|  | 

Әдеби әлем

КӨКБӨРІ МҮБАРАКТІҢ БАЛАЛАР ӨЛЕҢІ

САУСАҚ – БАҚАЙ , АҚБАҚАЙ!

 

__ Саусақ – Бақай,

Ақбақай!

Саусақтағы ат қалай?

Айтып шықшы тоқтамай.

 

__ Бірінші саусағым – Бас бармақ ,

Ойнымнан қалай бос қалмақ?!

Екінші саусағым – Балалы үйрек,

Тұмсығы оның қарала имек.

Үшінші саусағым – Ортан терек,

Бүкіл орманға болған керек.

Төртінші саусағым – Шүлдір шүмек,

Біз деген қызғалдақ бүлдіршін ек.

Соңғы саусағым – Кішкене бөбек,

Сүйкімді туылып түскені ерек.

 

__ Саусақ – Бақай,

Ақбақай!

Бақайдағы ат қалай?

Айтып шықшы тоқтамай.

 

__ Бірінші бақайым – Башбай,

Суға алдымен батқай.

Екінші бақайым – Балашбай,

Башпаймен күнде таласқай.

Үшінші бақайым – Тоқ бөдене,

Түйемді байқап жүр шоқ келеде.

Төртінші бақайым – жым көжек,

Құлағын қайшылайды күнде ерек.

Соңғы бақайым – Ұйқышы марғау,

Төрт ағам бар деп ұйқысы қанды-ау…

 

ПАЙ, ТАБИҒАТ

 

Балпаң-балпаң басайын ба,

Балпанақтардың көңілі үшін .

Таңдайға бояу шашайын жә,

Гүл-Таңқурайдың ерні үшін .

 

Қолтырауын көшкен қара су,

Көлеңкесі суда қиналды.

Өмір озу мен адасу,

Таңдайына шабақ жиналды.

 

Тастар жиналып сөйледі,

Тәңіріні тыңдайды – ұлы иені.

Зебраның ала барқыт көйлегі,

Ханшайым етті дүниеі.

 

Арыстандар аңырған ақ шалғын,

Сағынышым қалған қырқадай.

Не үшін садақ оқтармын,

Ғұмырды сүйсінші бір талай.

 

Ымырт жапырлап жауып  тұр,

Қабылан қасынған қара тас.

Дүниенің сиқырын анық біл,

Дүние ертең қарамас.

 

Піл маң-маң басқан алаңқай,

Алақанымда тұрғандай.

Жираф бедерін қызықтаған қарағай,

Өлеңге мойын бұрғандай.

 

Шашын сипаған шалғындар,

Қуалап кетті жылқымды.

Табанымды құшағыңа алдыңддар,

Жапыруға бердім бұл түнді.

 

Пай, табиғат,

бақытты адамбыз,

Ашкөз көзідеріміз тоймасын.

Сайгүлік жануарларға алаңбыз,

Ақындар соны да ойласын!

 

______________________________

 

*балпанақ – пингвин.

*қолтырауын – крокодил.

 

 

 

ЕРТІСТЕГІ АПАЛАР ЖӘНЕ МОНАЛИЗА

 

Бал бұлақтар Есілге құлай ағып еді,

Шуылы асқынып теңізге сенбеген.

Монализа өзі бір әйел ғана еді,

Сиыр емшегін ұстап көрмеген.

 

Түбіттер шулап, күзем сазында,

Бұйра жүндер қыдырғанда белдерге.

Абай ыңғайланды өлең жазуға,

Көзін жылтыратып көлдерге.

 

Монализа оның есіне келмейді,

Жүн түте білмес қоңыр қыз.

Күндер лүпілдейді… кешіге бермейді,

Маңдайға жаудырды өмір мұз.

 

Шашын жалбыратып жетіп айна көліме,

Монализа үңіле көрмесін.

Қара тасқа көздері сайра деді ме,

Суырлатып құлақ пердесін.

 

Қыраттарды қыдырып өте алар еді,

Монализаның қолынан келері.

Римге апаларым кете алар еді,

Мама биелер жоқ онда себебі.

 

Жапырақтың толар шуылға әр уысы,

Күздің таңдары бұрқырап атса.

Теңселер бізде құлындар дауысы,

Венеция қайығы тыпырлап ақса.

 

Аспанға қарап аңыра білді,

Осы бір тәкаппар Апеннин қызы.

Біздегі өркештенген тағылау күнді,

Үнсіз шымырлатты әкемнің жүзі.

 

Ілінеді екен күміс сарайларға,

Бекер бір әйел бейнесі.

Ертіс жұрттарына дұрыс қарамай ма,

Давинчи аға да кейде осы.

 

 

ӘСЕМ ТӘБИҒАТ

 

Көктем.

Құстар келсе сапарынан оралып,

Қар көшеді қияндағы

Сарайына жол алып.

Сәлем берсем, бас изеді

Күлімсірей қол алып.

 

Төрт түлігім қандай күйде қаралық?

Алыпты ғой әйтеу өзі молайып.

…ақ күпісін лақтырды да жіберді,

Күйіп-пысып қалғаны сол тарайып.

 

Жаз.

Саған деген сағынышым – сары сай,

Ашушаң бұлт ашуланса

ешкімді де танымай.

Найзағайдың көтере алмай қалжыңын

Жылап етті. Сәби-ай!

 

Барлық әлем жасыл пүліс – ұжымақ,

Дүниенің тындыруда жұмысын

Жан-жануар құмырсқадай құжынап.

Той жасайды араларым дамылсыз,

Гүлбикенің шырын деген қызын ап.

 

Күз.

Бұйрықшының ордасы бұл -

Алтын дәннен қаланған.

Алтын әлем таба алмайсың

Бұдан өзге ғаламнан.

Анау, анау көлдерімде соңғы рет,

Айналайын, аққуларым таранған.

 

Сол бұйрықшы бір күні:

Әлемдегі мың-миллион нөкеріне бұйырып,

Ертеректе егіп қойған дәндерін,

Екі-үш айда болсын деді жиылып.

Нөкерлері тағзым етті қиылып.

 

Бозаңдығын ұмытқан ба боз далам?!

Сазды әуендер сабырыңды ап маздаған.

Сағыныштың сары ішегін қозғаған,

Тәбиғатым талантыңа мәз болам.

 

Қыс.

Тәбиғаттың ұлымын,

Әппақ әлем шақырады:

Келе ғой деп құлыным.

Моржаларым нені ойлап тұр

Сорады ұзақ шылымын.

 

Қарға түскен қалың іздер

Сірә, қайда барады?

Қыс мінезі ― қомағайдың араны.

Тәбиғаттың тамылжыған үнін-ай,

Соңғы нүкте ―

Тыныштықтың аралы.

 

АПАНАҚТЫҢ АСПАНҒА ТЕҢСЕЛУІ

(фантастика)

 

Тоңқиып жатсам көк бұлттар,

Жүріп өтіпті ғой арқамнан?!

Ебеусіз самал толқытты ән,

Аспанға берілем шалқамнан.

 

Аспандағы бурыл үйлерге,

Бурыл қараймын меңіреу.

Көкке бұлықсыған күй менде,

Ғарыштан керек жерімеу.

 

Бурыл аспанның үйлері,

Бұлдырап қалқып биікте.

Жанымды ләззат түйреді,

Аспанды менше ешкім сүйіп пе?!

 

Аспанға теңселіп отырам,

Бурыл бұлтқа ұқсап билеймін.

Жұлдыздарымды апанға шақырам,

Келмей қояма білмеймін …

 

Келмей қойды ғой жұлдыздар,

Мені аю дейсің жердегі.

Өтпейді меннен мүлде ызғар,

Балықтар мақтады көлдегі.

 

… Балықтар мақтап жүрген соң,

Өзенге бір күні шомылдым.

Өзен асты етті бір кемсең,

Шабақтың еліне көмілдім.

 

Шабақтар у-шу мұндай бір,

Балықтардан ақыры ұялып…

Жағаға шықсам

мені сызғай тұр,

Бір ғалым қағаз, сиа алып…

 

Ұялып кеттім де ғалымнан,

Тоңқалаң астым аямай.

Тікенектер кіріп қарнымнан,

Қарным қан болды аядай.

 

Эһ, тоңқиып жатсам көк бұлттар,

Жүріп өтіпті ғой арқамнан.

Ыңырсыған шөптер толқытты ән,

Жата берейінші оу шалқамнан.

 

_________________________________

* Апанақ – Аюдың баласын осылай атайды .

(СОҢЫ)

kerey.kz

 

 

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла – кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат. Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен. Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы «жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу ғұмырының мәніне айналған жастарды

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: