“БАЛА ӨЛГЕНШЕ ШАЛ ӨЛСІН!”
Бүгін – 25-маусым! Ақ патшаның қазақтан окоп қазуға бала алатыны жөнінде июнь Жарлығы шыққанына тура 100 жыл! Бұл ғасырлық ұлт-азаттық күресінің басталған күні. Аманкелді, Кейкі, Әбдіғапар, Тоқаш, Бекболат, Ұзақ, Жәмеңке т.б. ондаған қаһармандарымыз халықты бастап “Бала өлгенше шал өлсін!” деп найза, қылышпен зеңбірекке қарсы шыққан күн. Бүгіннен бастап рамазан айының ауызашарларында, Ораза айт пен жұма намаздарымызда ұлт үшін жаны құрбан болған сол шейіттерге арнап дұға бағыштауды ұмытпайық. Марқұмдардың иманы саламат болсын! Ата-бабаларымыз армандаған күнге жетейік!
Пікір қалдыру