ЯДРОЛЫҚ ӨКІНІШ
Қазақстан бүгінде ядролық державалар қатарында жоқ. Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіз Қазақстан қолданудың техникалық мүмкіндіктері аз деген желеумен ядролық қарудан бас тартты. Шындағанда мамандар да табылатын. Күші мен саны жағынан әлемде төртінші орынға табан тіреткен сол ядролық қару қолымызда болғанда ғой Ресей бізге қазіргідей қоқаңдамас еді. Қазақстандағы орекеңдер де аузын аша алмас еді. Қытайлар да жер сұрап мазаламайтын. Өзбектер шекарада басынып қазақтарға оқ атпайтын. Әнеки, байғұс Ясир Арафат бізге бір емес екі рет келді ғой «әлемдегі ядролық қаруы бар екінші мұсылман мемлекетісіңдер, бермеңдер» деп. Тыңдамадық. Ресейге беріп жібердік. Әрине ол қаруды Қазақстан қолданбайтыны анық. Бірақ әлемді бізбен санасуға мәжбүр ететін еді. Өйткені көрші елдер тек күшті ғана мойындайды. Сондайда кәдімгідей айбар болатын еді. Енді міне, отырмыз, не экономикалық өрлеу жоқ, не шведтердің сыйлығы жоқ.
Пікір қалдыру