|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас

САЛЫСТЫРУ

Stambul

Стамбулдың 17 миллиондай халқы бар. Бір мэр, бір бас хатшы мен жеті орынбасары 26 департамент директорын жұмсап еркін басқарып отыр. Мэр қаланың аузы дуалы ақсақалдарынан бастап, еті тірі кәсіпкерлеріне дейінгі көзі қарақты жәмиғатын жақсы таниды. Жөнделіп жатқан жолдың, салынып жатқан үйдің есебін біледі. Қай мешітте қандай уағыз айтылатынынан, қай театрда қандай спектакль қойылатынынан қал-қадарынша хабардар. Назарына ілінбей қалған жайттарды әр сала бойынша орынбасарлары екібастан жетік біледі дегендей. Әлемдік ірі туризм орталығы саналатын, күн сайын ондаған мың саяхатшы қабылдайтын қаладағы динамикалық даму мен экономикалық өсу туралы айтпай-ақ қояйын.

Енді 17 миллиондай халқы бар кейбір мемлекетті президент пен оның тұтас бір әкімшілігі, әкімшілік жетекшісі мен әлгінің сүрініп-қабынып жүрген орынбасарлары, премьер мен оның алып үкіметі һәм канцеляриясы, вице-премьерлер мен министрлер һәм олардың шұбырған орынбасарлары, ондаған облыс әкімі мен олардың жүздеген орынбасары һәм аппарат жетекшісі, жүздеген қала мен аудан әкімі және олардың өздерінен бірнеше есе көп орынбасарлары, мыңдаған көмекшісі, қисабына қиял жетпейтін департамент директорлары, олардың шопырсыз жүре алмайтын орынбасарлары, осыншама адам бір-біріне сілтей қол қойып төменге сырғытатын халықтың арыз-өтінішіне калька тілінде түсініксіз жауап хат жазумен айналысатын қарасы қалың бас мамандар, және осынау алып маховикті айналдыруға өзінше үлес қосып әкімнің баяндамасын жазып жүрген кеңесшілер мен шай тасып жүрген сансыз секретарьшалар армиясы “басқарып” отыр. Бұл биліктің орталық тармағы тұрмақ, облыстық деңгейдегі басшылары мен орынбасарлары ел ішіндегі бір мәселемен танысуға сау етіп келе қалғанда соңындағы нөкерлерінің шаңы бір аптаға дейін тарамай тұрады. Әлгі облыстық әкім-қара (президент былай қалсын) жылына жүздеген мың литр бензин жағып джиптерімен құйындата құйғытып жүргенде қарамағындағы әр ауылдан бір-бір белсендінің болсын атын жаттап та үлгермей қызметтен кетіп жатады.

Осы бір шабармандар шапқыншылығына ұшыраған елге қарап отырып, “қанша дегенмен мемлекеттің территориясы қаладан үлкен болады, басқарушыға да барып-кел, шауып-келсіз қиын ғой” деп іштей уәж тапқансимын. Бірақ атқарушы биліктің территорияға емес, нақты адамға қызмет ететіні ойымнан шықпайды. “Айналып келгенде алдарындағы адам саны 17-ақ миллион ғой?” дейді ішкі дауысым. Ал енді ол қисынды ары кетсе жарты-ақ миллион халқы бар облысты басқарып отырса да, ат үстінде шіренгенде үзеңгі шыдатпайтын “қайраткерлерге” һәм олардың нөпір нөкерлеріне ұқтырып көріңіз.

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: