|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Әлеумет

Зейнолла Кәкiмжанов: “Ауыл шаруашылығын тек өз күшiмiзге сүйенiп өткере аламыз”

Бүгiнгi таңда төтесiнен қойылатын қабырғалы мәселе – жер мен топырақ жағдайын және жер пайдалануды бақылайтын, мониторинг жүргiзетiн ұлттық жүйе құру.

Бұл мәселенi шешпей тұрып, жер қатынастарын реформалауға және жердi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдалану құқығы барларға бөлiп беруге (сату, жалға беру) болмайды.
Мониторинг пен бақылауға байланысты ұлттық жүйе пайдалану түрiне қарай жер мәр­тебесiн белгiлейтiн нақты Жер кадастрын құруды аяқтауға мүмкiндiк бередi. Әйтпесе, соңғы жылдары егiн егетiн жер жайылымға, жайылымдық жерлер егiншiлiкке айналып, бәрi мидай араласып кеттi.
Елдегi барлық жердi топырақ бонитетiне қарай шынайы бағалауды бастау қажет. Кеңес кезiндегi есептеулер қазiр жарамайды, ал 1991 жылдан кейiн көптеген жер ауыспалы егiс айналымынсыз пайдаланылды.
Соңғы жылдары жерлердi тиiмсiз игеру ең алдымен субсидия беру жүйесiмен тығыз байланысты. Шағын ғана жерi бар шаруалардың ауыспалы егiстi қолдануға қалтасы көтермейдi, ал субсидия алу үшiн бұл жерлерге үнемi аталған дақылдарды егiп отыру қажет. Нәтижесiнде ондаған мың гектар жер тозып кеттi. Субсидия қанша өнiм ал­ғанға емес, жыртылатын жердiң айдалған көлемiне қарап берiлдi. Нәтижесiнде, көп алқаптың егiнi жиналмай қалды, өйткенi егiн жинауға көп ақша керек, өнiм­дiлiгi төмен егiндi жинағаннан көрi, субсидияның ақшасын алып отыра берген тиiмдi.
Яғни, пайдаланылып жатқан барлық жердi ауқымды көлемде ревизиядан өткiзу қажет. Сонымен бiрге қараусыз қалған жер­дiң нақты көлемiн де анықтап алу керек. Бiрақ елде осы жұмыстарды 2-3 жылда аяқтайтын бiр де бiр ұйым немесе институт жоқ.
Әлемде ауыл шаруашылығы инфрақұрылымындағы мемле­кеттiк институттардың озық тә­жiрибелерi бар. Бiзге Аргентинаның INTA деп аталатын аграрлық технологиялардың ұлттық институтының тәжiрибесi жақсы келер едi. Жартылай мемлекет қазынасынан, жартылай ауыл шаруашылығы құрылымдарына көрсеткен қызметi үшiн алған пай­дасына күн көретiн мемле­кет­тiк ұйым ғылым ойлап тапқан жаңа технологияны фермерге жет­кiзудi, ауыспалы егiс мәде­ниетiн қалыптастыруды, жер жә­не топырақ жағдайын бақылауды, топырақ пен ылғал көлемiн өлшеудi, мәдени дақылдар мен мал тұқымын аудандастыруды, селекциялық жұмысты, ветеринарлық бақылау мен фитосанитариялық қызмет көрсетудi, техника түрлерiн енгiзудi, ауыл шаруа­шылығын жүргiзуге қатысты ақыл-кеңес беру мен оқытуды, өнiмдерге сертификат тапсыруды, барлық рұқсат құжаттарын берудi мойнына алады. INTA жұмысының арқасында Аргентина мемлекеттiк дотациядан тәуел­сiз тиiмдi ауыл шаруашылығы жүйесiн құрып алды.
Жердi пайдалану мен жер мен топырақ сапасына қатысты те­рең талдау мен мониторинг жасап алмай, жердi тиiмсiз пайдаланып отырғандардан тартып алып, оны әрi қарай сатуға немесе жалға беруге бағытталған барлық шара мiндеттi түрде қарсылықпен, наразылық, дау-дамаймен аяқталады. Жерге қа­тыс­ты заңдарда жердiң қандай жағдайда мақсатсыз пайдаланылды деп саналатынын анық көрсетiп, нақты ұғымдар мен көрсеткiштердi енгiзу қажет.
Жердi сату, жалға беру мен жер салығының әдiлеттi, экономикалық негiзделген ақысы бел­гiленiп, заңмен бекiтiлуi тиiс. Топырақ бонитетiнiң дәл баллдары көрсетiлген жер кадастрынсыз жердi сатып алу, жалға берудiң және жер салығының экономикалық негiздемесi нақтыланған ақысын белгiлеу мүмкiн еместiгiн баса айтқым келедi.
Соңғы 5-6 жылда жердi жөн­сiз, тiптi қылмыстық түрде пестицид, гербицид, минералды тыңайтқыштармен улау қайта күшейдi. Мұндай жабайылықтың нақты санын ешкiм айта алмайды. Оған бақылау жоқ.
Барлық өңiрде жердi жасырын субжалдауға беру белең алған. Жағдайы жоқ жер иелерi жерлерiн сырттан келген “фермерлерге” жалға бередi, ал олар өз кезегiнде жердi аяусыз тоздыруда. Бұл адам денсаулығына зиян стимуляторлар мен өсу гормондары, малға қауiптi азық қоспаларын беру етек алған мал шаруашылығына да қатысты. Мұн­дай препараттар заңсыз түрде Қытайдан жеткiзiледi.
Әзiрге мұны шетелдiк инвесторлар емес, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер iстеп отыр.
Егер алдағы екi-үш жылда хи­миялық заттарды қолданудың мөлшерiн заңды түрде бекiт­песек, болашақта шетелдiк инвесторлардың бұдан да үлкен ауқымда жерiмiздi ластауына жол ашып беремiз.
Бiздiң таза жерiмiз бар, ең­бек күшi, мамандар және бас­қару тәжiрибесi бар, тек инвестиция жетпейдi.
Ауыл шаруашылығы кез келген пайыздық өсiмақыны көтере бермейдi. Қазiргi 4-5 пайыздық жеңiлдiктердi алып қарасақ, 4-5 жылдық жеңiлдiк мерзiмiн қоса алғанда, негiзгi қарыз бен па­йыздық үстемеақының алғашқы төлемi капиталға шаққанда 16-25 пайызға жетедi, мұндай рента­бельдiлiк ауыл шаруашылығында болған емес және болмайды да.
Қалаға көшiп кеткен еңбек күшiн ауылдарға қайтару үшiн, ауылдардағы әлеуметтiк инфрақұрылымдарды қалпына келтiру мен тұрғын үй салуға арналған мемлекеттiк жоспар қажет.
Соңғы жылдары аграрлық бизнеспен айналысқысы келетiн бiлiмдi жастар көбейдi. Ауыл шаруашылығын басқару iсiнiң беделiн көтеретiн ұлттық бағдарлама қабылданса, салаға жас бизнесмендер де келер едi.
Елдегi ауыл шаруашылығы саласына шетелдiк жұмыс күшiн тарту ешкiмнiң де басына келе қоймас. Мұндай бастамалар әлеуметтiк қақтығыстарға ұрындырады.
Яғни, ауыл шаруашылығын тек өз күшiмiзге сүйенiп көтере аламыз.
 Алдағы 10 жылда:
– тұрғындардың ауылға қайтуы;
– тұрғындарды толығымен табиғи сапалы өнiммен қамтамасыз ету;
– тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты азайту ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарына айналуы керек.
Шетелдiк тұлғаларға жердi иелену құқығы берiлмеген жағдайда шетелдiк инвестицияларды қалай тартуға болады?
Қазақстандық ауыл шаруашылығы компаниялары үшiн шетелдiк инвестиция әкелудiң ең тиiмдi әрi дұрыс түрi – болашақта өнiм жеткiзу келiсiмшарты мен оны қаржыландыру мәселесi. Яғни қазақстандық компания белгiлi уақытта белгiленген бағамен келiсiлген сапада өнiм жеткiзiп беретiнi туралы мойнына алған мiндеттемесiнiң есесiне инвестиция алады.
Сонымен бiрге шетелдiк компаниялар отандық аграрлық компаниялармен бiрлесiп ортақ қор құра алады. Қордың қаржысы қазақстандық компанияның мүлi­гiнен (жер иеленуге берiлетiн құқықтан өзге) және шетелдiк­тердiң ақшасы, техникасы және технологиясынан құралады. Қор мүлiктердi бiрге басқарады жә­не түскен пайданы тең бөлiп алады. Қор түрлi себеппен тараса, жер қазақстандық компания­ның иелiгiнде қалады немесе түрлi мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда мемлекет меншi­гiне өтедi.
Қазiргi таңда шетелдiк ин­весторлар аграрлық технологияны, астық сақтауды, өнiмдi өң­деу мен экспортқа шығаруды бақылайтын кешендi аграрлық кәсiпорындар құрудан өзге шетелдiк инвестиция тарту мүмкiн емес. Олар мiндеттi түрде вертикалды үлгiдегi ауыл ша­руа­шылығы компанияларын құ­руға ұмтылады. Яғни, олар жердi жалға алуды қалайды.
Шетелдiк инвесторлардың жердi тиiмсiз пайдалануы мүмкiн екендiгiне қатысты қауiптiң жаны бар. Бiрақ осындай жердi ұқыпсыз пайдалану қаупi отандық компаниялар тарабынан да туындап отыр.
Сонымен бiрге шетелдiк компанияға ауыл шаруашылығында тәжiрибесi бар отандық компанияны әрiптес етудi мiндеттеуге де болады. Шетелдiк компанияларға жеңiлдетiлген салық тәр­тiбiн қалдыра отырып, оларға жердi пайдаланғаны үшiн тө­ленетiн роялти белгiлеу керек. Сырттан әкелiнген ауыл шаруашылығы техникасының, құрал-жабдық пен химикаттардың бағасын әдейi көтерiп көрсету арқылы корпоративтi табыс салығын аз төлеуiн болдырмауы үшiн, шетелдiк компаниялар өндiрген өнiмнiң трансферлiк баға қалыптасуын бақылау тетiктерiн жасау қажет.
Отандық балама кәсiпорын­дар жоқ кей өңiрлерде шетелдiк компаниялардың вертикалды iрi кешендерiнiң құрылуына жол бермеген жөн. Өйтпегенде мұн­дай iрi компания шикiзат, азық, мал сатып алғанда жергiлiктi кәсiпорындарды шығынға батыратын баға саясатын жүргiзуi мүмкiн.
Бәскелестiктi күшейту үшiн, жергiлiктi монополияны болдырмау мақсатында өзге де ше­телдiк инвесторлардың пайда болуына жағдай жасау қажет.
Отандық өнiм өндiрушiлер дамыған сайын, шетелдiк компаниялар жалдайтын жер квотасы азая бастауы тиiс.
Осылайша ауыл шаруашылығына шетелдiк инвестиция тарту үшiн шетелдiк компанияларға жердi жалға беруге болады, бiрақ бұл үшiн елдiң ауыл шаруашылығын ұзақ мерзiмге дамытуды қарастыратын жан-жақты, мұқият ойластырылған стратегия жасап алу керек.
Осы стратегия аясындағы жердi пайдалануды бақылау жүйесi елдiң барлық тұрғыны үшiн айқын әрi түсiнiктi болуы тиiс.
Қазiр халықтың елдегi жер қатынастарының қаншалықты дұрыс дамитынына көзi жет­пейдi, ауылдық аймақтар мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қан­дай болашағы барын бiлмей­дi, жердiң қалай пайдаланылуы керектiгiн, оны қалай тоздыр­мау­ға болатындығын, өзiмiздегi еңбек күшiн қалай қорғауға болатынын түсiнбейдi. Сондықтан бұл мәселеге қатысты елдiң алаңдап отырғандары әбден орынды және бұл әлеуметтiк толқуларға әкеледi.
Алдағы 3 жылда пайдаланылмай жатқан және дұрыс игерiл­меген жерлердi толық тү­гендеп, оларды мемлекет меншi­гiне алу мәселесiн бастау қажет.
3 жыл iшiнде жаңа жобаларын ұсынған отандық инвесторларға сынақ түрiнде жалға жер берудi қолға алу қажет.
3-5 жыл аралығында ауыл шаруашылығына келетiн болашақ шетелдiк инвесторларға қойылатын талаптар, ережелер мен тәртiптер айқындалуы тиiс.
Жоғарыда аталған даму бағыттарын орындаған жағдайда бiз жақын 20 жылдағы экономиканың жетекшi саласына айналдыра аламыз.
Зейнолла Кәкiмжановтың әлеуметтiк желiдегi парақшасынан ықшамдап аударған Дәнеш ҰЗАҚ.
zhasalash.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: