|  | 

Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА 25 АЛАШ АРЫСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІН ҰСЫНЫП ОТЫРМЫЗ

Алаш арыстары тағы бір жаңғырмақ!
23 маусым күні Астана қаласындағы Ұлттық кітапханада «Алаш айтқан асыл сөз» атты кітаптың тұсаукесері (11:00-де) өтеді. Жаңа кітап Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 және Алашорда Үкіметінің Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай жарыққа шығып отыр. Сондай-ақ, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығын да қаперден шығарғанымыз жоқ. Жинаққа ұлт көсемі Әлихан Бөкейханнан бастап Смағұл Сәдуақасұлына дейінгі 25 Алаш арыстарының ой-толғамдары мен қанатты сөздерін топтастырып беріп отырмыз. Осы ретте 25 Алаш арыстарын іріктеп, олардың қанатты сөздерін жариялауымыздың тегін еместігін айта кеткен жөн. Өйткені, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, осыған орай оқырман қауымға 25 Алаш арысының қанатты сөздерін сый ретінде тарту етуді алдымызға мақсат етіп қойдық. Бұл бастаманы жобаның авторы ретінде 2 жыл бұрын Шымкентте қызметте жүргенде қолға алған едім. Алаш арыстарының том-том еңбектерін ақтарып, інжу-маржан сөздерді іріктеген журналистSerik Joldasbai мен тарихшы Еркін Ерланұлына мың алғыс! Себебі аталған азаматтар бір жыл бойы Алаш арыстарының сөзін жинақтаумен айналысты. Сондықтан да Алаш арыстарының ұлт, дін, тіл, білім, мәдениет, өнер сынды тақырыптағы тағылымы мол, ғибратты сөздері оқырман қауымды бей-жай қалдырмайды деген сенімдемін. Сондай-ақ кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткен Бекен Қоныс пен Еркебулан Курмангалиевке де алғысымыз шексіз.
Негізі біз көп жағдайда ойымызды дәл жеткізу үшін өзге жұрттың ойшылдары мен саясаткерлерінің қанатты сөздерін тілге тиек етеміз. Өкінішке қарай, өз қайраткерлеріміздің қанатты сөздерін қаперден шығарып алып жатамыз. Әйтпесе Әлихан Бөкейхан айтқан қанатты сөздер Ататүрік пен Джордж Вашингтоннан еш кем емес. Айталық, Вашингтон: «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп ойлауымыз керек?» десе, Әлихан Бөкейхан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» дейді. Үндестік бар ма? Бар. Жалпы кітапты парақтап қарап шықсаңыз, «Апырай, ә» дегізетін қанатты сөздер өте көп. Мұны кітапқа пікір жазған белгілі алаштанушы – ғалым Тұрсын Жұртбай да айтып отыр. Міне, осындай құнды кітапты оқимын десеңіз, Алматы қаласындағы «Ел шежіресі» баспасына хабарласыңыз. (Абай даңғылы 143, кабинеттер: 403, 413. тел; 394-42-04, 394-42-91) Сондай-ақ, Шымкентте Бекен Қонысовтан, Астанада Серік Жолдасбайдан «Алаш айтқан асыл сөз» кітабын сатып алуыңызға болады.
Ал, Астаналық ағайынды «Алаш айтқан асыл сөз» атты кітаптың тұсаукесеріне шақырамыз. Тұсаукесер 23 күні сағат 11:00 –де Ұлттық кітапханада өтеді. Егер оқырман тарапынан қызығушылық болып жатса, аталмыш кітаптың тұсаукесерін Алаштың астанасы атанған Семейден бастап басқа қалаларда да өткізуге мүмкіндік бар.

P.S. Осы кітапты сапалы әрі уақытылы шығарып берген “Ел-шежіре” қайырымдылық қоры” қоғамдық қорының президентi ДидахметұлыДаулет Ашимханға алғыс білдіремін.

Берік Уәлидің facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: