|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Назарбаевтың “мұрагер” жайлы емеуріндері

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ашғабатта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтің сыйын қабылдап тұр. Көрнекі сурет

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ашғабатта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтің сыйын қабылдап тұр. Көрнекі сурет

Маусымның 18-інде Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономика форумында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда әйел де президент бола алады деген пікірі БАҚ пен әлеуметік желілерде жиі талқыланды.

Санкт-Петербургтегі жиында президент Назарбаев үш қызы бар екенін, Қазақстанда гендерлік саясат табысты жүріп жатқанын, президент болуға лайық “дайындалған әйелдер” бар екенін айтқанымен тікелей үлкен қызы Дариға Назарбаеваны атамаған. Алайда Ресей президенті Владимир Путиннің әзілдеп болсын “ондай әйелдердің кейбірін танитынын” айтып қалуы көпшілікті Дариға Назарбаеваны президент мұрагері ретінде талқылауға түрткі болған. Оған форумның модераторы Фарид Закарияның “премьер-министрдің орынбасары етіп әйел адам тағайындағаныңызға назар аудардым” деген сөзі де себеп болды. Ал Дариға Назарбаеваның 2015 жылғы қыркүйектен бері вице-премьер қызметін атқарып келе жатқаны белгілі.

Осылайша “кездейсоқ қойылған сұраққа берілген жауап” әлеуметтік желілердегі кейбір қолданушыларға Нұрсұлтан Назарбаев қызы Дариғаны мұрагер ретінде ресми түрде жариялағандай әсер қалдырды. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін өзінің “мұрагері” туралы ашық айтқан емес.

Нұрсұлтан Назарбаевтың билікте ұзақ отыруы, бұрынғы ТМД мемлекеттерінің кейбірінде биліктің мұрагерлік жолмен ауысуы Қазақстанда да бұл мәселе кез-келген сәтте пайда болуы мүмкін дейтін алуан жорамалға себеп болып, саясаттанушылар әр кезеңде “мұрагер” ретінде Назарбаевтың жақын туыстары мен сенімді серіктерін атап келген.

Болжам жасаушылар “мұрагерлік” өлшемін оның президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қаншалықты жақындығымен, билік пен бизнестегі ықпалымен есептейді. Жоғары лауазымды қызметкерлерге тек сенімді адамдарын тағайындау арқылы Назарбаев мұрагер мәселесі қалай шешілетінін емеурінмен білдіретінге ұқсайды.

Дариға Назарбаева (сол жақта) әкесі президент Нұрсұлтан Назарбаевпен. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл

Дариға Назарбаева (сол жақта) әкесі президент Нұрсұлтан Назарбаевпен. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл

Дариға Назарбаева 2003 жылы “Асар” партиясын құрғанда бірден бір “мұрагер” ретінде көріне бастады. Небәрі үш жылдан кейін “Асарды” “Нұр Отан” партиясына қосу арқылы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен қызының амбициясын өз қолымен тежегендей көрінген. Алайда президент Назарбаев өтпелі кезеңдегі мұрагерлікке Дариға Назарбаева мен өзінің сенімді серігі Нұртай Әбіқаевтың бірін қарастырады деген болжамды Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев 2013 жылдары да бірнеше рет қайталаған. Өйткені аталған екеудің Назарбаевқа жақындығы бұрынғыдан да күшейгендей көрінген. Оның үстіне былтыр Дариға Назарбаеваның вице-премьерлікке тағайындалуы да ашық емеурін тәрізді қабылданған. Ресеймен параллель жүргізуге бейім кейбір бақылаушылар президент Владимир Путиннің Дмитрий Медведевті әуелі вице-премьерлік қызметте біраз сынағанын еске алысқан.

Кәрім Мәсімов, Қазақстанның премьер-министрі

Кәрім Мәсімов, Қазақстанның премьер-министрі

2011 жылы қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязов “мұрагер” ретінде премьер-министр Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын атап, баспасөзге сұхбат берген еді. Осы сұхбатқа қарсы сол кездегі президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Назарбаевтың саясатын жлғастырып кете алатын бірден бір адам – оның ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев деген пікір айтқан. Мұхтар Әблязовтың баспасөздегі сирек сұхбаттарына қарағанда “мұрагерліктен” бірден бір дәмелі адам – әлі күнге Кәрім Мәсімов”.

2013 жылы қыркүйек айында оппозициялық басылымдардың кейбірі “Нұрсұлтан Назарбаев өз мұрагерін Ресей президенті Владимир Путинге таныстырды, ол Назарбаевтың немере інісі, қазір ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш” деген де ақпарат таратты.

Қасымжомарт Тоқаев, Қазақстан сенатының спикері

Қасымжомарт Тоқаев, Қазақстан сенатының спикері

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та мұрагерлер қатарында аталған. Ресейлік сарапшылар Тоқаевты “мұрагерлікке өте қолайлы адам” ретінде сипаттаған. Конституция бойынша биліктегі екінші жоғары лауазымда отырған Қасымжомарт Тоқаевты «әлдеқандай жағдай туса» Назарбаев пен оның туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын тұлға ретінде қабылдайтындар бар.

Бірақ әзірге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың емеуріндерінің ешбірі орындалған жоқ. Қазақстан президентімен ұзақ жылдар қызметтес болған оппозициядағы саясаткер Серікболсын Әбділдин «Назарбаев көзі тірісінде билікті ешкімге бермейді» дегенді қайталаудан танбайды.

Бұл тұрғыдан келгенде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанда әйел де президент бола алады» деген пікірін гендерлік саясаттың Қазақстанда белсенді жүзеге асатынын меңзегені әрі әйелдер қауымына қарата айтылған комплименті ретінде қабылдау қисындырақ болатын сияқты.

Асылхан МАМАШҰЛЫ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: