|  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас

Жер комиссиясының бүгінгі отырысынан байқағаным。。。

jer talqisiЖер комиссиясының бүгінгі отырысынан байқағаным:

1. Рұқсат етілмеген митингінің әсері.

Отызға жуық белсендінің тұтқындалғаны, кейбіріне қылмыстық іс қозғалғаны, шеруге беттегендердің жаппай қамалғаны текке кетпеген. Алдыңғы митингілердің жалғасы, мамырдың 21-індегі оқиға комиссиядағы халықшылдардың позициясын нығайтқан. Бүгінгі жиынның белсендісі Мұқтар Тайжан “мамырдың 21-інде шеруге шығудың қажеті шамалы, мәселені былай да шешуге тырысамыз” дегені есте. Меніңше халықшылдар комиссияда көзірге айналатын оқиғаға шақырмаса да үндемей қалуы керек еді. Саясаттың заңы солай). Арқасы қозып отырған біраз жұрт Мұқтар Тайжан мен тағы да басқа азаматтар әсіре сақ ұстанымдарын жариялаған соң бәсеңсіді. Соның өзінде комиссиядағы халықшылдар соңғы митингінің ықпалын сезді деп ойлаймын.
Билікті төңкермек болды, пәлен-түген дегенді ішкі істер министрінің өкілі осы жиында тағы қайталады. Мұқтар Тайжан дереу сұрақ қойып еді, өзіңе былай шығып жауап берейін деп жалтарды. Халықшылдар осы мүмкіндікті пайдаланып, мамырдың 21-індегі оқиғаны жақсылап талқыға сала алмады. Тақырыптан ауытқымау үшін митингілер мәселесі мен оған Бас прокуратура берген бағаны комиссия отырысының күн тәртібіне жеке енгізуі керек. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін қазақ ұлтшылдығы туралы Мәскеудегі орталық комитет арнайы қаулы алып, кейін оны арнайы комиссияның күшімен зорға жойғызған. Сол комиссияның басы-қасында жүрген Мұқтар Шаханов отыр ғой комиссияда. Бас прокуратура өз құзыретінен асып, 21 мамырдағы митингке заңи баға емес, тарихта қалатын саяси қаулы шығарды. Сондықтан комиссия бұл мәселені әлі де болса жеке қарауы тиіс. Содан соң, комиссия құрылған кезде мүшелердің қатарында аталған Макс Боқаев пен бір отырыстан кейін шығып кеткен Мақсат Нұрыпбаев комиссияға қайта қосылуы керек. Жігіттерге абақтыда біраз тың ой келген болар.

2. Сәтсіз реформаны мойындау.

Меніңше, бүгінгі отырыста Қазақстанның ауыл шаруашылығы реформасының сәтсіз болғаны алғаш рет жоғары комиссия деңгейінде мойындалды. “Жеңіл мәшине шығарып несіне тыраштандық, неге соқа шығармадық, сол ақшаны ауыл шаруашылығына неге құймадық” деген Айтаханов пен Косаревтердің сөзі болар іс болып кеткеннен кейін “к-тімізге неге қарамадық” дегенді еске түсірді. Автомобиль жасаумен шұғылданып жүрген топ-менеджерлердің «Қазақстан мәшине шығаруды он жылға кеш бастады, ендігісі бос әуре, ақша жеуден өзге түк емес» дегенін өз құлағымен естіген, кезінде дәуірлеген, бүгінде тұралаған ауылда өскен біз сияқтыларға мұндай мойындау өте ауыр естіледі екен. Жиырма бес жыл жазықсыз түрмеде отырып, енді ақталғандай сезімде болдым). Басқа да билікшіл бірнеше спикер “өзіміз де жерді ұқсатар едік” дегенді іліп әкетті. Яғни, өкімет ақшаны рәсуа қылмағанда жер сатамыз ба, жоқ па деп отырмас едік дегенді анық аңғартты. Меніңше бұл, президент Назарбаевтың ауыл шаруашылығына жасаған реформасына өзі құрған комиссияның амалсыздан берген алғашқы ашық бағасы, мойындауы. Енді ауылдан тек кешірім сұрау қалды))
Жалпы бүгінгі отырыста әншейінде шеңберден шыға алмайтын біраз спикерлердің екі ойлы боп, былқылдап қалғанын байқадым. Қанша дегенмен отырыс тікелей эфирден кетіп жатыр дегендей. Елге қарауға да бет керек. Айтпақшы, Азаттықтан өзгелер неге тіке таратпайды осыны, комиссия әмериканыкі емес еді ғой?)).

3. Парламент.

Әншейінде оппозиция мен қоғам белсенділерімен сөйлеспейтін билік Жер комиссиясын құру арқылы өзі құрған парламенттің де түкке тұрмайтынын мойындады. Бүгінгі отырыс – дайын парламент қой. Парламентте жер үшін қып-қызыл айтыс, талас-тартыс, тіпті төбелес болуы керек еді. Депутаттары төбелесетін елдер қырылып қалған жоқ)). Меніңше билік тым болмаса осы Жер комиссиясындағы «халықшылдар» секілді конструктивті саясаткерлер мен белсенділерді парламентке әлі де болса кіргізуі керек. Көрініп тұр, Макс Боқаевтан өзге радикалдары жоқ)). Бұл енді басқа әңгіме, бітпейтін жыр.

Ең бастысы Жер комиссиясындағы халықшылдар «НұрОтанның» дөкейлерімен жиын үстінде, тікелей эфирде тіке сөйлесіп, қаржасып, шайнасса дейміз. Билік дегеніміз – күш. Күшті күштіні ғана сыйлайды. Мұқтар Тайжан сөйлеп отырып, министрлерге қарап «солай ма?» дегенде залда біртүрлі ыңғайсыздық пайда болатынын байқадым. Ешкім бұлай наглый сөйлемеген ғой оларға)).


Асылхан Мамашұлының facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Қызық…

    Қызық…

    1989 жылы Қазақ ССР-дың мемлекеттік тілі біреу, ол қазақ тілі болған. 2026 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі болмақ. Мәселе, 37 жылдан бері публикацияға тіл туралы баптың 1- тармағын көрсетіп (қоғамдағы ұлтшылдықты басу үшін) ал ісжүзінде 2- тармақпен баса жұмыс істеуінде жатыр. 1989 жылдан бері қазақ тілінің құзіреті конституцияның күшінен көбірек қазақ ұлтшыларының инерциясының арқасында өркендеді. Өйткені қазақтілді орта урбанизацияланды, былайша айтқанда қаладағы мәдени аймақтарды қазақтілді ішкі миграция басып алды. Қазақша мектеп, бала-бақша, орта және шағын бизнес тб бәрі ішкі миграция мен урбанизацияның есебінде көбейді. Конституцияда мем-тіл қазақ тілі деп көрсетілсе де мем-жүйе 2-тармақпен жұмыс жасады. Ал кейбір мекемелер мен облыстардағы қазақ тіліне басымдықтың берілуі тікелей демографиялық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: