Еуропа төрінде Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойы аталып өтілді(Фото)
Қазақ халқының еркіндігі жолында шейт болған Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойы Еуропа елдерінде жалғасын тапты. Ораза айында 17-маусым Лондон қаласында, 18-маусым Берлин қаласында, 19-маусым Париж қаласында, 25-маусым Амстардем қаласында Еуропадағы қазақ ағайындар мен батыр ата ұрпақтары бірлесіп ұйымдастырды.
Зуқа батыр- 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады. Биыл батыр бабамыздың туғанына 150 жыл толды.
Еске алу шаралары Қазақстан, Германия, Австрия, Англия, Америка, Түркия, Қытай, Моңғылия, Ресей сынды 10 шақты елде жүргізіледі.
Жұмабай Мәдібайұлы
Пікір қалдыру