Шақабай батыр Есентайұлы – 1688-1779 ж.ж. аралығында өмір сүрген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыс дәуірінде ғұмыр кешіп, елі үшін өшпес еңбек сіңірген, ту көтеріп, қол бастаған, жаудан беті қайтпаған даңқты батырлардың бірі. Ерлігімен ел көзіне түсіп, даңқты қолбасшылығымен аты мәлім болған батырдың есімі «Біз аталмыш қорды құру арқылы Шақабай батыр Есентайұлының ерліктерін ұлықтап, жас ұрпақтардың бойынша отансүйгіштік асыл қасиеттерді сіңіріп, ұлт тарихынан ұмыт болуға айналған батырдың ерліктері мен замандастар өмірін зерттеп-зерделеп, қазақ тарихына аз да болса үлес қосуды мұрат тұтқан қорымыздың жарғысына сәйкес, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созып, қоғамның жүгін жеңілдетуге атсалысу, еліміздің көші-қон саясатын жандандыруға жебеуші болу, ұрпақ санасындағы ұлттық тәрбиені насихаттау, т.б. қоғамдық-мәдени іс-шаралармен айналуға ниеттеніп отырмыз»,-дейді қор төрағасы Заманбек Мұратханұлы.
Қор төрағасы – Заманбек Мұратханұлы. Қордың директоры – Нұрбақыт Атанұлы, атқарушы диекторы – Қадылбек Тоқанұлы сайланды. Қордың төрағасы – Заманбек Мұратханұлы, Қор директоры – Нұрбақыт Атанұлы. Қордың атқарушы директоры – Қадылбек Тоқанұлы.
kerey.kz
Пікір қалдыру