|  |  | 

Көз қарас Сұхбаттар

КСРО құламағанда қазақ ендігі орыс боп кетер еді — сарапшы пікірі

Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазіргі студенттердің көбісі шалағайлар. Енді олардың басын үштілділікпен қатырсақ, онда шалағайдың өзіне зар болып, қазақтығымызды мүлде жоғалтып алуымыз әбден мүмкін. Осыны айтқан білдей университетте сабақ беретін ағамыз, Құрылыс және бағалау академиясының ректоры Алғатбек Қыдырбекұлы үш тілділікке көшуге үзілді-кесілді қарсымын дейді.

Алғатбек Қыдырбек-ұлы
Алғатбек Қыдырбекұлы

— Мұғалімнің басында екі тілдегі білім шатасып жатқанда, балалар оны қалай ұғынады дейсіз? Сондықтан да дүниежүзілік азамат болуға асықпай, алдымен қазақ тілінде сабақ беруді жөндеп алайық. Мектептегі жалпы барлық пәндерді оқытудың сапасын көтеру мәселесін әлі шеше алмай жатқанда, ойланбай, зерттемей жасаған ұсыныс реформа емес, «жығылғанға жұдырық болады».

Ал біздің балалар эксперимент жүргізетіндей қоян-тышқан емес, олар — еліміздің болашағы.

Болашағымызға тағы бір рет балта шаппай, дайын тұрған оқу жүйесін бұзбай-ақ, білімді басқа тиімдірек әдіспен жетілдіру керек, — дейді ол.

Өзінің еңбек тәжірибесінен мысал келтірген Алғатбек Қыдырбек-ұлы үштілділік деген реформаның көзін жою керек, деген ұсынысын тарихтың терең түкпірінен бастап дәйектейді

Оның пікірінше, көне заманнан бері келе жатқан түркілер тарихында тура осы негізде арыстар мен түркі-монғолдарының көзі жойылып кеткен.

Қазір сақтардың бірнеше тайпасы үнді, грек болып жүр

IV мың жыл бұрын Үндістанды басып кірген ари-сақтары (Арыстар) үнділерге өктемдігін жүргізгісі келіп, үгіт-насихат үшін үндіше сөйлеп кеткен. Соның салдарынан Сақия деп аталатын ел үндіше Шақия патшалығы деп атанды. Көне үнді аңыздарында үнділердің құдай деп сыйынатын Гаутама Будда – Шакия Муни, яғни, сақ ханзадасы деп көрсетіліп кете барады.

Қазір ол сақтардың тұқымы үнді болып жүр, оларды енді сақ деп дәлелдеп көріңіз!

Сол секілді б.з.д. VI-VIII ғасырда арийлер Қаратеңіздің солтүстік жағалауынан Микен атты көне грек елін басып алады. Олар да грек-микен тіліне көшіп жер бетінен жоғалды.

Ұлы басқыншы Шыңғысханның немересі Құбылай қалай қытай болды?

XI ғасырда Қытайды басып алған қидандардың ол елде аты ғана қалды. Бодан ханьдардың тілінде сөйлеймін деп жүргенде, олар қалай қытай боп кеткендерін білмей қалды. XII ғасырда Махмұд Ғазнауи өз әскерімен Үндістан жерін қанға бөктіріп, иеленді.

Алайда Ғазнаға бағынған үнділер басқыншыларға тіл жағынан бағынбады, ақыры ғазнауидтердің жер бетінде ізі де қалмады.

XIII ғасырда Шыңғысхан немересі Құбылай жаулап алған Қытайда хан болып сайланды. Бірақ ол қытайша сөйледі, салдарынан моңғолдар тұқымы қытай болып кетті.

Қазір орыстың сойылын соғып жүрген Жириновскийдің ата-бабасы, керісінше орысты құл еткен

XIII ғасырдан XVIII ғасырға дейін орыс жерін билеп-төстеп тұрған монғол-татар ұрпақтары ақсүйектер тілі – түркіден арылып, өзінің малай-құлдары – мұжықтардың тіліне көшті. Сөйтіп, орыс болып, кейінгі кезде шалаорыстығын көрсеткісі келмей, шовинистік жолға түсті. Сондай сіңбенің бірі — өзінше орыспын деп жүрген Жириновский.

Иә, су ішкен құдығына түкіріп, су сабындай жылтылдап орыстарға жағына беретін Жириновский. Міне, бір тілден кеткен қате ұрпақты қалай „маймыл„ етіп, бүтін ұлтты қалай жояды дейсіз?

Бабырдың немересі Акбар патша қазір үнді ақыны атанып жүр

XVI ғасырда Захиреддин Бабыр патша әрі шағатай тілінде шығарма жазған ақын өз әскерімен Жетісудан кетіп, Үндістанды иеленеді. Сонда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрды. Бірақ олар да алдыңғы ұлы басқыншылардың қателігіне ұрынып, жергілікті тілді меңгерді. Сөйтіп, Бабырдың немересі Акбар патша үнді ақыны болып тарихта қала берді. Сол секілді орта ғасырларда Иран елін басқарған түбі түркі – Ақ-қойюнлу, Қара-қойюнлу, Сефевидтер, Қажарлар әулеттері парсы тіліне көшіп, ақырында парсы болып кетті.

— Міне, осы мысалдардан көріп отырғандарыңыздай, қытай, үнді, парсы сияқты қалың елдер ғасырлар бойы түркі әскерімен соғысып, территориясын берсе де түрлі қыспаққа қарамастан, рухын, тілін бермеді. Ал, қазір көріп отырғандарыңыздай, тарих басқыншы емес, ұлттық рухын, онда да тілін сақтаған ұлттарды мейілінше марапаттап, өміршең етіп отыр.

Қанша жерден жау жүрек, жауынгер халық болса да түркілер мен моғолдар ұрпағы бодан еткен елге тілдің кесірінен сіңісіп кетті,

— дейді Алғатбек Қыдырбек-ұлы.

Тарихи қателікті сабақ еткен тек салжұқтардан бастап, кейін осман түріктері ғана өз тілін мемлекеттік мәртебеде ұстап, басқа тілдерді ресми деңгейге жақындатпады. Олардың елі әлі де күшінде. Бұдан шығатын қорытынды – ана тілін сақтағандардың елі де сақталып, тарихы өміршең болады.

— Қай этнос көп болса, соған жалтақтау керек, деген бізде жалған түсінік бар. Сонымен біз осы күнге дейін орысқа қарағыштап келдік. Бұл мүлде дұрыс емес нәрсе. Мысалы, 1920 жылы Түркияда нағыз түріктердің саны 33 пайыздан аспады.

Міне, сол кезде Кемал Ататүрік өз елінің тұрғындарының ұлтын түрік деп жаздырып, түрікше сөйлеуді міндеттеді. Ақырында, Анатолияның грек, ерман (армян), парсы, араптары мен тағы заты басқа этностар түрік болып есепке алынды. Түрік деп атануды өзге этностар мәртебе санады.

Сол кезден бері ХХ ғасырдың аяғына дейін дүние жүзіндегі жалғыз түркі мемлекеті Түркия ғана болып тұрды. Міне, осыдан кейін Кемал Ататүрікті қалай ұлы тұлға деп мойындамайсыз?! — дейді сарапшы.

Егер тағы жиырма шақты жыл кеңес үкіметі аман тұрғанда (КСРО құрығанына құдайға шүкір!) біз масқарамыз шығып, азиалық нәсілді орыс болатын едік! Рас қой, бұл…

Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болса да Қазақ мемлекетінің іргесін құрайтын үш мәселе – тарихы, тілі, жері өткен тарихтың бұрмалауынан әлі айыға алмай жатыр. Демек, рухымыз әбден әлсіреген. Енді оның үстінен үштілділік сынды миссионерлік реформалармен төпелеуге жол бермеу керек!

365info.kz

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: