлелі болса, оны бізге көрсетсін. Ал егер мұндай дәлелдері болмаса, қандай да бір шараларды жүргізу қажет. Меніңше, сіз министр ретінде шара қабылдауыңыз керек, біздің сізге осындай өтінішіміз бар”, – деді жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы кезінде Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан.


Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан

Скриншот

Соған қарағанда, Мұхтар Тайжан “Еуразия” Бірінші арнасының шығарылымдары жайлы айтып отырған болуы мүмкін. Сәуір айының соңында бұл телеарнада “Қазақстанда айдап салулар үшін жақсы төленді” деген атаумен видео жария болған еді, тілшілерінің айтуынша, рұқсат етілмеген қазақстандық белсенділердің әрқайсысына 50-150 доллар аралығында ақша төленген.

Сол кездің өзінде бұл мәлімет әлеуметтік желілерде дау туғызған еді. Қолданушылар бұл деректердің күдік туғызатынын айтқан болатын.

Ал 14 мамырда “Еуразия” телеарнасы “белсенділерді қаржыландыру” тақырыбында видео жария етті. Ролик “Заңсыз жиындардың қаржыландырғанының дәлелдері” деген атаумен шықты.

tengrinews.kz 

Related Articles

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Қызық…

    Қызық…

    1989 жылы Қазақ ССР-дың мемлекеттік тілі біреу, ол қазақ тілі болған. 2026 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі болмақ. Мәселе, 37 жылдан бері публикацияға тіл туралы баптың 1- тармағын көрсетіп (қоғамдағы ұлтшылдықты басу үшін) ал ісжүзінде 2- тармақпен баса жұмыс істеуінде жатыр. 1989 жылдан бері қазақ тілінің құзіреті конституцияның күшінен көбірек қазақ ұлтшыларының инерциясының арқасында өркендеді. Өйткені қазақтілді орта урбанизацияланды, былайша айтқанда қаладағы мәдени аймақтарды қазақтілді ішкі миграция басып алды. Қазақша мектеп, бала-бақша, орта және шағын бизнес тб бәрі ішкі миграция мен урбанизацияның есебінде көбейді. Конституцияда мем-тіл қазақ тілі деп көрсетілсе де мем-жүйе 2-тармақпен жұмыс жасады. Ал кейбір мекемелер мен облыстардағы қазақ тіліне басымдықтың берілуі тікелей демографиялық

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: