|  |  |  |  |  |  |  | 

Жаңалықтар Зуқа батыр 150 жыл Саясат Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем

«Қазақ жастары: әлем мәдениеті жолында» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз

25zhil

Құрметті, әріптестер! Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Жасыл ел» Жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабының Алматы облыстық филиалы, «Көшбасшы» оқу-әдістемелік орталығы, «Алаш Ұланы» Қоғамдық бірлестігі, «Зуқа батыр-150 жыл» Қоғамдық қоры, «Innovation-Koldau» Қоғамдық қоры бірлесуімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақ жастары: әлем мәдениеті жолында» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

            Конференция мақсаты: Конференция мазмұны бойынша қазіргі замандағы білім мен техниканың даму деңгейіндегі жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, үнемі өзгеріп отыратын ғылыми-инновациялық, педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік мәселелерді талдай білуге, жаңашыл шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, қоғам мен жеке адам арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын жасай отырып, әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген қазақ жастарын бір мүддеге біріктіре білуге ұмтылу.

Негізгі бағыттары:                  

  • Жылжып өткен 25 жыл: атқарылған іс, жеткен жетістік
  • ХХІ ғасырдағы білім кеңістігі және ақпараттық қоғам
  • Жастар және табиғат мәдениеті
  • Бабалар мұраты: Зуқа батырға 150 жыл

    Конференция 2016 жылдың 17 маусымында өтеді. Жариялау үшін материалдарды

қабылдау 12 маусымға дейін жүргізіледі. Ақпарат тілдері – қазақ, орыс, ағылшын, түрік. Мақаланы рәсімдеу тәртібі: doc немесе RTF А4 форматта, барлық жиегі – 20 мм, қарпі – times new roman 14, мақала көлемі – 5 бетке дейін, мақала атауы бас әріптермен ортада, бір жол төмен автордың және ғылыми жетекшінің аты-жөні қалыпты қаріппен сол жақта және бір жол төмен жұмыс орны жазылады. Бір жол төмен азат жол арқылы мәтін басталады, иллюстрациялар, формулалар мәтіннің ішінде қойылады, соңында әдебиеттер тізімі ұсынылады. Әдебиеттерге сілтемелер квадраттық жақша түрінде рет бойынша көрсетіледі.

Үлгі

ЖАСТАР ҚУАТЫ – ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫ

 

Жақанова Арайлым

Ғылыми жетекші: С.А.Карипбаева

ШЖҚ «Талдықорған медицина колледжі» МКК, Қазақстан, Талдықорған

           Мәтін …………………………………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………………………………………[1, 12].

 

Әдебиеттер (міндетті түрде көрсетілуі тиіс):

  1. Мынбаева А.К. ……………………………………………………………………………………………………

 

Уақытынан кешіктірілген мақалалар жарияланбайды, жіберілген басылымның

мазмұны өңделмейді және түпнұсқа болып табылады. Конференция материалдары жинаққа жарияланады, үздік деп танылған мақалалар мақтау қағаздарымен, ескерткіш кәдесыйлармен марапатталады. Ұйымдастыру комитеті талапқа сәйкес келмейтін материалдардың жариялануына рұқсат бермеуге құқылы. Мақала жариялау жарнасы – 3000 тг. Жарна төлемдері «Көшбасшы» оқу-әдістемелік орталығы ұйым кассасы және есеп шот арқылы қабылданады.

Мақала қабылданатын мекеменің мекен-жайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы,  Жансүгіров к/сі («Кұс жолы» кешені), 2 қабат, «Көшбасшы» оқу-әдістемелік орталығы. Байланыс телефоны: 8 705 308 88 85,  e-mail: innovation_koldau@mail.ru. Конференцияға қатысу шығыны қатысушылар тарапынан өтеледі.

Банк реквизиттері:

БСН   950901401075

ЖБК   KZ626010311000239284

БЖК  HSBKKZKX

КБЕ 19

АҚ «Халық Банк»

 

Конференцияға ниет білдірген әріптестеріңізге ақпаратты жолдауларыңызды сұраймыз.

 

Қатысушының тіркелу формасы

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Қазақ жастары: әлем мәдениеті жолында»

Талдықорған қ./Қазақстан 17 маусым 2016 ж.

 

Аты-жөні  
Ғылыми жетекшісі  
Ұйымның аты, мекен-жайы  
Байланыс телефоны  
e-mail  
Баяндама атауы  
Бағыты  
Қатысу формасы Күндізгі/сырттай
Қонақ үйін брондау Қажет/қажет емес

kerey.kz

Related Articles

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: