|  |  |  | 

Жаңалықтар Шоу-бизнис Әлеумет

Қайғылы терактіден соң «Музарт» тобы Ақтөбеге арнайы келіп, тегін концерт қойды

Қайғылы терактіден соң «Музарт» тобы Ақтөбеге арнайы келіп, тегін концерт қойды

Терракт оқиғасынан кейін қазақстандық өнер жұлдыздарының ішінде «Музарт» тобы алғашқылардың бірі болып, Ақтөбеге арнайы келді. Танымал топ халықтың еңсесін көтеру үшін тегін концерт қойып кетті.

Орталық саябаққа ағылған ақтөбеліктердің санында есеп жоқ деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Қазалы отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Жазықсыз жапа шеккен жандардың барлығына сіздермен бірге екенімізді білдірейік деген ниетіміз бар. Біз сіздерді жылатуға емес, жұбатуға келдік, ағайын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Баршамызға тыныш мемлекетте ғұмыр кешуге нәсіп етсін. Ұрпақтарымыз адаспасын, болашағы жарқын болсын! Көзімізден шыққан жас тек қуаныштың жасы, қуаныштың тамшысы болсын дегіміз келеді», – деді Сәкен Майғазиев.

Бес мыңнан аса тұрғын «Музарт» әндеріне биледі. Халықтың ықыласы шексіз. Ақ жаулықты аналар, жастар, бүлдіршіндер бейбіт күннің әндерін тыңдады. Жұлдызды топ 15 жылдықтарына арналған концерттерін Ақтөбеден бастап жатқандарын айтты.

«Биыл біздің топқа 15 жыл. Қуанышымызды Ақтөбе қаласынан бастап жатырмыз. Сіздердің ақ баталарыңызды алуға келдік. Еңселеріңізді көтеруге, жақсылықты, бейбітшілікті насихаттауға келдік. Исламға кір келтіріп жүрген түрлі ағымдардан аулақ болайық. Ата-бабаларымыз тер төгіп жеткен Тәуелсіздігімізді құрметтейік»,- деді “музарттықтар”.

Концертке Бердібек Сапарбаевтың өзі арнайы келіп, «Музарт» тобына ақтөбеліктердің атынан алғысын айтты.

«Елдегі болып жатқан жағдайға бей-жай қарамай, ақтөбеліктердің көңілін көтеруге келген сіздерге рахмет. Кешегі оқиғадан кейін бұл жігіттердің өздері «Ақтөбе жұртына тегін концерт жасайық» деген ұсыныс жасады. «Халықтың көңілін көтерейік, қасында болайық» дегендері біздің, елдің мерейін өсіреді. Сондықтан сіздердің аттарыңыздан осы топқа шығармашылық табыс тілейміз. Мемлекетіміздің абыройын арттыра беріңіздер. Елімізде тыныштық, берекет болсын. Әр отбасы балаларына жақсы тәрбие, білім берсе, бізде тыныштық та, берекет те, абырой да болады», – деді Ақтөбе қаласының әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Музарт» тобы Оңтүстік Астананың жалынды салемін ақтөбеліктерге әнмен жеткізді.

Related Articles

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды

    Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды

    Nurmukhamed Baigarayev Осы аптада Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды деген ақпарат тарады. Жақсы жетістік. Бірақ енді сәл-пәл үңілсек, чиптің архитектурасы Назарбаев университетінің зертханасында жасалған, бірақ оны Қытайда өндірген. Себебі бізде әлі чип өндіретіндей технология жоқ. Бір қызығы, қытайлық институт чипті тегін шығарып берген. Оған да рақмет, әйтпесе ол қызметтің құны қымбат. Бұл жобаның жетекшісі (суретте) енді ол чипті қайда қолдануға болады деп тестіден өткізіп жатырмыз депті өз парақшасында. Оған қоса, чип сәл-пәл қалыңдау сияқты. Смартфондарда 5-7 нанометр чип орнатылады, отандық чип 28 нанометр екен. Өзім таңқалған бір факт оқыдым. Микрочип шығаруда әлемде танымал болған компаниялар Арменияда өз офистерін ашып үлгеріпті. Ол AMD, NVIDIA, Xilinx, Synopsys, National Instruments, Mentor Graphics

  • Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты.

    Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты.

    Nurmukhamed Baigarayev Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты. Биыл бұл универде оқу шығыны жылына 83 мың долларды құрайды екен. Осындай жаңалықтарды оқығанда дұрыс капитализмнің мысалын көремін. Бақуат капиталистер ірі оқу орнын қаржыландырды. Басқа да табысы көп. Бүгінде эндаумент қорда 52 миллиард доллардай жиналған. Сол ақшаға табысы аздау отбасының балаларын тегін оқытып, қайырымдылық жасай алады. Содан тек байдың баласы ғана емес, қарапайым отбасыдан шыққан бала да әлемнің үздік универінде оқуға мүмкіндік алады (ол үшін алдымен грантты жеңу керек). Бұдан қоғам тек ұтады, мемлекет дамиды. Яғни, қайырымдылық жұрттан жылу жинап, от случая к случаю жасалмайды, жиналған нақты ақшаға, жоспарлы, жүйелі түрде іске

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ