|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

Асан қайғының жер туралы айтқандары

64734a4fb91d86568ae98018c011a39e1404311529

Асан қайғы желмая мініп, желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргендегі жерге айтқан сындары.

Ұзын Ертісті көргенде:

  • Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас, сиырдың мүйізі, кеуірдің құлағы шығып тұрған жер екен. Күнінде баласы кеуірден жылайды-ау! – депті.

Шыңғыс тауын, Семей тауларын көргенде:

  • Мына шіркіннің топырағы құтырған екен. Оған шыққан шөп құтырады, оны жеп семірген мал құтырады, оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады. Қан үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатұғын жер екен! – депті.

Түндік өзенін көргенде:

  • Он екі қазылық ой, Түндік; маңырап жатқан қой, Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен! – деп, тастап кетуге қимай, үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған.

Қызылтау деген жерге келгенде:

  • Тауы-тасы кеш болғанда, ыңыранып жатады екен, тоқтысы қысыр қалмайтұғын жер екен! – депті.

Баянаула тауын көргенде:

  • Ат ерін алуға жарамайтұғын жер екен, шіркінді жұрт қалай қоныс қылып отырған? Бір көрген кісі: «Кәпір-ай, сені желкемнің шұқыры көрсін!» — дейді екен. Бауырында бір қара тиген тұзы бар екен, тұзы ауыр екен. Бір күн түнеп кетемін деген бір жұма тоқтап қалады екен, тұзы жібермейді екен!

Ащы бойына келгенде, артына қарап:

  • А, Баянаула, сенің қоныс болып тұрғаның мынау Ащының арқасы екен! Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен, сонысы бір жылға татиды екен. Олай болмағанда, Баянаула қоныс болуға жарамайтұғын жер екен дейді, — депті.

Бөкенбай деген жерді көргенде:

  • Ана Баянаула тауынан мына Бөкенбайдың қырық кез биіктігі бар екен! – депті. Осы күні жұрт Бөкенбайдың басына аң қуалап, атпен шығып жүреді. «Аспанмен тілдескен Баянауладан қалай биік болады?» деп, жер өлшеп жүрген землемерлерден сұрағанда:
  • Рас айтқан екен! – десті.

Шідерті деген өзенді көрген кезде:

  • Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен! Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтұғын жылқының қонысы екен! – депті.

Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен.

  • Неге үндемейсіз? – дегенде, аз тұрып:
  • Мына шіркіннің шөбі көп, қоныс қылған елдің уайымы жоқ. Малы семіз, тайыншасы қысыр қалмайтұғын, ақ айраны ерте шығып, туған бала кеутамақ болып, тамақтан басқаны ойламайтұғын, тоқты-торым ұрлығы үзілмейтұғын, өтірік-өсегі көп болатұғын жер екен! Өлеңтінің – суы май, Шідертінің шөбі – май! – депті.

Ереймен тауын көргенде:

  • Желдің жеті есігі бар екен. Қыс болса, жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас. Ораздының жайлауы, шиырлының қыстауы екен. Екі жағындағы ел бай болар да, тап ортасында – мұны қоныс қылған ел кедей болар. Бітісі жаман екен. Бірімен бірі едірейісіп – төбелесетұғын кісідей едіреюін, панасы жоқ, дала сықылды тау екен! – депті.

Сілетіден өтіп, Жалаңаштың тұсына барғанда:

  • Аттың төбеліндей, Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын, — деген екен. – Айналаң аз, онан басқа табылмайтұғын жер екенсің, — депті.

Есіл деген өзенді көргенде:

  • Жары менен суының, жарлысы мен байы тең болатұғын жер екен, — депті.

Нұраның бойын көргенде:

  • Алты күнде ат семіртіп мінетұғын жер екен, — депті.

Қарақұйын, Қашырлыны көргенде:

  • Жылқының жалы менен құйрығы төгіліп тұрған жер екен. Бауырында бір жұтқыш айдаһары бар екен! Онан басқа жылқы үзілмейтұғын жер екен! – депті. – Бір зор теңізі бар: боран болса, оған киліккен жылқы қайда кеткенін жан білмейді.

Торғай өзенін:

  • Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен! – депті.

Терісаққан деген өзенді көргенде:

  • Сарыарқаның тұздығы екен! – депті.

Шу деген өзенді көргенде:

  • Мына шіркіннің екі жағы борбас екен, өне бойы нар қамыс екен, іші толған жолбарыс екен. Баланың іші қуырылмайтұғын, пышағы суырылмайтұғын, еркегі ат болатұғын, ұрғашысы жат болатұғын жер екен! – депті.

Қаратауды көргенде:

  • Көкектен басқа құсы жоқ, көк шөпті жұлғаннан басқа ісі жоқ, аты бестісінде қартаятұғын, жігіті жиырмасында қартаятұғын жер азғыны мұнда екен. Ел азғыны да мұнда екен! – депті.

Шымкент, Сайрамды көргенде:

  • Екі басса, бір базар: малында береке болмайтұғын; екі басса бір мазар: басында береке болмайтұғын, «Базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес», — деген екен.

Ұзын аққан Сыр бойын көргенде:

  • Басы байпақ, аяғы қайқақ: екі-ақ ауылға қоныс екен, өн бойы кедейлікке біткен жер екен. Қаратауды жайласа, Сырдың бойын қыстаса, қоныс болуға сонда дұрыс екен! – депті.

Сулы Келес, Құры Келесті көргенде:

  • Мөңіреуін, сиыр бойып мөңіреуін! Сиыр тұқымы үзілмейтұғын жер екен, -депті.

Одан әрі Жиделібайсынға шейін жүре берген екен деседі. «Сарыарқаны орыс алады, күндердің күнінде молам орыстың атының аяғының астында қалады! – деп, орыс бармайтұғын жерге барамын» деп, қойға қошқар қоймай, жылқыға айғыр салмай, түйеге бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жыл ту қылып алып, ауған екен.

 

Асан Қайғының мұңы

Мұнан соң қилы-қилы заман болар,

Заман азып, заң тозып, жаман болар.

Қарағайдың басына шортан шығып,

Балалардың дәурені тамам болар.

О күнде қарындастан қайран кетер,

Ханнан – күш, қарағайдан шайыр кетер.

Ұлың-қызың орысқа бодан болып,

Қайран есіл ел-жұртым, сонда не етер?!

degdar.kz

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: