ӘЛЕМ МЕМЛЕКЕТТЕРІН ҚАЗАҚША АТАЙЫҚ
Кезінде орысша қалыптасқан атауларды бүгінде құлаққа жағымды түрде Вавилонды – Бабыл, Сауд Аравиясын – Сауд Арабиясы, Россияны – Ресей, Турцияны –Түркия, Швецияны – Шведия, Индияны –Үндістан, Германияны – Алмания, Пакистанды – Пәкістан, Венгрияны – Мажарстан, Японияны – Жапония, Египетті –Мысыр, Норвегияны –Норвей, Голландияны – Қоланд, Римді – Рұм деп жазып жүрміз. Бірақ билік орысшадан ауытқығанды жақтырмайды. Соған қарамастан осы дәстүр жалғасуы керек. Тегінде шет мемлекеттердің атауы ол елді өздері қалай атаса қазақша атауы соған жақын болу керек. Қазір бірқатар басылымдар Францияны –Прансия, Индонезияны –Үнденезия, Сирияны –Сурия, Австрияны – Үтріш (бұл Еуропадағы қазақтардың айтуымен, ал өздері Осстриш деп атайды), Польшаны –Полония, Дон өзенін –Дөң өзені, Филиппинны елін – (Филиппиндер емес) Филиппин деп қолдана бастады. Осыған алып-қосарларыңыз бар ма? Мәселен, Данияны қазақша Данмарк (өздері солай атайды) деп атасақ құлаққа қона ма?
Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру