|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Спорт Шоу-бизнис

Левиттің жеңілгені Олимпиададағы дауға айналды

Қазақстандық боксшы Василий Левиттің соққысынан құлап жатқан Ресей боксшысы Евгений Тищенко. Бразилия, Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Қазақстандық боксшы Василий Левиттің соққысынан құлап жатқан Ресей боксшысы Евгений Тищенко. Бразилия, Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Рио олимпиадасында бокстан 91 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бәсеке финалында төрешілер шешімімен ресейлік Евгений Тищенко – алтын, қазақстандық Василий Левит күміс жүлде алды. Алайда бокс сарапшылары мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразы.

Левит рингте өте белсенді болды. Үш раунд бойы шабуылдап, қарсыласына біраз соққы дарытты. Ал ресейлік боксшы кездесу бойы қорғана жүріп, қарсыласу тактикасын өзгертпеді. Үшінші раундта Левиттен ауыр соққы алған Тищенконың қабағы жарылып, дәрігер көмегіне жүгінді.

Василий Левит пен Евгений Тищенко кездесуінің бір сәті.

Василий Левит пен Евгений Тищенко кездесуінің бір сәті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Ирландия, Колумбия және Алжирден келген төрешілер жеңісті Тищенкоға берді. Бокс өтіп жатқан Rioсentro кешеніне жиналған барлық жанкүйерлер төрешілердің шешіміне наразы болып, ұзақ уақыт гуілдеп, ал рефери Ресейлік боксшының қолын көтерген сәтте бүкіл залдағы көрермен «Қазақстан» деп айғайлап тұрып алды. Василий Левиттің өзі таңданысын жасыра алмай, басын шайқады.

Марапаттау рәсімінде де Василий Левит тұғырға көтерілген сәтте жанкүйерлер оған ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті. Боксшының өзі тұғырда көз жасын сүртіп тұрды. Ал ресейлік Тищенко алтын алғанда залдағы көрермендердің барлығы дерлік қарсы екенін білдіріп жатты. Бірақ Левиттің өзі қолын көтеріп, олардан тыныштық сақтауды сұрады.

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙЛІК ТАРАПТЫҢ ПІКІРІ

Финалдық кездесуден кейін спортшылар журналистерге сұхбат беретін микст-зонада Ресей мен Қазақстан журналистері біраз сөзге келіп, егесіп те қалды. Қазақстан тілшілері финалдың әділ болмағанына наразылық білдірсе, Ресей журналистері «Тищенко сауатты қорғана жүріп, соққыны аз жасаса да дәл тигізгенін» айтып жатты. Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов «сөзім жоқ» деп қысқа қайырды.

Финалдан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Василий Левиттің қолын көтеріп тұр. Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Финалдан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Василий Левиттің қолын көтеріп тұр. Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Василий Левит медалін алған соң «Жеңдім деп ойладым. Бірақ жан-жақта отырған төрешілер басқа жекпе-жекті көрген сияқты. Бастысы жаттықтырушылар қойған барлық тактиканы орындадым. Олимпиадаға келген барлық спортшы чемпион болуға келеді. Бірақ бұл жолы бір саты төмен тұрамын» деді.

Ал Ресей боксшысы Тищенко «Кездесудің қорытындысы туралы айту қиын. Егер мен әділетсіз түрде жеңіске жетсем, қарсыласымнан кешірім сұраймын. Мен жеңіске жеттім бе, әлде ұтылдым ба – толық түсінбедім. Секунданттарым да білмеген болар. Кездесудің нәтижесін күтіп тұрдым. Жеңіс маған берілгеніне өте қуаныштымын» деп жауап берді.

Марапаттау кезінде Ресей боксшысы Евгений Тищенко Қазақстан боксшысы Василий Левиттің қолын алып тұр. Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Марапаттау кезінде Ресей боксшысы Евгений Тищенко Қазақстан боксшысы Василий Левиттің қолын алып тұр. Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Ресей бокс құрамасының бапкері Александр Лебзяк «Тищенко екі раундта жеңіске жетті. Алғашқы екі раундта Левитке бапкерлері жеңіліп жатырсың деп ескертсе керек. Ол үшінші раундта көп соққы жасай бастады. Төрешілерге біз әсер ете алмаймыз. Бірақ Тищенко таза жеңді» деді.

#LEVIT

Финал шешімі шыққаннан кейін Twitter әлеуметтік желісінде бокс сарапшылары мен жанкүйерлер Левиттің жеңіске жеткенін, төрешілердің шешіміне наразылығын білдіріп жатты. Сөйтіп қазақстандық боксшыны қолдау үшін #Levit хэштегі ашылды.

Бокс промоутері Лу Дибелла Twitter парақшасында “Менің ойымша, AIBA – мафия. Бұл – тарих үшін де, Олимпиада үшінде масқара” деп жазды.

Бокс сарапшысы Дэн Рафаэль “Рио ойындарындағы бұған дейінгі кездесулерде төрешілер жақсы жұмыс істеп еді. Бірақ бүгінгі (Тищенко-Левит матчы) төрешілердің жұмысы жаман, өте жаман” деген пікір білдірді.

Most of the judging I’ve seen in the Olympic  tourney has been good. But that gold medal heavyweight scoring was bad. Very bad.

Кәсіпқой боксшы Серхио Рамирестің пікірінше, “Бұл жекпе-жекте Қазақстан боксшысы жеңіске жеткен”. Ал Райан Чик есімді жанкүйер “Левитті таза жығып берді. Левит 30:27 есебімен жеңді деп ойлағам. Екінші раунд тең болған шығар, бірақ бірінші және үшінші раундта ол таза жеңді. Әділетсіз төрелік” деп жазған.

Levit absolutely robbed here. Tischenko UD. I had Levit 30-27. 2nd was close but Levit clearly won 1st & 3rd. Pathetic judging

ЕЛДЕГІ САРАПШЫЛАР

Statsport.kz сайтының редакторы, спорт журналисі Есей Жеңісұлы «Левит жеңілген жоқ, оның күмісін алтыннан жоғары бағалауымыз керек» дейді.

Спорт комментаторы Есей Жеңісұлы. Сурет жеке мұрағаттан алынды.

Спорт комментаторы Есей Жеңісұлы. Сурет жеке мұрағаттан алынды.

- Левит бойы ұзын Тищенконың артылып алып, күшін жоғалтуына мүлде мүмкіндік бермеді. Алыстан соққылар жасады. Бұл Тищенко үшін күтпеген жағдай болды, ол мүлде дағдарып қалды. Левиттің басымдығы күмән тудырмады. 3-раундта жекпе-жекті аялдатып, Тищенко жарақатын өтірік таңбағанда, нокдаунға түсуі мүмкін еді. Содан кейін де Левит бір минут төпеледі. Тищенко қолын көтере алмады. Бокс әділетсіз спортқа айналды. Амал жоқ, көндігеміз, – дейді журналист.

Есей Жеңісұлының ойынша, «Біз енді Левиттің күмісін алтыннан жоғары деп бағалауымыз керек».

- 91 килограмда Қазақстанның бірде-бір боксшысы олимпиадаларға – Атланта, Афина, Сидней, Лондон, Пекин ойындарына қатыспады. Бірінші рет қатыстық және күміс алдық. Оны алтыннан жоғары деп бағалаймын, – дейді спорт тілшісі.

Спорт журналисі Құралбек Ордабаев. Алматы, 10 сәуір 2013 жыл.

Спорт журналисі Құралбек Ордабаев. Алматы, 10 сәуір 2013 жыл.

Ал белгілі ардагер спортшы Құралбек Ордабаевтың пікірінше, Ресей боксшысына жеңісті «төреші алып берді» деу дұрыс емес.

- Біздегі бір жаман нәрсе – ұтылып қалса төреші кінәлі. Бір адам шешпейді, бес кісі отырып Ресей боксшысына берді. Енді журналистер төреші берді дейді, ол дұрыс емес, бес төреші шешімімен ұтылды ма, онда ұтылды. Енді келесі жарыстарға дұрыс дайындалу керек. Төрешілер шешіміне тоқталуымыз керек, – дейді.

Ал AIBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) президенті Чинг-Куо Ву «Төрешілер жұмысын түрліше бағалауға болады, бірақ олар шешімдерін шығарды, ол шешімді құрметтеу керек» деген.

Рио олимпиадасында әлі Қазақстандық үш боксшы жүлдеге таласады. 69 килограмм салмақ дәрежесінде Данияр Елеусінов финалға шықты. Оның қарсыласы – өзбекстандық Шахрам Гиясов. Ал Әділбек Ниязымбетов (81 кг) – жартылай финалда, Иван Дычко (+91 кг) ширек финалда бокстасады.

Василий Левиттің – күміс, Александр Зайчиковтің (ауыр атлет) қола медалімен тамыздың 16-сы күнгі есепте Қазақстан 15-орында тұр. Қазір Қазақстан қоржынында 10 медаль бар. Оның екеуі – алтын, үшеуі – күміс, бесеуі – қола жүлде.

“Азаттық” радиосы

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: