|  |  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді Әлеумет

АЛАКӨЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Биыл түрлі халықаралық жағдайлардың салдарынан Алакөлдің бәсі артып тұр. «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» демекші, еңбек демалысының соңғы аптасында сол Алакөлімізге аяқ матырудың сәті түсе кеткені. «Аға, Алакөлдегі демалыстың жай-жапсарын айтыңызшы, баруға бола ма?!» деп сұраған желідегі достарымыздың сауалына орай көрген-білгенімді ортаға салайын.

ЖОЛ. Алакөл Алматыдан 670 шақырым қашықтықта. Ұшақпен бір адамға Үшаралға барып-қайту бағасы – 44-50 мың тг. Поезбен барып-қайту – 12-16 мың тг. Билет табу өте қиын. Ыңғайлысы автобуспен немесе жеңіл көлікпен бару. Бірақ Талдықорғаннан ары, әсіресе Сарқаннан ары қарай жол өте нашар. Тұсаулаған аттай жүрісің өнбейді. Сондықтан жеңіл көлікпен жол – Алматыдан 9-11 сағат. Біз демалған Ақши демалыс аймағы Үшарал қаласынан – 60 шақырым, жұрт көбірек баратын Көктұма ауылы – 70 шақырымдай жерде.

СУ. Алакөлдің Көктұма жағалауында су астынан бірнеше тұма көздері көлге құйылып жатады екен. Содан болса керек, суы Ақшиге қарағанда суығырақ. Жылы су іздегендерге Ақши қолайлы. Көлдің суы – ащы. Шомылу мерзімі қысқа – екі ай ғана, маусым айының соңы мен тамыз айының 15-20-сына дейін. Жағасында шунгит деген қиыршық тас. Құм жоқ десе де болады. Емдік шипасы мол шунгиттік балшық ұсынылады. Жағалауда киім ауыстыратын орын, шайынатын душ кездеспейді.

ЖАТЫН ОРЫН. Ақшиде демалушыларға арнап салынған пансионаттар, демалыс үйлері, қонақүй сипатындағы барактар, тас үйлер, киіз үйлер баршылық. Оларды интернет арқылы тауып алу оңай. Делдалдарсыз қожайындармен тікелей келіскен ұтымды. Бағасы бір орынға Көктұмада 4 мың теңгеден бастап, Ақшиде 5 мың теңгеден бастап 20 мың теңгеге дейін. Бұған күніне үш уақыт тамақ кіреді. Сөз арасында айта кетейін, мешіт бұл маңда тек Көктұмада ғана бар. Жұма намазға сонда баруға болады. Таксидің апарып-алып келуі 3-5 мың теңге.

АУА РАЙЫ. Алакөлдегі ауа райы құбылмалы. Аяқ астынан жаңбыр құйып жіберіп, лезде ашылып кете береді. Біз болған бір апта ішінде төрт күн ашық болды да қалған күндері бұлт қоюланып, мінезін ішіне тартып оң қабақ бермеді. Бірақ оған қарап жатқан жұрт жоқ. Таңғы бесте барсаң да суға шомылып жүргендерді көресің.

МАСА. Биыл ауа райының ылғалды болуына байланысты Алакөл жағалауында маса баршылық. Сондықтан кешке және түнде дененің ашық жерлерін масадан қорғайтын спрей, крем пайдаланған тиімді.

БАЙЛАНЫС. Ақшиде «Билайн» болмаса «Актив» онша ала бермейді. Қалтафонға ақша құятын дүкен де, терминал да жоқ. Сондықтан ол жаққа жол жүрерде осыны ескеру керек. Ұсақ-түйек, сусын, сабын, үрленбелі баллон, т.б. сататын шағын дүкенсымақтар бар. Газет-журнал мұнда болмайды. Ал аптека атымен жоқ.

ТАЗАЛЫҚ. Пансионаттарда таң ертең беті-қол жуатын жылы су бола бермейді. Монша қажет болса оған алдын ала тапсырыс беру керек. Көл жағасы лас. Жағалауда туалет жоқ. Қоқыс тасталатын контейнерлер уақытылы жиналмайды. Шашылған пластик шөлмек, қажалған жүгері собығы, консерв қалбыры, жыртық пакеттер, тамақ қалдықтары… Тамақ қалдығына үймелеген көк шыбын. Шомылушы адамдар көбіне «өзінен кейін дүние өртеніп кетсе де бәрі бір» қағидатын ұстанған. Жағалау әлеуметтік бильбордтарға мұқтаж.

ТІЛ. Неге екенін кім білсін, Алакөлде ағылшын тілі мен қазақ тілінде сөйлейтіндер жоқтың қасы. Орыс тілін опырсаңыз – жетіп жатыр. Мұнда мемлекеттік тіл мәселесі үшін де әлеуметтік бильбордтар ауадай қажет.

ОЙЫН-САУЫҚ. Алакөл жағасында инфрақұрылым енді ғана қалыптасып келеді. Сондықтан балалар ойнайтын аквапарк, балалар алаңшасы сияқты ештеме жоқ. Жабайы тіршілік. Жергілікті жігіттер моторлы қайықпен, су велосипедімен (3-5 мың тг) серуендету қызметін ұсынады. Екі кісілік делтапланермен көкке көтерілу жарты сағаты 12-15 мың тг.

ҚАУІПСІЗДІК. Өзіңіздің, балаларыңыздың қауіпсіздігін өзіңіз ойламасаңыз басқа ешкім бас қатырмайды. Жағалау қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер адам серуендетумен айналысып кеткендей көрінді. Жағалаудан 8-10 метр әріден тереңдік басталады. Балалар қауіпсіздігін өзіңіз алдын ала ойластырып алыңыз. Ұл-қыздарыңызды су ішінде қараусыз қалдыруға болмайды.

БАЛЫҚ АУЛАУ. Алакөлде соңғы жылдарда балық күрт азайып кеткен. Тіпті көрші балық шаруашылықтарының өзі жұмысын доғарған көрінеді. Жалданған қайықтармен (сағаты 5 мың тг) көл ортасына таман барып аулағандар жарты күнде екі-үш алабұға, табан ұстағандарын айтады. Көл жағасынан қармақ салғандар арасынан жеті күнде ұзындығы 10 см екі балық ұстаған адамды ғана көрдім.

ТҮЙІН. Алакөлдің ең кереметі – оның суы. Сондықтан түрлі қолайсыздықтарды, сервистің кемдігін, антисанитарияны сол судың емдік қасиеті шайып кетеді. Судың жылылығы: түнде – 21-22 градус, күндіз, әсіресе түс ауа – 26-27 градус. Тәуекел бәрін жеңеді. Суға бір сүңгіп шыққанда сапарыңыздың босқа кетпегендігіне көзіңіз жетеді. Жоғарыда айтылған ақпарат Сіздің Алакөлге барар алдында дұрыс шешім қабылдауыңызға, қажетті заттарды түгендеп алуға көмегі тисе болғаны. Жағасында Қабанбай бабамыз атын шалдырған, сарбаздарының жарақатын емдеткен қасиетті Алакөл Сіздерді күтеді!

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: